Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 16:11

Ауғанстан азаматы мемлекет қаржысына пәтер алған

Баспана кезегі
Фото: из открытых источников

Павлодар облысында қандастарды көшіру жөніндегі мемлекеттік бағдарлама аясында бюджет қаражатын жымқырған азаматтан 20 млн теңге тұратын пәтер мемлекет кірісіне тәркіленді. 

Павлодар облысының прокуратурасы қандастарды көшіру жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны іске асыру барысында бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша қозғалған қылмыстық іс аясында мүлікті тәркілеу туралы сотқа дейінгі өндірісті бастады.

"Тергеу барысында Ауғанстан Республикасының азаматы өзінің қазақ ұлтына жататыны туралы көрінеу жалған мәліметтер мен құжаттар ұсыну арқылы әлеуметтік төлемдерді заңсыз алғаны анықталды. Аталған қаражат құны 20 миллион теңге болатын пәтер сатып алынған. Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға жол бермеу мақсатында прокуратура органдарының өтініші бойынша сот мүлікті мемлекет кірісіне тәркілеу туралы шешім қабылдады", – делінген облыстық прокуратураның хабарламасында.

Сот актісі заңды күшіне енген жоқ. Алаяқтық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру қылмыстық қудалау органы тарапынан жүргізіліп жатыр.

Тегтер: