Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
12:20, 17 Қазан 2024

Аудандық әкімдіктен 74,7 млн теңге бюджет қаражаты ұрланған

в
Фото: gov.kz
Жетісу облысының прокурорлары аудандық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы бөлімінің басшысы мен мердігер ұйымы директорының сотталғанын хабарлады.

Сарқан аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бөлімінің басшысы мен мердігер ұйымның директоры туристтік объектілердегі санитарлық-гигиеналық тораптарды орнатуға арналған 74,7 млн теңге бюджет қаражатын жымқырған.

Прокурорлық тексеріс, объект іске қосылмағанын, ал бөлінген қаражат шығындалып кеткенін көрсетті, делінген хабарламада.

Сарқан ауданының прокуратурасымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып, іс сотқа дейін жеткізілді.

Сот үкімімен аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бөлімінің басшысы мен мердігер ұйымның директоры түрлі мерзімдегі бас бостандығынан айыру жазаларына сотталды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.