Атыраудағы жер митингісі өткен алаң не үшін жабылды?

29.06.2018, 01:15

13

Атырау қаласының көркіне айналған Махамбет Өтемісұлы мен Исатай Тайманұлы алаңы бастан-аяқ қоршалып жөндеу жұмыстары басталып кетті.Құрлыс 2019 жылы аяқталады деп жоспарланып отыр. 2004 жылы ғана бой көтерген қос батырдың тас мүсін қайтадан жаңартудың қажеті қанша дейді жергілікті халық.«Салынғанына көп уақыт бола қоймаған алаңды қайта жөндеуге қандай қажеттілік болды? Бұл қаржыға қаланың басқа шаңы шығып жатқан жерлерінен жаңа алаң салуға болмас па еді? Ал біз кеп орталықтағы әп-әдемі алаңды, Сәтбаев көшелерін тырналай береміз. Қаладағы 27 субұрқақ қаңсып тұрғанда алаңнан жаңасын салуды бастадық.  Субұрқақ — Атырау тұрғындары үшін тек қана әдемілік емес, шөлейт жердің жағдайында ең қажет нысан. Ең сорақысы – Жайықтың жағасында тұрып, гүлзарға пластик гүл тығып қойған. Жағажайға қарасаң, жылағың келеді. Оған қоса, жөндеу біткесін алаңдағы ақынның рухты сөздері қашалған тастарды таба алмай қаламыз ба деген қауіп бар», — дейді Жас Алаш тілшісіне қала тұрғыны Қайрат ТАРБАЕВ.2016 жылы жер митингісі бастау алған алаң өңірдегі компаниялардың ақшасына жасалады екен.-Махамбет пен Исатай ескерткіші қайта жаңартылады. Алты бассейн мен субұрқақ орнатамыз. Мраморлық домбыра түріндегі архитектуралық композиция, алтын түстес әшекейлермен безендірілген сәулеттік туындылар бой көтереді, — дейді Атырау облыстық құрылыс басқармасының жобалау-сметалық құжаттамасы бөлімінің басшысы Ақтілек МҰСАҒАЛИЕВ.Фотолар автордікі.
Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 20.08.2020, 18:13
Су тазарту қондырғыларын жасап шығарады
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 19:15
"Доғарыңдар, ұрмаңдар!". Беларусьте сәрсенбі күні де наразылық акциялары жалғасты
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 16:40
Қазақстанда бір күнде 517 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 02:00
Қазақстан ресейлік коронавирус вакцинасын толық сынақтан өтпейінше сатып алмайды
12.08.2020, 17:29
Қазақстан Ресейдің вакцинасын әзірге алмайды – ҚР ДСМ
Сайт әкімшілігі 12.08.2020, 16:48
Орталық клиникалық госпиталь соңғы науқасты шығарып салды

Аңдатпа


  • Жарты мүшелі жан жұртқа жігер беріп отыр (видео)
    10:22
  • Ар сатылды, кен шашылды
    09:55
  • Ұлттық банк теңгенің әлсіреуіне қатысты түсінік берді
    28.09.2020, 15:45
  • «Shymkent bike» қызметін пайдаланушылар көбейді
    26.09.2020, 15:01
  • Үш мыңға жуық медицина қызметкеріне біржолғы төлем берілді
    28.09.2020, 11:16