Атыраудағы орташа жалақы – 292 мың теңге

18.01.2019, 20:00

25

Жақында мемлекет басшысы Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ елдегі отбасылардың айлық жалақысы 500 мың теңге дегенді айтты. Орташа айлық жалақы деңгейі жағынан көбінесе көш басынан көрініп, көптің көзін қызықтырып отырған Атырау облысындағы жағдай нешік? ҚР Ұлттық экономика министрлігі статистика комитетінің 2018 жылдың үшінші тоқсанындағы есебі бойынша мұнайлы өңірдегі «орташа тоқсандық атаулы жалақы» кәсіпкерлік нысандарын қосып есептегенде – 292 025 теңге құрап тұр! Мұның ішінде, жоғары табыс алатындар – өнеркәсіп (526 374 мың теңге), кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу (813 880), өңдеу (308 941) салаларына тиесілі. Ең төменгілері – ауыл, орман және балық шаруашылығы (66 290) мен білім беру (95 883) салаларында.-Орташа айлық жалақы тек қана жұмыс істейтін қызметкерлердің табысынан құралады. Одан бөлек, «жан басына шаққандағы орташа атаулы жалақы» деген бар. Оған отбасындағы жалақыдан бөлек, әлеуметтік көмектер, басқа да транферттер, банктің жинақтар, барлығы есептеліп, шыққан сома халық санына бөлінеді. Бұл орташа атаулы өткен жылдың үшінші тоқсанындағы мәліметке сәйкес, республика бойынша 94 380 теңге, Атырау облысы бойынша 187 771 теңге құрап тұр. «Әр үйдің 500 мың теңге табысы» жөніндегі әңгімеде орташа айлық жалақы емес, осы статистикалық деректер айтылып тұр деп ойлаймын, яғни үйдегі екеу болмаса, үш адамның әр жақтан келіп түсетін табысы бес жүз мыңды маңайлауы керек, — деп түсіндірді Атырау облысының статистика департаментінің директоры Галя МҰХАНҒАЛИЕВА.Осылайша, шақшадай бас одан әрі шарадай болды. Себебі, «орташа айлық жалақың» да, «орташа атауды жалақың» да әлеуметтік жағдайды нақты көрсетіп тұрған жоқ. Әрине, Атырау облысында бір млн.теңге жалақы алатын да, 35 мың теңге жалақы алатын да тұрғындар бар. Екеуін «ортақ қазанға» салып жібергенде 292 мың теңге деген сияқты республикалық көрсеткішті шаң қаптыратын сомалар шыға келеді. Статистика департаменті аймақ жалақысының жоғары көрсеткішіне мұнайшылардың табысы әсер етіп отырғанын жасырмайды. Тағы бір дерек: Атырау облысы бұл рейтингтегі бірінші орында үнемі өзі «иелене» бермей, Маңғыстау облысымен ара-тұра бөлісіп тұрады. Соған қарап, қай жылы қай облыс мұнайшыларының жалақысы өскенін білуге болады.-Атырау облысында 500 мың теңге табатын отбасы халықтың шамамен 30 пайызын құрайды деп ойлаймын. Енді біздің  статистика органдары неге жоғары мәліметтер ұсынатынын түсіндірейін. Қазақстанда, сондай-ақ, бұрынғы кеңестік елдерде орташа айлық жалақыны арифметикалық шаманы есептеу әдісімен, ал батыс елдерінде медианалық әдіспен есептейді. Арифметикалық есептеуде, мәселен, бір ұжымда бес адам елу мың теңге мен 500 мың теңгенің аралығында табатын болса, орташа деңгей 200 мың теңге деп шығарады. Медианалық есептеуде орташа жалақы деп барлық жалақылар көлемі көрсетілген тізімнің дәл ортасы алынады. Мұндағы сома арифметикалық есептеуден әлдеқайда төмен болады. Жалақылар арасындағы айырмашылықтар тым үлкен болғандықтан біз де медианалық есептеу әдісіне көшуіміз керек, — дейді Атырау Мемлекеттік университетінің аға оқытушысы, экономика ғылымдарының магистрі Майра ДӘРІСҚАЛИЕВА. Оның айтуынша, кеңестік экономика кезіндегідей жалақы айырмашылығына дифференциация жасау – қазіргі қоғамдық формация кезінде жүзеге асырылмайтын жәйт. Еске сала кетсек, ол кезде ең жоғары және ең төменгі жалақы арасындағы айырмашылық он пайыз деп белгіленіп, асып кеткен жағдайда теңестірілетін.-Мемлекет оның орнына ең төменгі айлық жалақы көлемін көтеру, бағаны тұрақтандыру сияқты шараларды қолдана алады. Айталық, ең төменгі жалақы күнкөріс минимумымен байланысты болмайтыны айтылып, биыл ең төменгі жалақы көлемі 42500 теңгеге өсірілді, — дейді экономист ғалым.Фото: 7kun.kz  
Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 20.08.2020, 18:13
Су тазарту қондырғыларын жасап шығарады
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 19:15
"Доғарыңдар, ұрмаңдар!". Беларусьте сәрсенбі күні де наразылық акциялары жалғасты
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 16:40
Қазақстанда бір күнде 517 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 02:00
Қазақстан ресейлік коронавирус вакцинасын толық сынақтан өтпейінше сатып алмайды
12.08.2020, 17:29
Қазақстан Ресейдің вакцинасын әзірге алмайды – ҚР ДСМ
Сайт әкімшілігі 12.08.2020, 16:48
Орталық клиникалық госпиталь соңғы науқасты шығарып салды

Аңдатпа


  • Егіндібұлақ елінің еңсесі езіліп тұр
    10:41
  • Мақаншыда «қинау» фактісі бойынша ауыл тұрғыны полиция қолынан қаза тапты (видео)
    19.10.2020, 15:16
  • Ашық хат
    15.10.2020, 10:44
  • Билік жұртта қалған елу отбасыны көшіре алмай отыр
    15.10.2020, 10:38
  • Біржақты қарамайық...
    15.10.2020, 10:30