Атыраудағы тірі туған «өлі» сәби және 31 дәрігер

08.10.2019, 15:31

4

Атыраудағыперинаталдық орталықтың бас дәрігері пара беру ісі бойынша күдікке ілініп, қамауғаалынғанда көп ешкім таңырқай қоймағаны анық. Өйткені қазір Қазақстанда, басқа –басқа, дәл пара беру бабымен ұсталғандарға «түсіністікпен» қарау қалыптасқан.Бірақ бұл істің үлкен шуға ұласуына оның не үшін пара бермек болғаны себепболды.

Оқиға былай болған.Атырау облыстық перинаталдық орталықта өмірге келген сәби тиісті қызметкерлердіңөз жұмысына жүрдім-бардым қарауы нәтижесінде «өлі туды» деген диагнозбен мұздатқышқаөткізіледі. Сөйтсе, ол бала әлі тірі екен. Мұздатқышта аяғы қимылдап жатқанын,тіршілік белгісі бар екенін айтып, қызметкер бас дәрігерге хабарласады. Бас дәрігертелефоннан бұл істі жабуды, яғни баланы «өлі туды» деген диагнозбен сонда қалдырудытапсырады. Дәл осы кезде оның телефоны пара алу бойынша тыңдауда болған екен. Мәселеосы жерден бастап ушыққан. Сондағы дәрігердің «істі жылы жабуына» себеп болған бар мәселе – «дерекқорда толтырылған құжаттардытүзету мүмкін болмауына» келіп тіреледі. Қағазбасты ел екенімізді білеміз, бірақсоның осынша салдары болатынын кім ойлап көрген?! «Өлі туды» деген сәби де тірітуғаны үшін кінәлі болып шығыпты. Оның қанша жерден жаны сірі болса да, құжаттакөрсетілген анықтаманы өзгертуге хақы жоқ екен. Сөйтіп, өмір сүруге тиіс сәби мұздатқышта«өлім жазасына» кесілген. Тумай жатып...

Оқиғаныңжай-жапсары арада бірнеше күн өткен соң ғана айтыла бастады. 4 қазан күні сыбайласжемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Шыңғыс Қабдол бас дәрігерҚуаныш Нысанбаев пен акушер-гинеколог Асқар Қайыржанның жаңа туған нәрестенің өлімінесебеп болды деген күдікке ілінгенін хабарлады.

– Арнайы жеделшаралардың нәтижесінде дүниеге келген нәрестенің немқұрайдылық салдарынан өлітуды деп тіркелгені анықталған, бірақ іс жүзінде нәресте тірі болған. Сәби тіршілікнышанын білдіргеннен кейін дәрігерлер мүмкіндік бола тұра, шұғылшаралар алудың орнына рәсімделген құжаттарға сәйкес әрекет еткен. Шала-жансар нәрестенісол күйі қалдырып, тоңазытқыш камерасына салған. Дәрігерлердің бұлай істеуінедерекқорда тіркелген құжатты түзей алмайтындықтары себеп болған, – деді ол.

Осы оқиғадан кейінбасталған тергеп-тексеру ісінің нәтижесінде денсаулық сақтау министрі Біртанов мәлімдемежасап, өз тарапынан облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысын орнынаналу туралы ұсыныс айтты. Бір қайғы мың қайғыны қозғап, осы қыркүйекте ғанаАтыраудың перинаталдық орталығының жұмысы «сын көтермейтіні» туралы қатаң сынғаұшырағаны белгілі болды (Атырау облыстық прокуратурасы тамыз айында Атырауоблыстық перинаталдық орталығында дүниеге келгеннен кейін 26 нәрестенің, ал қыркүйекте16 нәрестенің шетінеп кеткені туралы баспасөз хабарламасын таратты. Бірақбірнеше сағаттан кейін кері қайтарып алынды).

Қамауға алынған басдәрігерге бұған дейін өзге әйелдерден «қолайлы жағдайда босану үшін пара алуы мүмкін»;«босанған әйелдің қайтыс болу фактісі бойынша «қажетті» қорытынды шығарғаны үшінАтырау облыстық сот-медициналық сараптама институтының директорына 300 мың теңгекөлемінде пара берген» деген де айып тағылуда. Қазір бас дәрігер менакушер-гинекологтың қылмысы анықталса, 20 жылға сотталуы мүмкін дегенжорамалдар бар.

Осы оқиғадан соң, көпөтпей аталмыш орталықтың 31 қызметкері бірдей қызметінен кету туралы өтініш жазған.Бір мекемеде, жай ғана мекеме емес, бүкіл облыс аузына қарап отырған орталықтаосынша қызметкердің бір сәтте жұмыстан кетуі үлкен соққы. Сол себепті тиістіорындар оларды орындарында қалуға үгіттеп жатқан сыңайлы. Әзірге олар өз орындарындажұмыс істеп жатыр. Және де кете қалған жағдайда деп, сырттан келетін көмек қарастырылыпты. 

– Шығып қалған дәрігерлердіАтырау қаласының басқа да мамандары мен еліміздің өзге өңірлерінен мамандаралмастырады. 26 қыркүйектен бастап облыста нәресте өлімін азайту бойыншаіс-шаралар жоспарын орындау бойынша мониторингтік топ жұмыс істейді, – дедіминистр ұсыныс айтқанмен, орнын сақтап қалған Атырау облыстық денсаулық сақтаубасқармасының бастығы Мәншүк Аймұрзина.

Отыз бір қызметкердіңнақты қандай талап қойып отырғаны әзірге айтылмайды. Дегенмен олардың қолдарынаұстап шыққан лозунгтары – дәрігерлерге бостандық сұрайтындай. Иә, лозунгтажазылғандай, «Врачи – не боги», бірақ тірі туған баланы қасақана өлімге қиясалатын дәрігерлер өздерін кім санайды? Сол сұрақ мазалайды...

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 20.08.2020, 18:13
Су тазарту қондырғыларын жасап шығарады
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 19:15
"Доғарыңдар, ұрмаңдар!". Беларусьте сәрсенбі күні де наразылық акциялары жалғасты
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 16:40
Қазақстанда бір күнде 517 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 02:00
Қазақстан ресейлік коронавирус вакцинасын толық сынақтан өтпейінше сатып алмайды
12.08.2020, 17:29
Қазақстан Ресейдің вакцинасын әзірге алмайды – ҚР ДСМ
Сайт әкімшілігі 12.08.2020, 16:48
Орталық клиникалық госпиталь соңғы науқасты шығарып салды

Аңдатпа


  • Кәдеге аспаған диплом
    17.09.2020, 11:16
  • Бетпердені автобуста сатып алуға болады
    20.08.2020, 16:26
  • Өткен тәулікте коронавирус пен пневмониядан тағы 6 адам қайтыс болды
    16.09.2020, 09:45
  • Жәрмеңке қайта жалғасады
    11.09.2020, 21:58
  • Сылтауы бітпейтін әкім
    15.09.2020, 11:04