Атырауға тьютор таңсық болып жатыр

24.09.2018, 19:53

20

Атырау қаласындағы Мұрат Мөңкеұлы атындағы №6 орта мектепте инклюзивті білім беруді қолдау кабинеті ашылды. Денсаулығында қандай да бір кемістігі бар бар балалардың мектепте өзі қатарлас оқушылармен бірге бірге оқуын көздейтін жүйені «Болашақ» қоғамдық қоры қолға алып отыр. Жоба әзірге пилоттық болып саналады.-Мұнда қазір психикалық жағынан кеш дамыған, тілі мүкіс, басқа да диагнозға ие алты бала оқып жатыр, олардың жанында алты тьютор бар. Бір балаға бір тьютордан келуі тиіс. Олар сабақта баланың жанында отырады, сыныпқа кедергісін келтірмей түсіндіреді, бала шаршаған кезде арнайы кабинетке әкеліп, тынықтырып алады, — деп түсіндіреді инклюзивті білім беруді қолдау кабинетінің мұғалімі Гүлжан ҚҰСМАНОВА. Екі ата-ана баласын жалпы білім беретін мектепте оқытудан бас тартыпты: бірінің үйіне алыс болған, екіншісінің денсаулығы сыныпта көпшілікпен бірге оқытуды көтермепті.-Біз алты баланы алты бастауыш сыныпқа бөлдік. Мектепке мүмкіндігі шектеулі баланың келгенін ата-аналар мен оқушылар қалыпты жағдай ретінде қабылдады. Дегенмен, алдын ала түсіндіру жұмыстарын жүргіздік. Инклюзивті білім жан-жағынан оқшауланып қалған балалардың орта бейімделуіне, қатар-құрбысымен араласуына жол ашады. Бұл жүйені енгізу мектеп пен сыныптың білім көрсеткішіне кері әсер етеді деп ойламаймын, — дейді №6 мектеп директоры Лилия ХЕГАЙ. Енді тьютор деген қызметке тоқталайық. Бізге жаңадан келіп жатқан мамандық Америка мен Еуропа елдерінде үлкен сұранысқа ие екен. Ол оқушыға немесе студентке жеке белгіленген жетекшісі деген мағына береді. Жүріп-тұруы және ортаға бейімделуі қиын балаларға бекітілген тьютор онымен ілесіп, сүйемелдеп жүруі тиіс.Аталған мектепте тьютор болып жүрген алты адам – Атырау Мемлекеттік университетінің психолог-дефектолог-логопед мамандығын биыл бітіріп, қосымша біліктіліктерін арттырған. Қазір олардың жалақысын жалдап отырған балалардың әке-шешелері төлейді, себебі, тьютор мәртебесі білім беру саласының педагог ретінде заңда қарастырылмапты.-Орта білім беру саласы қызметкерлерінің штаттық бірлігін негізге алатын №77 қаулының 29 бабында тьюторлық жайлы ештеңе көрсетілмеген. Қолымызда ешқандай нормативтік құжаттар болмағаннан кейін, оларды қандай негізде жұмысқа алатынымызды да білмей отырмыз. Бұған дейін Астанадағы бір мектепте тьюторларға жалақы төленіпті. Мен тікелей оларға да шығып, сұрастырдым. Сөйтсем, ол үшін жергілікті деңгейде қаулы қабылдануы керек екен. Қазір жаңағы айтылған №77 қаулыға өзгерістер мен толықтырулар енгізілуде. Мүмкін, содан кейін тьюторларды штатқа енгізуге мүмкіндік туар. Оның механизмін қарастырып, мәселенің шешілуін назарда ұстап отырмыз. Бірақ, ешқандай құжатқа сүйенбестен, әрекет ете алмаймыз. Ол заңбұзушылық болып табылады, — дейді облыстық білім беру басқармасының бөлім басшысы Анар МАРАТҚЫЗЫ. Биыл ҚР білім және ғылым министрлігінің мектепке дейінгі және орта білім департаментінің директоры Шолпан КАРИНОВАНЫҢ осы оқу жылынан бастап балабақшалардың 30 пайызы мен мектептердің 70 пайызында инклюзивті оқуға жағдай жасала бастайтынын айтқан еді. Бүгінде еліміз бойынша 148 мың бала инклюзивті білім беруге сұранып тұр екен. «Білім туралы» заңға 2010 жылы енгізілген толықтыруға сүйенсек, денсаулығы кемшін баланы барлық мектеп қабылдауға міндетті. Алайда, орта білім ұйымдарының бәрінде бірдей арнайы кабинеттер мен мамандар қарастырылмаған, ал басқа балалармен ілесіп, оқып кету бұл балаларға қиындық тудырады. Қалай болғанда да, білім жүйесіндегі жаңа реформаның нәтижесі жайлы айтуға әлі ертерек.Фотолар автордікі. 
Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 20.08.2020, 18:13
Су тазарту қондырғыларын жасап шығарады
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 19:15
"Доғарыңдар, ұрмаңдар!". Беларусьте сәрсенбі күні де наразылық акциялары жалғасты
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 16:40
Қазақстанда бір күнде 517 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 02:00
Қазақстан ресейлік коронавирус вакцинасын толық сынақтан өтпейінше сатып алмайды
12.08.2020, 17:29
Қазақстан Ресейдің вакцинасын әзірге алмайды – ҚР ДСМ
Сайт әкімшілігі 12.08.2020, 16:48
Орталық клиникалық госпиталь соңғы науқасты шығарып салды

Аңдатпа


  • Tengri Bank салымшылары кепілдік өтемін қай банктен және қалай алады
    25.09.2020, 10:26
  • Бір тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны анықталды
    23.09.2020, 09:43
  • Nur Otan еліміздің солтүстік облыстарына қатысты қандай уәде береді?
    22.09.2020, 09:50
  • Конгресс-Холл экс-директоры миллиардтаған ақша жымқырған ба?
    21.09.2020, 15:07
  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39