14:32, 19 Маусым 2024
Аудандық білім бөлімінің басшысы 18,5 млн теңге пара алды деген күдікке ілінді
Шалқар ауданы Білім бөлімінің басшысы пара алды деген күдікке ілінді.
Ақтөбе облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Шалқар ауданындағы білім бөлімінің басшысына қатысты қылмыстық істі тергеуде.
Ол аудандық жалпы білім беретін орта мектептің директоры арқылы қызмет бойынша жалпы қамқорлығы үшін ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшыларынан жалпы сомасы 18,5 млн теңге пара алды деп күдіктелуде, делінген хабарламада.
Соттың санкциясымен білім бөлімінің басшысы мен аудандық мектеп директоры қамауға алынды.
Оқи отырыңыз