Атыраудағы соры қалың Сарыөзек

11.04.2019, 20:54

5

Атырау облысындаболашағы жоқ деп табылған, экологиялық нашар аймақтарда тұратын ауылдар 2009жылдан бастап көшіріле бастады. Олардың қатарында Мақат ауданының Комсомол,Қошқар, Бекбике, Байшонас пен Ескене, Жылыой ауданының Сарықамыс ауылын айтуғаболады. Елді мекендерді облыс және аудан орталықтарына көшіруді «ҚазМұнайГаз» Ұлттықкомпаниясы,«ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ, «Теңізшевройл» ЖШС жүзеге асырған. Ашықдерек көздерінде, Комсомол, Қошқар және Бекбике ауылдарын Атырау мен Махамбет селосына көшіруге2 млрд.теңге, Байшонас пен Ескенеге - 5,4 млрд теңге бөлінгені жайлы мәліметтер сақталған. Теңіз кенішініңсанитарлық аймағында орналасқан Сарықамысты көшіруді «Теңізшевройл» мойнынаалды.

Атыраудың шет жағындағыСарыөзек ауылында жалғыз түйір бес қабатты үй бар. Оның бір жағында үшкорпустан тұратын облыстық туберкулезге қарсы диспансер, әріректе қалдық өртеуорны, қарама қарсы асфальт-бетон зауыты орналасқан. Келесі жылы сот сараптау орталығы, келешекте малдыңөлексесін өртейтін крематорий салынбақ.

-Бұл үй кезінде мына тубдиспансерде жасайтындарғаберілген. Біз 1978 жылы алдық. Бергей (Рысқалиев) әкім болып тұрған кезде жылуқазандығына қосылып, мәз болып қалдық. Бірақ, бізді көшіреміз деген. Содан беріқанша уәде берілсе де осы жерде қалып келеміз. Үйдің сапасына сын жоқ, алайда,полигон аумағында тұрғаннан кем емеспіз. Кезінде қанша ауылдарды көшірді,неужели осындағы сексен пәтерді көшіретін шама жоқ? Ол аз болғандай, мынажақтан теміржол вагондарын жуатын орын ашып, қаладағы психбольницаны (облыстықпсихоневрологиялық диспансер-авт) көшіріп әкеледі дейді, — деп шағымданды  тұрғын Серік ЖҰМАЕВ.

-Күннен күнге тұру мүмкін болмай барады. Балаларымызүшін алаңдаймыз. Жақын жерде мектеп жоқ, автобуспен тасиды. Мына жергеайқай-шумен балалар алаңын салып еді, жан-жақтан әркімдер осы жерге келіпотырып, қиратып бітті. Баяғыда туббәлністе жатқандарды жабық ұстап, сыртқашығармаушы еді. Қазір ол мекеменің қызметкерлері де, науқастары да кіріп-шығыпжүреді. Ауыздарында маска, қолдарында қолғап жоқ – дүкеннен тағам алып жатады.Мына балалар ойнайтын жерге келіп, қақырып-түкіріп отыратындары бар. Ұрысамыз.Қарап тұрсаңыз, мына алдымыз – жатқан ми дала. Жел тұрғанда бетон зауытыныңшаңына кейде мұнай қалдығының иісі қосылып, берекеміз кетеді. Мына бір жолдың ұзынабойына тал егіп тастаса жақсы болар еді, қалада жасап жатқан «жасылдандыру»дегендері де бізге бір жетпеді, — дейді Гүлжамал ҚАСЫМОВА.

Аталмыш тұрғын үй жақын арадакөшірілетін үйлер сапында жоқ екен. Оң жаңалық, облыстық денсаулық сақтаубасқармасынан хабарлағандай, жүйке аурулары диспансерін Сарыөзекке көшіружоспарланбаған.

Сарыөзек ауылында осы көп қабаттыжалғыз үйден басқасы – жеке тұрғын үй секторы. Сөйлесе келе байқағанымыз, біразбөлігі –аудандардан көшіп келгендер.

-Мен аты-жөнімді айтпаймын, соны айтқаннанбірдеңе өзгереді деп ойламаймын да, — деп кесіп айтты асфальтсыз көшеніңшаңдағын шығара кетіп бара жатқан жігіт ағасы, — Он шақты жыл бұрын Қызылқоғаауданынан көшіп келдік… Иә, қолайсыз жер екенін білдік, бірақ, қалаға келу керекболды, не істейміз басқа… Туббольницаға үйрендік қой, енді морг салатыны қиынболды. Қайдам, иіс  шықпайды деді ғой,көреміз...

Оның айтып тұрғаны – жақында Сарыөзектұрғындары елді мекеннен сот сараптау орталығының зертханасын салуға қарсышықты. Олар шаһар басшылығына шағымданған кейін жиналыс өтіп, оған қалаәкімінің орынбасары Шәкір КЕЙКИН, облыстық құрылыс басқармасының бастығы МәлікАМАНОВ, Сот сараптау филиалы орталығы директорының орынбасары Нұрлан ҚАПИНқатысқан. Денсаулық сақтау саласына тиесілі нысанның аумағы 635 шаршы метр, мердігер«Гамма С» мекемесі оны келесі жылдың соңында тапсыруы тиіс.

-Мәйітхананынеге дәл осы жерден салу керек болды? Бұл жерге біздің балаларымыздың мектепкебаратын автобусы тоқтайды. Енді олар мүңкіген иісті иіскеп жүрулері керек пе?,- дейді ауыл тұрғыны Балзиба СӘРСЕНОВА.

Әкімдік өкілдеріне тұрғындардың мәйітхана деп сөйлегенін аса ұната қоймады.Шәкір Кейкин «мәйітхана емес, зертхана деп айту керектігін» ескертіп қойды.

-Біздің өз ғимаратымыз жоқболғандықтан, осыған дейін Авангард ықшамауданындағы паталогоанатомиялық бюроныңбір жағында тұрып келдік. Тұрғындар бекер мазасызданып жатыр, мұнда бізжол-көлік оқиғасына түскен, қандай да бір қылмыстардың құрбаны болған тірі адамдарғақатысты ДНК-ны, алкоголь деңгейін анықтау сияқты сот сараптамаларын жүргіземіз.Кейде мәйіттерді де қарағанмен, мүрделер бұл жерде сақталмайды. Зертхана халықүшін қауіпсіз, герметикалық жағынан қамтылған, ешқандай мүрденің иісіболмайды… Авангардтағы орталық тұрғын үйлерге жақын орналасқан, сонда даешкім шағымданған емес, — деді Нұрлан Қапин.

Жиын барысында Сарыөзектің аялдама, балалар алаңдары, сапалы жол салу,көшелерді жарықтандыру сияқты көп проблемасының біртіндеп шешілетіні айтылды. Келешектемұның бәрі қарастырылып отыр екен. Ал мектеп жайы томпақтау: бір мектептебалалар ауысыммен оқу үшін бала саны шамамен алты жүзге жетуі керек. Қазіргікүні ауылдың 355 баласы Атыраудағы №4 Гагарин мектебіне қатынап оқып жүр. Ауылдабалабақша да жоқ, әзірге одан гөрі мектеп мәселесі өткір тұр.  

Ал зертхана құрылысының тоқтамайтыны белгілі болды, өйткені, ол үшінжобалау-сметалық құжаттар жасақталып, үлкен жұмыстар жасалған. Ал қалаәкімдігінің осы жайға қатысты алдын ала тұрғындардың пікірін сұрамауы оны қажетдеп таппағандықтан екен. Облыстағы құрылыс саласының басшысы өз кезегінденысанды салып жатқан мекемеге құрылыс жұмыстарына жергілікті тұрғындардыкөбірек тарту жөнінде тапсырма берді.

-Біздің сөзімізге кім құлақассын?! – деп күйінді мұны естіген Гүлжамал Қасымова, — Баратын жеріміз жоқ,әйтпесе, бала-шағамызды жетектеп, тұра қашар едік. Бұл жерден пәтерді сатсаңда, жалдасаң да — су тегін.

Сарыөзектегі жалғыз көп қабатты үйдегі пәтерді айына жалға беру құны – 25мың теңге болып шықты. Атырауды алты айналсаңыз да мұндай бағаға жалдайтынпәтер таппайсыз. Тұрғындардың айтуынша, мұнда келсе де, экологиялық ахуалғакөзін жұма қарап, тек ақшасын үнемдеу ниетін көздеген қалтасы жұқа жандаркеледі.

Фотолар автордікі.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 20.08.2020, 18:13
Су тазарту қондырғыларын жасап шығарады
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 19:15
"Доғарыңдар, ұрмаңдар!". Беларусьте сәрсенбі күні де наразылық акциялары жалғасты
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 16:40
Қазақстанда бір күнде 517 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 02:00
Қазақстан ресейлік коронавирус вакцинасын толық сынақтан өтпейінше сатып алмайды
12.08.2020, 17:29
Қазақстан Ресейдің вакцинасын әзірге алмайды – ҚР ДСМ
Сайт әкімшілігі 12.08.2020, 16:48
Орталық клиникалық госпиталь соңғы науқасты шығарып салды

Аңдатпа


  • Жарты мүшелі жан жұртқа жігер беріп отыр (видео)
    29.09.2020, 10:22
  • Ар сатылды, кен шашылды
    29.09.2020, 09:55
  • Ұлттық банк теңгенің әлсіреуіне қатысты түсінік берді
    28.09.2020, 15:45
  • «Shymkent bike» қызметін пайдаланушылар көбейді
    26.09.2020, 15:01
  • Үш мыңға жуық медицина қызметкеріне біржолғы төлем берілді
    28.09.2020, 11:16