Ауа райына байланысты үш қалада мектепте сабақ тоқтап, жол жабылды

24.01.2020, 02:59

17

Нұр-Сұлтан, Семей және Қарағандыда ауа райына байланысты мектептерде сабақ тоқтатылды. Қазақстанның бірнеше аймағында жол жабылды.

Нұр-Сұлтан қалалық білім беру басқармасының дерегінше, 23 қаңтарда қала мектептерінде бірінші ауысымда оқитын оқушылар мен колледждің 1-2 курс студенттеріне сабақ болмайды. Әлеуметтік желі қолданушылары қалада ақтүтек боран соғып, шыңылтыр аяз екенін айтады. Ауа райы мамандарының дерегінше, мұнда жел жылдамдығы секундына 8-17 метрді құраған.

Жергілікті ақпараттық сайттардың хабарлауынша, Қарағандыда 0-4 сынып оқушылары, Семейде бірінші ауысымда оқитын 1-9 сынып оқушылары сабақтан босатылды.

"Қазавтожол" ұлттық компаниясының баспасөз қызметінің дерегінше, ауа райына байланысты республикалық трассалардың 25 пайызына жуығы жабылған. Төтенше жағдай комитетінің дерегінше, 22 қаңтардан бастап ауа райының нашарлауына байланысты Нұр-Сұлтаннан бес бағыт: Павлодар, Қарағанды, Қостанай, Щучинск, Қабанбай батыр бойынша жүретін жолдар жабылған.

Tengrinews сайтының хабарлауынша, ауа райы жағдайына байланысты Нұр-Сұлтан әуежайында 32 рейс уақытында ұшпаған. "Өзге қалалардан ұшақтардың кеш келуіне байланысты 17 рейс кешігіп жатыр" деп хабарлады әуежайдың баспасөз қызметі таңертең. Кешіккен рейстер арасында Air Astana әуе компаниясының — Омск, Ташкент, Мәскеу, Киев, Qazaq Air-дің — Павлодар, Қостанай, SCAT әуе компаниясының — Улан-Батор, Алматы, Ақтөбе бағыты бойынша ұшатын ұшақтары бар. Facebook-та кейбір қолданушылар Алматыдан Жезқазғанға ұшып, ауа райына байланысты ұшақ бағытын өзгертіп, Өскеменге қонғанын жазды.

Ауа райы мамандары 25 қаңтарға дейін Қазақстанның басым бөлігінде қатты боран соғып, қалың қар жауатынын айтып отыр.

/*Telegram*/ #gr-961-tel { outline:1px solid #DEE1E2; height: 73px; padding: 0px 10px; margin-bottom: 15px; float: none; } #gr-961-tel img { width:130px; } #gr-961-tel:hover { outline:2px solid #61a8de; text-decoration: none; } #gr-961-tel .text { margin-right: 20px; text-align: center; } #gr-961-tel span { color: #61a8de; } #gr-961-tel p { font-size: 21px; margin:0; color: #7C858D; line-height: 1.2; }

Telegram бізге жазылыңыз

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • Ұлттық банк теңгенің әлсіреуіне қатысты түсінік берді
    28.09.2020, 15:45
  • «Shymkent bike» қызметін пайдаланушылар көбейді
    26.09.2020, 15:01
  • Үш мыңға жуық медицина қызметкеріне біржолғы төлем берілді
    28.09.2020, 11:16
  • Tengri Bank салымшылары кепілдік өтемін қай банктен және қалай алады
    25.09.2020, 10:26
  • Бір тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны анықталды
    23.09.2020, 09:43