Ауғанстан президент сайлаған күні "Талибан" жарылыс жасады

30.09.2019, 02:00

4

Ауғанстан президентін сайлау күні бірнеше сайлау учаскесінде жарылыс болып, кемінде бес адам қаза тапқан. Ондаған адам жараланған. Ауғанстанның ресми билігін мойындамайтын «Талибан» қозғалысы шабуылды мойнына алған.

Сайлау алдында тәліптер тұрғындарды сайлауға бармауға шақырып, қорқытқан еді. Билік қауіпсіздік шараларын күшейтіп, сайлау учаскелерін күзетуге 72 мың сарбаз шығарды.

Президент сайлауы күні сайлау учаскесінің маңын күзетіп тұрған сарбаздар. Ауғанстан, Жалалабад 28 қыркүйек 2019 жыл. /> Президент сайлауы күні сайлау учаскесінің маңын күзетіп тұрған сарбаздар. Ауғанстан, Жалалабад 28 қыркүйек 2019 жыл.

Бақылаушылар сайлауға адам өте аз қатысқанын, дауыс беру процесі 2018 жылғы парламент сайлауына қарағанда жинақы ұйымдастырылғанын хабарлады. Кейбір сайлау учаскелерінде техникалық ақаулар болған, сайлаушылар тізімінің толық еместігі байқалған.

Кабулдағы сайлау учаскелерінің бірі. 28 қыркүйек 2019 жыл. /> Кабулдағы сайлау учаскелерінің бірі. 28 қыркүйек 2019 жыл.

28 қыркүйекте Ауғанстанда президент сайлауы өтті. 34 провинцияда бес мыңнан астам сайлау учаскесі жұмыс істеді. 35 миллион халқы бар Ауғанстанда сайлау учаскесіне 9,6 миллион адам тіркелген.

Сайлауға 15 кандидат қатысқанымен, негізгі бәсекелестер президент Ашраф Ғани мен атқарушы билік тармағының жетекшісі Абдулла Абдулла деген болжам айтылады.

«Талибан» қозғалысы 2001 жылы биліктен кеткелі бері Ауғанстанда президент сайлауы төртінші рет өтті.

АҚШ пен «Талибан» ұйымы арасындағы келіссөзге дайындықтың ұзаққа созылуына байланысты Ауғанстандағы президент сайлауы екі рет кейінге шегерілді. Бірақ Кабулдағы тәліптер шабуылының үдеуіне байланысты қыркүйек айының басында АҚШ президенті Дональд Трамп тәліптермен келіссөзді үзді.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    14:39
  • Көлік кептелісінен құтылар күн бар ма?
    18.09.2020, 14:27
  • Емханаға тіркелу науқаны басталды
    18.09.2020, 14:13
  • Мегаполистің білім саласы автоматтандырылды
    13:46
  • Интернетте балаларға қауіпті тағы бір ойын пайда болды
    13:34