Атыраудағы "құл базар"

05.04.2019, 21:30

7

Былтыр Атырау облысында 47 млн тоннамұнай өндірілді. 2018 жылдың қаңтар мен қыркүйек айлары аралығында мұнайлыастана Ұлттық Қорға 741 млрд теңге аударып тастады. 2017 жылмен салыстырғанда атыраулықтаркөрсеткішті 13 пайызға асырды. Осындай мол байлықтың үстінде отырған Атыраухалқы жұмыс таппай отыр дегенге нанасыз ба?

Облыс басшысы Нұрлан НОҒАЕВ  журналисттер алдында жұмыссыздардың саны беспайыздан аспатынын айтып жүр. Бірақ Атыраудағы «Дина» базарының маңына барсаңызжұмыс іздеп сапылған жұрт алдыңыздан шығады. ЖасАЛАШТЫҢ өңірдегі тілшісі көпшілік «Құл базар» деп кеткен жерге арнайыбарған еді.

-Сіздене жұмыс бар?

Бұлжерге таяғандарды әрқайсысы бөлек топталып тұрған ерлер мен әйелдер осындайсұрақпен қарсы алады. Жаяу барсаң, сытылып кетуге болатын шығар, көліктіңтерезесінен басыңды қылтитып сұрағанда қиын екен, «мен барам», «мен барам» деп өңмеңдепкеткен жұмысшылар жапатармағай отыруға таласып, есігіңді жұлып кете жаздайды.Кейде «не жұмыс еді?» деп машинаға отырғасын сұрайтындары да бар. ӘңгімеАтыраудағы «Дина» ірі сауда кешенінің артындағы «пятак» деп аталатын орынжайлы. Онда тұрғандар «құл базар» деген атауды жақтырмайды.

-Ешкім ешкімнің құлы емес. Біздіешкімнің олай деп айтқанын естімедік.

-Сондабұл жер қалай айтылады?

-Өзіміз «офис» деп айтамыз, «Нурика»десеңіз де түсінікті («Нур и Ка» жиһаз салоны).

-Неге«офис»?

-Себебі, бұл жер – біздің жұмыс кеңсемізсияқты. Таңертең сегіздерде келеміз, сосын клиенттер келіп алып кетеді.

-Яғни,уақытша жұмыс орындарыңыз ғой?

-Әртүрлі. Мен, мысалы, он жылдан беріосында тұрамын.

Қарсы алдымдағы бәкене бойлы, ортажастағы келіншекке қарап аузымды ашып қалдым. Бір қалада тұрғанмен, «пятак»жайлы білмейтініміз көп екен-ау. Оның «тұрғындары» аты-жөндерін айтқысыкелмегенмен, мұнда келу себептері, «жұмыстың» жай-жапсары жайлы бірін-біріқоштап, бөліп тұрып, айтып берді.

-Онжыл көп уақыт қой, содан бері мамандығыңыз бойынша(бұл жерде дипломды мамандар да жетіп-артылады) жұмыс таппай жүрсіз бе?

-Біріншіден, үкіметтің жұмысы аз төлейді.Елу мың теңге алады екем, оның жартысын пәтерге төлесем, қалғанын бала-шағамақалай жеткіземін? Бұл араға күнделікті шығып тұрсаң, 120-150 мың теңге жасауғаболады. Сосын жалақыға қарап отырмайсың. Күнде тапқаныма ішіп-жейтінімізді алыптұрамыз.

-Қазірбір жерден келіп тұрсыз ба сонда?

-Иә, түске дейін екі адам алты мыңға(әрқайсысына екі мың теңгеден) біреудің шарбағын тазартып келдік. Қазір заказтүссе, тағы барамыз. Бірақ, кешеден бері жаңбыр, күн суық, бүгін жігіттергеекі, қыздарға бір-ақ адам келді (сағат 16.00).

-Қазіркөктем, ал сіздер қысы-жазы осылай тік тұрасыздар. Денсаулықтарыңызға зиян емеспе?

-Таңнан кешке қақшиып тұрмаймыз,арасында жұмыс істеп келмейміз бе? Сосын Атырау онша суық емес қой.

Әңгімеге 40-45 жас шамасындағы ер адам араласты.

-Бізде дұрыс жұмыс болса өстіп тұрамызба?! Биржаға барсам, ылғи 30-35 мың теңгенің жұмысын айтады. Қазір вахтағақұжат тапсырып қойдым, соның хабарын күтіп жүрмін.

-Мәселеқайда жатыр деңіз! Сонда сіздерге тек вахталық әдіспен жасайтын жұмыс керек пе?

-Міндетті түрде емес. Бірақ, вахта жақсығой.

Келесі адам килікті:

-Ал вахтамен неге жасамасқа? Атырауғакім болса сол келіп, жасап жатыр. Ал біз осы жерде туып-өстік. Кейбір мұнайшығатын елдерде сол жерде тұратындарға компенсация төлейді!

-Сізқайдансыз сонда?

-Ганюшкинненмін (Құрманғазы ауданы)…Жігіттер боп пәтер жалдап тұрамыз.

-Сіздіңауданда жұмыс жоқ па сонда?

-Енді… аудан орталығы мен станциябасынан жұмыс табуға болады. Бірдеңе қылып жер алсақ, көшіп келеміз деп жүрікқой.

Сөйлесе келе, «пятакта» Өзбекстан(ішінара Қарақалпалпақстан) сияқты жақын шетел мен еліміздің өзге өңірлеріненкелгендер көбірек тұрады деген ойымыздың да жаңсақ екенін білдік. Араларындажергілікті тұрғындар да аз көрінбеді. Соның ішінде, облыстың ең ірі саналатынҚұрманғазы ауданынан бірнеше адамды кездестірдік. Айтуларынша, Ресейменшекаралас ауданнан қалаға жұмыс істеуге келгендер де, біржола қоныс аударғандарда көп.

Қазақстанның өзге өңірлерінен әлеуметтікжағдайы салыстырмалы түрде тұрақты саналатын көршілес Ақтөбе облысынан өрімдейекі қыздың жүргені таңғалдырды. Айтқандай, елдің батысындағы қалалардан осындайорын Ақтаудың №22 ықшамауданында бар екен. Ақтөбе, Орал қалаларында мұндай жержоқ десті.

-Қалай деуші еді әлгі… «Сұраныс болсаұсыныс болады» дей ме? Біз Атырауға керекпіз. Себебі, халық жалқаулау, көпнәрсені өздері жасағысы келмейді. Қонақ шақырса, бізді тамақ пісіруге, ыдысжууға жалдайды, жазда огородын қазып, арамшөбін жұлып береміз, үйлерінжинаймыз, баласын бағамыз.

-Сіздердімына жерден аяқ асты жалдап алып, баласын сеніп бақтыратындар да бар ма?

-Бар ғой, неге болмасын.

-Алкеліскен ақшаларыңды бермей кететіндер ше?

-Сирек, бірақ, кездесіп тұрады.

Жігіт ағасының айтуынша, осы уақытаралығында олар клиенттің бет-әлпетіне, іс-қылығына қарап, баға беругеүйренген. Кісімсіп, мін тергіштеп, қоқан-лоқы көрсетіп тұрғандарға жоламауғатырысады. Ал «ішімдікке құмар адамдар тұрады» деген кезекті алыпқашпа да «офисте»тұрғандарға ұнамады. «Еңбектеніптапқанымызды араққа жұмсасақ не болғаны» десті. Одан басқа, жалқау, қолыныңсұғанағы бар, мінезі қолайсыз адамдар да бұл жерде көп бөгелмейтін көрінеді.Қарақалпақстан келген Фируза былай түсіндірді: «Бір жолы үш әйел қар күреуге бардық, екеуміз өліп-талып жасадық,үшіншіміз тиіп-қашып жүрді. «Хозяинның» төлегенін теңдей бөлдік те, «сені ендіқоспаймыз» дедік. Кейін андай болғасын басқалар да қоспады. Кетті ғой ақыры».«Хозяиндары» тек қана осы әйелдерге тапсырыс беріп тұратын тұрақты клиенттеріекен.

«Пятак» «Дина» базарының аумағынакірмейді. Дегенмен, үнемі бақылап отыратын учаскелік полицей бар.

-Полицияменқарым-қатынастарыңыз қалай?

-Біз не бүлдіріп жатырмыз? Ұрлықжасамаймыз, төбелеспейміз, тек жұмыс іздеп тұрмыз. Әне, қараңыз, керек болсакамера тұр, бәрі көрініп тұрады.

Солай дегенмен, тәртіп сақшыларыныңқарасы көрінгенде «офисте жасайтындар» тым-тырақай тарап кетіп, там-тұмдапқайта жиналады. Соның ішінде, шетел азаматтарының құжаттарына қойылатын талапқатаң. Олар миграциялық тіркеуден уақытылы өтіп тұруы тиіс.

Мұнайлы астанада қала қонақтарынтексеруге арналған құқықтық шаралар тұрақты өтіп тұрады. Былтыр 17-20 қыркүйеккүні өткен «Заңсыз мигрант» рейді кезінде 447 әкімшілік құқық бұзушылықанықталып, 384 шетел азаматы жауапқа тартылған. Гастербайтерлерге заңсыз жұмысжасатқан он алты жергілікті тұрғынға айыппұл салынған.

Атырау облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру жәнеәлеуметтік бағдарламалар басқармасының жұмыспен қамту бөлімінің басшысыГүлболат АМАНҒАЛИЕВАНЫҢ мәліметінше, қазіргі күніоблыста 7764 жұмыссыз тіркелген, оның 3202-сі уақытша жұмыспен қамтылып отыр.Аудандардан Құрманғазы ауданы бойынша 1309 ресми жұмыссыз бар, оның 497-сіуақытша жұмыспен қамтамасыз етіліпті.

-Бүгінде жұмыс іздегенадамға барлық мүмкіндік бар. Үкімет тарапынан оның түрлі тетіктеріқарастырылған, мамандығы жоқ болса тегін оқытып, стипендия да төлейміз. Басқамамандық алам десе оған да оқытамыз. Жұмыс берушілер тарапынан да сұраныстартүсіп жатыр. Алайда, біздің адамдар жұмыс талғайды. Аз жалақыға барғысыкелмейді, бәрі бірдей мұнай компаниясына қайдан тұрсын! Кейде өзім де«алпыс-жетпіс мың теңгеге неге бара бермейсің, нандық пұлыңды табасың ғой, бізде сондай ақшаға жүрміз» деп айтамын, — дейді Гүлболат ЕКПІНҚЫЗЫ.

-Мен жаңа ғана жұмыс іздептұрған бірнеше адаммен сөйлестім. Жалақының аздығынан бөлек, уақытылыбермейтініне де шағымданғандар болды.

-Жұмысқатұрған адам келісім-шартқа отырып, қажет кезінде сол бойынша еңбекинспекциясына шағымданып, құқығын қорғай алады. Тер төгіп жасаған еңбегініңпұлын ауызша келісе салған адамы бермей қойса – өйтіп қуына алар ма еді?!

Фото автордікі.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 20.08.2020, 18:13
Су тазарту қондырғыларын жасап шығарады
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 19:15
"Доғарыңдар, ұрмаңдар!". Беларусьте сәрсенбі күні де наразылық акциялары жалғасты
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 16:40
Қазақстанда бір күнде 517 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 02:00
Қазақстан ресейлік коронавирус вакцинасын толық сынақтан өтпейінше сатып алмайды
12.08.2020, 17:29
Қазақстан Ресейдің вакцинасын әзірге алмайды – ҚР ДСМ
Сайт әкімшілігі 12.08.2020, 16:48
Орталық клиникалық госпиталь соңғы науқасты шығарып салды

Аңдатпа


  • Жарты мүшелі жан жұртқа жігер беріп отыр (видео)
    10:22
  • Ар сатылды, кен шашылды
    09:55
  • Ұлттық банк теңгенің әлсіреуіне қатысты түсінік берді
    28.09.2020, 15:45
  • «Shymkent bike» қызметін пайдаланушылар көбейді
    26.09.2020, 15:01
  • Үш мыңға жуық медицина қызметкеріне біржолғы төлем берілді
    28.09.2020, 11:16