17:46, 14 Желтоқсан 2018
Әуезовтің Ернары

ӘУЕЗОВТЕР ӘУЛЕТІ«Эрнарик родной мой, самый-самый любимый!Мама рассказала, что ты получаешь паспорт.
Я поздравляю тебя с твоей наступающей юностью,значит, теперь ты перешел с детства,вернее, с отрочества в юность.Это самая хорошая, счастливая пора.Цени ее, чтобы она у тебя была красивой,разумной, радостной для тебя и для нас,родных твоих. Носи паспорт достойнымтвоей фамилии, твоего имени».М.Әуезовтің Е.Әуезовке жазған хаты.5 февраль 1960. Мәскеу «Әке Мұхтар – бала Мұрат үшін шексізмұхит. Мені қолдап келе жатқан дасол өнердің иесі мен киесі, әкемнің рухы.Міне, бүгінде өзім де жетпістен астым.Осы күндері байыппен байқай қарасам,әкем бала тәрбиесіне үлкен көңіл бөлгенекен… Осыған қарап кейде әкеміздіңжазушылық қасиеті Ернарға қонғанба деп ойлап қоямын».Мұрат Әуез. «Ділім». 2017 ж.Құлақ күй. Жоспарлы жұмыс барысында оқып жүрген М.Әуезов шығармаларының елу томдық толық жинағының 50-ші томы, «Мұхтар Әуезов энциклопедиясы», «Мұхтар Әуезовтің ататегі» деген шежіре кітап «Әуезовтер Әулеті» деген сөзді есіме сала берді және осы тіркесті үлкен әріппен жазу керек деп шештім. Жазудың жауапкершілік жүктеген ойы ұзаққа созылды.М.Әуезовтің аталған томдығындағы отбасылық хаттарында әкенің ұлы мұраты жатыр. Оның әрбір жолында аялы алақанның жылы табы бар. «Люлю», «Мұратай», «Эрнарик» деп, балаларының саушылығы мен тәрбиесін қайда жүрсе де есінен шығармай қадағалап, қашан қастарында болғанша алаң болатыны хаттарынан анық көрінеді.«Мұхтар Әуезовтің ататегі» атты шежіреге қарасаңыз, Мұхтар Омарханұлы тоғыз баланың әкесі: бес ұл, төрт қыз. Райхан Кәкенқызынан – Мұғамила (1918-2009), Шоқан (1919-1921); Кәмила Мағауияқызынан – Зере (1921-1922), Мағрипа (1925 ж. өлген); Валентина Николаевна Кузьминадан – Елдес (1927-1928), Ләйлә (1929-1993), Елдар (1941-1944), Ернар (1943-1995); Фатимадан – Мұрат (1943 ж.т.). Бес бала жастай шетінеген. Ауыр, аянышты өмір. Тартысқа толы жылдар. Қуғын-сүргін. Сол бір тарихи уақыт пен кеңістікті көз алдыңа елестетіп көріңізші, құрбандық өз отбасында аз емес екен. Әр жылдары үздіксіз сыналып, қуғындалып тағдыры таразыға тартылғанда, сол таразының темір табағы жалаға толып төмен басқанда, балалардың көз жасы әке жағындағы табаққа әділет тілеп тамбады дейсіз бе? Балалардың көз жасынан асқан таза, ауыр нәрсе мына жалғанда бар ма екен?!Ал екі ұл, екі қыздан ұрпағы жалғасып жатыр.1942 жылдың көктем айларында «Абай» романы баспадан шықты. Бірінші кітабы. 1943 жылы Мұрат пен Ернар дүниеге келді. «Абай» – халықтың, қос ұл – Әулеттің қуанышы болды деп ойлаймын. Бұл кездейсоқ емес және тылсымға айналдырудан да аулақпын. Мұражай үйдегі Ернардың бөлмесіне «Абай жолы» романын жазған үстел қойылған.
Елдестен бірде, Елдардан үш жаста айырылып, қайғы жұтып қаншама жас төгілді, ол отбасының мүшелеріне түскен ауыртпалық десек те, Алла деп ғұмыр кешкен қожалар әулетін ол өзінің назарынан қалыс қалдырмағандай. Мұхтар Әуезов балаларына Елдес, Елдар, Ернар, Мұрат деген аттарды да бекер қоймаған. Кейін қызы Ләйләнің тұңғышы, жиеніне – Елдар деген есім берілді. Оны алдына алып та, көтеріп те түскен суретін білеміз. Мұхтардың Мұраты. Мен осылай пайымдаймын. Ал Ернар – жаңа есім сияқты. Бұрын қазақта осындай ат кездесуші ме еді? Білмеймін. Абайдың Әйгерімі тәрізді Әуезовтің Ернары! 1950 жылы Мұхтар Омарханұлы Ернар мен Мұратты екі жағына отырғызып, құлашын кең жайып, құшағына алып түскен әдемі суреті бар. Екеуінде бірдей бас киім, пальто. Өкінішке қарай, қос шынарының отбасы болған қуанышын көре алмай кетті. Тым ерте. Алайда байыптап қарасақ, Мұхтар Әуезов – әкелік мұратына жеткен адам.[caption id=«attachment_21275» align=«alignnone» width=«1000»]
Ернар Әуезов, Мұхтар Әуезов, Мұрат Әуезов[/caption] Әке алақаны балаларының естерінде мәңгі қалды. Ұрпақтары атына кір келтірген жоқ. Әсіресе Ернар Мұхтарұлы 1969 жылы Алакөлдің жұмбақ шағаласын әлемдік зоология ғылымына танытты. Қызыл кітапқа енгізді. Оған «реликті шағала» деген ат берді. Ұзақ та қажырлы еңбектің арқасында зоология ғылымының кандидаты, орнитолог-ғалым болды. Өмірінің соңына дейін осы салада әртүрлі қызметтер атқара жүріп, ғылымнан қол үзбеген.Жалпы, Ернар Мұхтарұлы Әуезов жайлы жұрт тым аз білетінін жиі байқадым. Менің ойымша, ол өз кезіндегі жалғыз және тұңғыш қазақ орнитологы, зоология ғылымының кандидаты болуы да мүмкін. Ал кітапханалардағы каталогтар, интернет ақпараттары ол туралы түк білмейді. Мәлімет жоқ. Бұған ешкім емес, өзіміз кінәліміз. Тіпті Қазақстан ұлттық энциклопедиясына Ернар Әуезов енгізілмеген, олардың қандай шарттарға сүйенгенін білмеймін. Тек Мұрат Мұхтарұлы әр кезде сөйлеген сөздерінде, баспасөзге берген сұхбаттарында, жоғарыда келтіргеніміздей, Ернарды қимас сезіммен үнемі еске алып отырады. Ернардың Лола және Асқар деген екі баласы бар. Олар да Әуезов Әулеттерін жалғастырып жатыр.[caption id=«attachment_21274» align=«alignnone» width=«830»]
Бала Ернар әкесімен[/caption]Ернар бала кезінде де, есейген шағында да өте қарапайым болған. Бұл әсте көптің бірі деген ұғым емес, өзінің әуезовтік пішінімен айналасына жылы шуақ шашқан қарапайымдылық. Ернарда кең маңдай, ер адамдарға сирек бітетін тұлға, тартымды келбет, жалпы порымында артық я кем дейтін жері жоқ, сұлу жаратылыс бар. Әуезовтік пішінге: бұйра шаш, ашық маңдай, ойлы көз, аздап түріліңкі ерін, иық пен кеуденің кеңдігін жатқызуға болады. Бұған әке мен ана жағынан араласқан генетика Ернарға азиялықтан гөрі европеидтік белгілерді мол араластырған. Бақсайыс пен Ломоносовтардың қаны. М.Әуезов қожалар тұқымы болса, ал Валентина Николаевнаның аталары Ломоносовқа туыстық жақындықтары бар деген дерек айтылады (Кузьминдер де Архангелогоро́дская губе́рниядан шыққан).Үлкен үйдегі Ернардың кішкентай ғана бөлмесіІлмек. Ернардың шағын, ыңғайлы бөлмесі қазіргі М.Әуезов мұражай-үйінің екінші қабатында орналасқан. Балалық шағының 10 жылға жуық уақыты осы үйде өткен. Онда «Абай» жолының 1,2 кітабы жазылған жазушының жасыл шұғамен жартылай қапталған жұмыс үстелі тұр. Үстінде жазушының мерейтойына сыйлаған екі салт атты қазақтың мүсінінің біреуі (Артемий Обер. ХІХ ғ.), үстел шамдалы, египеттік жазу приборы және құстарға байланысты ғылыми, әдеби кітаптары жатыр. Кіріп келгенде сол жақ қабырғада Ернардың кітап шкафы, ішіне Мұхтар Омарханұлы шетелдерде болғанда Ернарға әкелген сувенир сыйлықтары бар. Оның үстінде әке мен анасының Ыстықкөлде түскен суреті және екі құстың тұлыбы тұр: бірі – қырғауыл, екіншісі – тұғырда отырған қыран бүркіт. Қабырғада фламинго (қоқиқаз) картинасы ілінген. Одан төмен үстінде теңіз жұлдызы қойылған күйтабақ ойнатқышты Rafsodia маркалы радиоқабылдағыш. Еденде түрікмен кілемі. Бұғы бейнелі қабырға кілемшесі мен төсегі. Осы кішігірім зоология бөлмесінде болашақ қазақтың орнитолог-ғалымы өсіп келе жатты.
Жеке кітапханасындағы кітаптар: «Актуальные проблемы орнитологии» (М., 1986), Нечаев В.А. «Птицы южных курильских островов» (Л., 1969), «Труд заповедников Казахстана» Т.1. А.Ф.Ковшарь. «Птицы Таласского Алатау» (А., 1966), «Биология лесных птиц и зверей» (М., 1975), «Охотничьи просторы» альманахының әр жылдардағы сандары, «Охота по Перу», Иван Арамилев «Рассказы охотника», Воробьев К.А. «Птици Якутии» т.т. Әке хаттарындағы аялы алақан Тармақ. Әке Мұхтардың Ернарға жазған төрт хаты бар. Ол 10 жастан асқан кезде ғана өзара хат жазыса бастағаны байқалады. Бірақ үнемі емес. Көбінесе Валентина Николаевнаға жазған хаттарында Ернардың жалпы жай-жағдайын, сабағын, тәрбиесін т.т. үнемі сұрап, қадағалап, ақыл-кеңес айтып отырған. 1954 жылы Мәскеуден жазған: «Очень скучаю по дому, по всем из вас, по Эрнарику, по Ляленьке, ее так не хватает мне тут» деген жолдар барлық хаттарында кездеседі. Мәскеуден Ернарға жазылған төмендегі төрт хатты 50-томдықтан алып ұсынып отырмыз. Оқырман әке Әуезовті біліп, түсінуі үшін.М.Ауэзов – Э.Ауэзову 14 марта 1954 г.Эрнарик мой дорогой, мой любимый мальчик!Я буду ждать Вас с мамочкой в Москве, буду ждать с нетерпением. А ты приезжай с самыми хорошими отметками. Здесь мы тебе покажем много-много хорошего и накупим с тобой всего, что нам будет надобно для охоты, для рыбалки. Одно я прошу тебя: не будь шалуном-балуном, а будь таким, какой бываешь на охоте. Послушный, серьезный, да смышленый. Слушайся мамочку свою, да люби Лялю. Станьте с ней хорошими друзьями. Целую тебя крепко. Твой папа. М.Ауэзов – Э.Ауэзову1956 г.Золотой мой Эрнарик милый!Поздравляю тебя с Новым годом. Желаю тебе много, много радостей, счастья в наступающем году, а именно, я желаю тебе быть крепко-накрепко здоровым и затем, чтобы ты ликвидировал «тройки» все и стал полным ударником хоть. Также желаю тебе стать еще лучшим стрелком, пловцом, лыжником, фотографом толковым.Целую. Папа.1Мәскеуден жаңажылдық құттықтау телеграммасы. М.Ауэзов – Э.Ауэзову 19 апреля 1958 г.Эрнарик родной мой!Я пишу тебе первому, по получении ваших писем с мамой. Знаешь ли ты, что я остался очень и очень доволен твоим письмецом. Прежде всего, какой становится твой почерк – такой ровный, красивый, даже и четкий, четкий. А, во-вторых, конечно, для меня это еще более главное – хорошее было и содержание в твоем письме. Там и у тебя хорошие новости о маленьком, смешные, да все остальное такое толковое, дельное – это и есть настоящее ожидаемое письмо отца от своего хорошего, день ото дня умнеющего/любимого сына. Родной мой, Эрнарик золотой, ты также, как по английскому, учись хорошо и по другим предметам. Помни, учи и говори почаще с Умиш по-казахски, летом я обязательно поеду с тобой по Казахстану. Ну целую тебя. Передай привет мой Умиш, маленькому и всем родным.Папа.М.Ауэзов – Э.Ауэзову 5 февраля 1960 г.Эрнарик родной мой, самый-самый любимый!Мама рассказала, что ты получаешь паспорт. Я поздравляю тебя с твоей наступающей юностью, значит, теперь ты перешел с детства, вернее, с отрочества в юность. Это самая хорошая, счастливая пора. Цени ее, чтобы она у тебя была красивой, разумной, радостной для тебя и для нас, родных твоих. Носи паспорт достойным твоей фамилии, твоего имени. Эрнарик, два слова совета, если ты поедешь к Багишу. Ради бога, не лезь в воду, она в эту пору там на севере будет очень студеной, ледяной, не промочи ноги. И там бывают сильные, пронизывающие ветры, не ходи налегке, продует, простудишься весной, не трудно заболеть туберкулезом. Говори там с родными по-казахски, практикуйся не стесняясь. И если ты начнешь говорить, я уверен, заговоришь хорошо и очень быстро. Тогда смысл твоей поездки туда будет очень большой. Еще один совет мой, очень строгий: не вздумай там пить спиртного. Помни, там все будут смотреть на тебя, как на сына твоего отца, и все будут примечать за тобой, хотя не скажут тебе об этом. Таковы иные старшие, но самое главное, нужно заслужить поездку на охоту, т.е. надо хорошо закончить четверть. Думаю, что ты отбросишь лень и будешь учиться с головой, по настоящему.Целую тебя крепко-крепко, мой милый Эрнарик. Твой папа. До скорой хорошей, счастливой встречи.
Жоғарыдағы Мұрат Мұхтарұлының біз эпиграф етіп алған сөздерін енді толық берудің реті келіп тұр. «...Әр баласының бойындағы кабілетіне орай жол көрсетіп отырыпты. Айталық, Ләйлә әпкем тарихқа бейім болды. Кейіннен ол сол мамандықты таңдап, тарих ғылымының докторы атанды. Ернар інім дала құстарын, жәндіктерін, жалпы, табиғат өмірін зерттеуге құштар еді. Әкеміз оның бұл қасиетін байқағандықтан ба, Ернар екеумізді табиғатқа жиі алып шығатын. Расында, Ернар орнитолог болды. Ол студент кезінің өзінде-ақ көлемді ғылыми дүниелер жазды. «Алакольский сюрприз» деген мақаласында Алакөлдегі дүниежүзі құстанушылары зерттемеген шағаланың түрін тауып, оған түсінік берген. Осы тың зерттеу жұмысы кезінде көлдің жағалауындағы қансорғыш масалардың қиындықтарына да төзімділік танытып, жұмысын аяқтап шыққан. Тіпті дүниежүзі ғалымдары мойындап, олардан Ернардың атына «Доктору Ернару» деп басталатын хаттар жауып кеткен. Бұл мақаланы оқыған адам бауырымның әжептәуір қаламгер екенін байқайды. Осыған қарап кейде әкемнің жазушылық қасиеті Ернарға қонған ба деп ойлап қоямын. Өкініштісі, ол дүниеден ерте озды».Алакөлдегі Ернардың шағаласы Шумақ. Омбыға «коллежский регистратор» боп ауысқан Адольф Янушкевич 1848 жылдың 15-16 июнь айларында Ертістен Алатауға экспедиция жасаған шекаралық басқарманың құрамында қызмет еткен. Сондағы жазған саяхат күнделіктерінде мынадай сөздер бар: «Жолдың үшінші күні сол жағымыздан Тарбағатай, алдымыздан Алатау таулары көрінді. Бұрын көрмеген гүлдер бірінен соң бірі алдан шығады. Қаптаған дуадақ: кішкентай жетеуін ұстап алдық. Ара-тұра ақбөкендер көрініп қалады… Тұс-тұстың бәрі құмайт-саздауыт, ара-тұра сортаң, қазір Алакөлге айналған бір кездегі теңіз орнының іздері. Әп-әдемі көгілдір жыңғыл бұталары көзге шалынады… Алакөл қамыстарына жетіп түнейміз. Онда қабандар мен жолбарыстар болуы керек. Алғашқылардың іздерін біз көрдік те, ал соңғылары туралы әзірге ештеңе байқамадық. Оның есесіне үйректің, аққудың, қаздың азан-қазан даусы құлақ тұндырады. Япырмай! Қандай ғажап сурет! Көз шарасына сыймайтын, оңайдан-оңай көрінбейтін, елгезек саяхатшылардан тұмсық батпас ну қамыс тасалап, жолбарыс қоритын қазақ теңізі Алакөл біздің алдымызда айнадай жарқырап жатыр. Меніңше, бұл ешбір Колумбының ескегі түспеген шетсіз-шексіз теңіздегі әлдебір бақсының немесе су иесінің қарғыс атқан қорғаны болса керек. Ғажап пейзаж! Осы шөлейт жерлер мен сулардың үстінен төңкерілген аспанға көз салсаң, ап-ашық көкпеңбек. Көз тігіп аспанға, ақынға қосылып бір шалқисың. Аспанның мөлдірлігі сонша – тіпті Құдайдың өзі көзге көрінердей».Айдаудағы азапқор жанның ақын жүрегі Алакөлді көргенде соншалықты шаттыққа бөленуінің сыры неде? «...үйректің, аққудың, қаздың азан-қазан даусынан құлағы тұнған» ақын оны мекендейтін реликті шағаланың Ернар Әуезов сипаттаған: «Голос их напоминает повизгивание щенка крупной собаки» деген әупілдек үнін естімеуі мүмкін емес. Ақын жүрегі аса сезімтал ғой. Ол әлдебір ұлы түйсікпен Алакөлді «қазақ теңізі» деп атайды. Бабаларымыз да бір кезде «Алатеңіз» депті. Ал қалайша енді кеп Алакөлге айналған? Көл деп қомсынып отырғаным жоқ, теңіз десек тіліміз қисайып қалмайды. Жалпы, көлдің ар жағын көруге болады, ал теңіз олай емес. Географтар ренжімесін, олардың шарттары өзіне, қазақ жағасына көз жетпейтін көлді теңіз деген. Осы біз көлімізді теңізге, жазығымызды дөң қыратқа, төбемізді тауға айналдырып сөйлейтін мінезден қашан айырылып қалдық?!Поляктың атақты этнографы, ақын Адольф Янушкевичтен кейін, 120 жылдан соң Ернар Алакөлдің реликті шағаласын ашты.
Қазақ орнитологы Алакөлдегі құстардың миграциясын (қоныс аударуын) зерттеу кезінде мыңдаған балапанды сақиналайды; бірде қарабас хохотундарға ұқсайтын, олардан кішілеу белгісіз шағала тұқымына «М» сериялы сақиналар салады; жазғы экспедицияның нәтижелерін талдау кезінде кәдімгі көл шағалаларына ұқсайтын, бірақ өзгешелеу балапандар мен олардың үлкендері қайтадан көңіл аудартады, сөйтіп, қызу айтыстар басталып кетеді… Осылайша мақтанышпен айтуымыз керек: «Алакөлдің жұмбақ шағаласы» зоология ғылымына белгілі болып, «дүниеге келді», кіндігін кескен Ернар Мұхтарұлы Әуезов еді. Айтуға жеңіл, Жоңғар қақпасынан соғатын әйгілі 10-12 балдық Ебінің желіне қарамай қаншама қажыр-қайрат, еңбек, сараптау мен салыстыру, ғылыми машақаттар бастан өткерілді, біз білеміз бе оны, тіпті осы жұрт Ернар Мұхтарұлын біле ме екен?! Мені осы ой мазалады.Ернар Мұхтарұлы 1966 жылы ҚазМУ-дың зоология факультетін бітіріп, 1966-88 жылдары ҚР ҰҒА-ның Зоология институтында қызмет істеген. Өмірінің соңына дейін жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі басқармада жұмыс істеп, олардың қоныс аудару мәселесімен айналысқан. Ернар Мұхтарұлы 80-ге жуық ғылыми еңбек жазып, «Қазақстан құстары» атты бес томдық басылымды шығаруға қатысқан.Жалпы, ғылымда ұзақ мерзімді, қажыр-қайратты, аса үлкен қаржыны және бір адамның ғұмырын керек ететін іргелі салалар бар. Соның бірі – осы зоология ғылымы. Құстардың қоныс аударуы, олардың түрі мен тегін анықтау дегеніміз – бір ғұмыр. Ал жеке бір түрін табу – сирек кездесетін жаңалық. Тағы қайталап айтамыз: Ернар Мұхтарұлы «Алакөлдің сыйлығын» әлемге жариялады. Ол – әлемнің үш жерінде ғана кездесетін, Қызыл кітапқа енген жұмбақ құс – реликті шағала.Бұл шағаланың тарихы мен жалпы сипаттамасы 1929-30 жылдары жасалғанымен, жеке тұқым ретінде 1970 жылы ғана қабылданған. Ернар Әуезовтің «Алакөлдің жұмбақ шағаласы» мақаласында: «Барлығы 1929 жылы швед географы және саяхатшысы Свен Гедин өзінің кезекті Орталық Азия экспедициясын ұйымдастырып, сәтті өткізгенде басталған еді. Экспедицияның бір мүшесі, зоолог К.Зодербом Моңғолияның оңтүстік шекарасының маңындағы Эдзин-гол өзенінің жағасында бір ерекшелеу шағала атып алды. Атақты швед зоологы З.Ленберг экспедиция материалдарын жүйелеп, жұмыс барысында құсты сипаттай келіп, оған жаңа тұқым статусын беру шешіміне бара алмады. Ол 1931 жылы оны қарабас шағаланың бір түрі ретінде сипаттап, көне заманнан қалған деген мағынада реликті шағала деп атады. Шағаланы Стокгольмдегі табиғат тарихы ұлттық музейіне қойды»[1], – деген тарихи мәлімет бар. Бұдан кейін бұл жұмбақ шағалаға америкалық орнитолог Чарльз Вори 1962 жылы «тек морфологиялық белгілердің ұқсастықтарына ғана қарап» зерттеу жасаса; 1967 жылы Чита облысындағы дала көлі Барун-Торейдің аралдарына зерттеу жүргізген Сібір зоологы А.Н.Леонтьев оны ұстап алады. Оның ерекше белгілеріне таңғалған ғалым терісін тексеруге Мәскеу университетінің биогеография кафедрасына жібереді. «Өкінішке қарай, ондағы мамандар «реликті» шағаланың Стокгольмдегі экземплярын еске түсіре алмады, – дейді Е.Әуезов. – Бірақ бұл қоңыр бас шағала да емес, бұрыннан белгілі екі тұқымның тұқымдық түрі де, гибридті де емес еді. Біздің лабораторияның қызметкерлері белгілі жүйелеуші ғалымдардың көмегіне сүйене отырып, бұл құстың жеке тұқым екенін дәлелдеп, өте сирек кездесетін болғандықтан (бұл құстың саны аз, колониялары әлемде бірнеше көлде ғана кездеседі), бұрынғы реликті шағала атын қалдырдық». Сонымен, реликті шағаланың (түрдің) авторы З.Ленберг (1931) болып, Қызыл кітапқа кіргізілді (жойылып кету қаупі бар, бар-жоғы үш жерде: оңтүстік-шығыс Байқал маңында, Ордоста (ішкі Моңғолияда) және Шығыс Қазақстанда ұялайды. Жалпы саны – 5 мыңдай шамасында). Швед ғалымы оны реликті шағала деп ғылымда алғаш атағандықтан, түрдің авторы болады, ал оны Алакөл аралдарынан 1968 жылы тауып, тұқым статусын берген (1972), бүкілодақтық және қазақстандық Қызыл кітапқа енгізілуіне және жан-жақты зерттеп (миграциясын, эволюциясын т.т.), ғылыми еңбек арнаған қазақ орнитологы – Ернар Мұхтарұлы Әуезов.Ал 1972 жылы Ернардың араласуымен Алакөлдің Орта, Тас, Үлкен Аралтөбе аралдарында «Реликті шағала» атты орнитологиялық қорықша ұйымдастырылды, бұл кейін «Алакөл» мемлекеттік табиғи қорығының» ашылуына себепкер болды (1998 жылғы 21 сәуірдегі ҚР Үкіметінің қаулысымен).Тартпай қоймас негізге...Әуен. Мұрат Әуезовтің «Әке – тірек, ана – жүрек» сұхбатынан: «Әкеміздің жазушылық қасиеті біздің Ернарға дарыды ма деп ойлаймын. Мен де қаламға жат емеспін. Бірақ менікі көркем әдебиет емес, зерттеулер, философиялық дүниелер ғой». Бұған күмән болмауға тиіс. Тек пен талант – қанмен келетін қасиет. Мұрат аға еске алғандай: өкініштісі, ол дүниеден ерте озды – 52 жаста. Ғылымның ұзақ жұмысынан босап шығып, әке белесіне жеткенде тамаша ойлар артында қалар еді. Ең болмағанда Әке туралы әдемі естелікті де айта алмапты. Бірақ рухы оның еңбектерінде бар.[caption id=«attachment_21279» align=«alignnone» width=«1000»]
Ернар жары Ольгамен[/caption]Қайырмасы. Ернардың шағаласы Алакөлде әлі де ұя басып, өзі тектес құстармен тату көрші өмір сүріп жатқанына сенгім келеді. Ол – бейбіт құс. Өзгеден алабөтен көріну де табиғатында жоқ. Тұрпаты да сұлу. Бойында ақ пен қара бірдей бар. Ұлылық та сирек кездесетін мінез болса, реликті шағаланың да үш жерде ғана мекендейтіні заңдылық. Ал оның Ернар Мұхтарұлымен тағдырының тоғысуы, тіптен бір жағынан ұқсас сияқты көрінуі кездейсоқ еместей. Алакөл–Ернар–Шағала: осы үштік бірін айтсақ, екіншісі еске оралатындай ұғымға айналуы керек. Өйткені Алакөл – еліміздің ең көрікті жері. Ертеректе К.Паустовскийдің бір әңгімесінен: «Алакөл дейді оны. Көл болғанда қандай, сыңсыған қамыс, жыпырлаған құстар. Жел соқса болғаны, су үстімен бұрқырап құс үлпегі ұшады» деген жолдарды оқығанда оны көрер ме еді деп армандағам, айтуға ұят – іргедегі Алакөлге әлі бара алмай жүрміз… Ал Үшаралда Е.М.Әуезов атындағы табиғат мұражайы жұмыс жасайды. Ел Ернарды ұмытпайды. Оның рухы шағала боп Алакөлде ұшып жүр. Жалпы, Алакөлдің аралдарына немесе көрнекті бір жеріне Ернар мен шағаласының аты беріліп, поэтикалық мүсін орнатылса, өзімізге де, өзгелерге де (туристерге) маңызды мәлімет болар еді.P.S. Алакөлді туризм орталығына айналдыру үшін тер төгіп жүрген Алматы облысының әкімі Амандық Баталов пен Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов осы ұсынысты жерге тастамай, жүзеге асырса игі еді.[1] Ауэзов Э. Реликтовая чайка: Статья. На рус., каз. и англ. яз. – Алматы: «Жибек жолы», 2003. Кітапты шығарғандар: М.М.Әуезов, Д.А.Қонаев, М.М.Әуезов. Қазақша аудармасы «Тұлпардың тұяғы» атты айдармен «Алакөлдің жұмбақ шағаласы» деп «Қазақ әдебиеті» газетінің 22.04.2011 жылғы санында жарияланған. Аударған – Рафат Әбдіғұлов. МАТЕРИАЛДЫ РЕДАКЦИЯНЫҢ РҰҚСАТЫНСЫЗ КӨШІРІП БАСУҒА БОЛМАЙДЫ.Фотоларды автор ұсынды.






