Ауғанбай Санақұлы. Далабай

18.11.2019, 13:10

20

Алтын күн мезгілінен бір сәткекешікпей бүкіл әлемді жылулық қушағына бөлеген. Күн көзіне шағылыса жарқыраған ғажапғимараттар. Көктемнің көркімен келіскен әсем қала. Таңғы таза ауаны алғашқылардыңбірі болып қарсы алатын өзіміздің Қалабай. «Иә, өзіміздің деппін ғой, бірқалада тұрған соң, жақын тартып айтқанымдағы. Қызық. Таза ауа дейміз-ау, таза қаланытүтін қылатын осы біздің Қалекең сияқтылар емес пе» деп ойлап қоямын?!  

Қалабайдың ерте тұруының ең негізгісебебі – балконға шығып темекісін бір бұрқ еткізіп, алысқа қарап ойлану. Таңменталаса балық аулайтын қармақшы тәрізді «ой аулайды». Бір көрген адам Қалабайдырасымен қалалық деп ойлап қалар...

Қаланың тыныш өміріне үйренгенҚалекең қалалық болғанына дәл биыл – он екі жыл. Көп сөйлемейтін, тұйықтау келген,көбінде үлкен ойдың жетегінде жүретін Қалабайдың алысқа қадалған жанарыары-бері қайшыласып, сабылысқан көліктерде. Қалекең жай бір  езу тартып мырс етті де, таңғы келген қалыңойға күмп ете қалды. Оның көзіне өзі сияқты көк түтінін будақтатқан ұзынавтобус пен қарсы келе жатқан жеңіл көлік шалынды. Автобус оған – өмірдіңбазарын түгел шарлап, асарын асап, жасарын жасаған қарт бейнесіндей; ал, жеңілкөлік – өмірдің қызығына енді кірген шапшаң қимылды албырт жас кейпіндей көрінді.Иә, өзі де осы қалаға алғаш келгенде дәл сондай еді-ау. Ал, қазір ше? Қалаөмірі жуасытып жіберген бе қалай?!

Достары әзілдеп, «Қалабай» атапкеткен бұл азаматтың негізгі аты –  Далабай.Иә, рас. Далабай десе, Далабай еді-ау! Ол өз есімінің не үшін «Далабай»аталғанын есейе келе білген. Алғашқыда азан шақырып, атын қойған адамға іштейренжіді, кейін ғана бұл есімнің қаншалықты мән-мағынаға ие құдіретті есім екенінтүсінген ...

                                            

 ***

Дала – сары шапанын жамылған.Күзгі сағыныштың адам өміріндегі орны өзгеше болары ақиқат. Далабай да дәлсондай күйде. Ауылдағы барша қимас жандарды, балалық бал дәурені өткен жұмақмекенін қалдырып, бірнеше күн бұрын қалаға оқуға келген. «Далабай» аты ауысып,«Қалабай» бола ала ма, әй, қайдан! Ол өз атында дархан даланың жусан иісі,аңғалдық пен адалдық, шынайы сезім мен тазалық барын қалаға келіп ұғынған. Қаншажерден атын өзгертсе де, туған топырақтан дарыған затын өзгерте алмасы анық. Оныңқалаға келген алғашқы жылдары таңғалу мен алдануға толы болды.

Көп қабатты үйлердің  балкондары оған – әжесінің құрт, ірімшік, салатынқалтасына, деңкиген-деңкиген денелі джиптар – құйырықты еркек қойларға, неше түрліұзақты-ірілі техникалар – қоңыз бен бал арасы бейнесінде елестеп, туған ауылын еріксізесіне салатын. Қуы мен шуы басым бас қаладан, жас қаладан басында басы айналып,тыныштықтың бесігі болған қарапайым ауылына жалғыз-ақ күнде тартып кеткісікелді. Бірақ, әйтеуір не де болса шыдау керек екенін, ауылдағы қариялардың: «жастароқыңдар, қазір оқығандардың заманы» деп отыратындары есінен шықпады.

Студенттің қызық пен шыжыққа,аштық пен тоқтыққа, бар мен жоқтыққа құрылған тамаша өмірі, әр қаланың түпкір-түпкіріненкелген өзі сияқты әр ата-ананың үкілеген үміті мен арман-тілегі жаңа достар,жаңа орта, жас өрендер мен бірге жаңа дамып келе жатқан жас қала – бәрі Далабайдыбірден баурап алды. Бастапқы жылдары сезімге ерік беріп сұлу қыздарға ғашықболды, бір ғалымнан бір ауыз сөз сұрай алмайтын жасық болды. Иә, «көш – жүретүзелер»… Жаңа оқу жылының абыр-сабыры басылған. Дәкең бүгінде кітапхананыңқайда екенін білген, айналасына сергек көзбен қарай бастаған. Содан не керек, сарғайғансағынышы мол күзде Далабай мөлдіреген сезімге толы ақын ағаларының кітабын оқыпжүріп, өзі де бір аруға ғашық болды.  Жүрегіаузына тығылып, іштен өлең болып шықты. Ауылдан енді келген қара торы, өжет қызДалаштың жүрегін шымыр еткізді.

         ...«Сезім дейтін кетіп қалып селгемен,

         Шыға алмаймын, шырылдаймын сенделем,

         Көңіл шіркін, тулаған бір көк дөнен,

         Байланып бір қалғандаймын сенде мен!

 

         Сүйкімді қыз инабатты, ибалы.

         Ғашық қылып, неге сонша қинады.

         Еркелеген қылығыңды көргенде,

Ет жүрегім –өр кеудеме симады»...

Хош, солай да солай Далабайдыңстуденттік өмірі – шәкірттері мен ғылымды шынайы жақсы көрген, бар білгенінбасқаларға жан жүрегімен беріле үйрететін қимас ұстаздардың дәрісіндей тез өтешықты.

Оқуын бітіріп, ыстық ортаменқоштасқанда өзін көк теңіздің ортасында жалғыз қалған, жүзіп өтпесе, суғабататындай сезінген Далабай қолды сермей жүріп, терлей жүріп жағаға шықты. Екіжыл ұстаздық етті. Кейін іштегі қалауы бойынша еркіндікке, яғни жаны сүйгеншығармашылыққа кетті.

Ауылдан жаңа бүр жарып келгенкөк шыбық – бәйтерегі бар жас қалада «бәйтеректердің» қасында жүріп, өзі де«бәйтерекке» айналуды ниет еткен-ді.  Солкүннен бастап қала өміріне бейімделіп, бойын да ойын да үйретті. Кейін өмірлікжары Еркеназбен отау құрып, көзінің ағы мен қарасындай бір ұл, бір қыз сүйген.

 

                                                     ***

Далабай бір сәт ұлын сабаққа апаражатқан орта жастағы замандасына қарады. Баласын қолынан тас қылып ұстап алыпты.Байғұс бала әкесінің қолынан сытылып шығып, асыр салып ойнағысы келеді, бірақәкесі жіберер емес. Шапқылаған құлындай емін-еркін өспесе, адам санасындаеркіндік, шығармашылық қайдан болсын! Ал, ауылда бәрі басқаша еді-ау! Ешкім десені тас қылып ұстамайды, «тасжүрек» те болмайсың! Әжеңнің әжімді болса дамамықтай жұмсақ қалақаны кекіліңді бір сипаса, бойыңдағы бар мейірімің оянып,көңілің көкке шарлаушы еді-ау! Ауыл дегеніміз – еркіндік пен мейірімнің мекеніекен ғой! Далабай қаланың қатал өміріне бір жылулықтың, әжесінің аялыалақанындай  бір жұмсақтық пен мейірімніңкерек екенін күн санап сезінгендей!

Есіне енді ұлт ұстазының құрметінеатын қойған кішкентай Ахметі түсті.  «Ахметімде аманшылық болса,  келер жылы мектепке баратынбоп қалыпты ғой, өтіп жатқан, өмір-ай» деп ой орманында тұрғанда, іштенМейірімнің іңгәләған сәби үні естілді. Далабай өзін ауыр ойдан арылтып, терең теңізденқұтқарған періштесіне іштей рақмет айтып,  асыға басып үйіне кіріп кетті...

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 18:56
Тығырыққа тірелген Тұғыл
11.08.2020, 21:58
«Мәдени астана» аясында 7 шара өтеді
11.08.2020, 21:53
Әкім сұрақтарға онлайн жауап берді
11.08.2020, 21:53
Әкім сұрақтарға онлайн жауап берді
11.08.2020, 21:50
«Шәмші аллеясы» жаңарып жатыр
11.08.2020, 21:47
Коронавирустан 3 мыңнан астам адам емдлеліп шықты

Аңдатпа


  • Tengri Bank салымшылары кепілдік өтемін қай банктен және қалай алады
    25.09.2020, 10:26
  • Бір тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны анықталды
    23.09.2020, 09:43
  • Nur Otan еліміздің солтүстік облыстарына қатысты қандай уәде береді?
    22.09.2020, 09:50
  • Конгресс-Холл экс-директоры миллиардтаған ақша жымқырған ба?
    21.09.2020, 15:07
  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39