Атыраудың батпағынан өте алмаған анасы балаларын тастап кеткен
Қарлы-жаңбырлы күндері Атыраудың кей тұстары ми батпақ болып жататыны таңсық емес. Балшыққа белшеден батып шығатындар аз болмағанмен, ондай жерге туған балаларын тастап кеткен жағдай бірінші рет орын алып отыр.Белгілі болғандай, 1981 жылы туған әйел 13 қаңтар күні кешкі сағат сегізде үш баласымен Атырау мұнай өңдеу зауыты аумағына таксимен келеді. Сол арадан қара жолмен жүріп, Тасқала ауылына бармақ болыпты. Жолшыбай сегіз жастағы үлкен қызы мен үш жастағы ұлының батпақты кесіп өте алмайтыны белгілі болады. Әйел қолындағы көтерген сәбиімен үйіне кетіп қалады да, қайтып келгенде… екі баласын таппай қалады. Іле-шала зауыт күзетшілерінің шақыруымен келген полицияның жеке құрамы аяқтарынан тік тұра іздеп, сағат 23:00 шамасында ұл мен қызды бір бұтаның түбінен тауып алған. Ұл бала жалаңаяқ күйінде ұйықтап қалыпты. Тәртіп сақшылары оларды дереу жылы жерге апарып, жедел жәрдем қызметі ауруханаға жеткізіп, қазіргі күні балалар жазылып үйлеріне шыққан. Отыз сегіз жастағы балалардың анасына жүргізілген наркологиялық зерттеу оның сол күні аздап «ұрттап» алғанын көрсеткен. Бұлардың үй-іші «қолайсыз отбасылар» есебінде тұрғаны мәлім болды. Әйелдің өзі бұған дейін де ата-аналық қызметін дұрыс орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Енді оның мәселесін кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі комиссия қарайтын болады.
Фото автордікі
Тегтер:
Сайт әкімшілігі
20.08.2020, 12:13
Су тазарту қондырғыларын жасап шығарады
Сайт әкімшілігі
13.08.2020, 13:15
"Доғарыңдар, ұрмаңдар!". Беларусьте сәрсенбі күні де наразылық акциялары жалғасты
Сайт әкімшілігі
13.08.2020, 10:40
Қазақстанда бір күнде 517 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды
Сайт әкімшілігі
12.08.2020, 20:00
Қазақстан ресейлік коронавирус вакцинасын толық сынақтан өтпейінше сатып алмайды
12.08.2020, 11:29
Қазақстан Ресейдің вакцинасын әзірге алмайды – ҚР ДСМ
Сайт әкімшілігі
12.08.2020, 10:48
Орталық клиникалық госпиталь соңғы науқасты шығарып салды