Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
09:21, 16 Тамыз 2021

Ауғанстан президенті отставкаға кетті (видео)

None
None

Ауғанстан президенті Ашраф Ғани Кабулдан кетіп қалды.

Иранның Tasnim агенттігі әуежайдан видео жариялады.

Кей мәлімет бойынша, Ашраф Ғани отставкаға кетуге келіскеннен кейін елден ұшып кетті. «Азия-Плюс» ақпараты бойынша, Ауғанстан Президенті Тәжікстанға сапар шегіп, одан кейін басқа елге барады (бірақ қай елге баратыны әлі белгісіз).

Журналистер Ашраф Ғаниді оның ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Хамдулла Мухиб пен Әкімшілік басшысы Фазл Махмуд алып жүргенін хабарлап жатыр.

15 тамызда «Талибан» террористік қозғалысы Ауғанстанның бүкіл аумағын бақылауға алғанын жариялады. Содырлар Үкіметпен Кабулға бейбіт жолмен кіру мүмкіндігі туралы келіссөз жүргізіп жатқанын және Ауғанстан үкіметі өтпелі кезең аяқталғанға дейін Кабулдың қауіпсіздігі үшін жауап беретінін айтқан.

Тегтер: