Ауғанстанда екі кандидат президент қызметіне кіріскенін жариялады

10.03.2020, 23:45

3

Кабул қаласында екі кандидат Ауғанстан президенті қызметіне кіріскенін білдіретін салтанатты рәсімді қатар өткізді. Қазіргі іс басындағы мемлекет басшысы Ашраф Ғани президент сарайында ант қабылдады. Дәл сол уақытта көршілес сарайда өзін «президент сайлауында жеңдім» деп жариялаған премьер-министр Абдулла Абдулланың салтанатты ұлықтау рәсімі өтті.

Ауғанстандағы президент сайлауы 2019 жылдың 28 қыркүйегінде өткен. Қорытындысы бес айдан соң, 2020 жылдың 18 ақпанында жарияланған. Ауғанстан сайлау комиссиясының қорытындысы Ашраф Ғани 50,64 пайыз дауыспен жеңді деп көрсеткен. Оның жеңісін әлем қауымдастығы мойындаған.

Абдулла Абдулла 39,52 дауыспен екінші орынға тоқтады. Сайлау қорытындысын мойындаудан бас тартқан ол өз үкіметін құруды жоспарлап отыр.

Ауғанстанда қос үкімет «Талибан» қозғалысымен келіссөз қарсаңында пайда болғалы тұр. «Талибан» өкілдері 29 ақпанда АҚШ-пен бітімге қол қойған. Бітім құжатында халықаралық коалиция күштерінің Ауғанстаннан шығарылатыны көзделген. Тәліптер өздері бақылайтын аумақта террористерді паналатпай, Ауғанстан үкіметімен келісе жұмыс істеуге міндеттенген.

NBC телеарнасы жоғары лауазымды шенеуніктерге сілтей отырып, АҚШ барлау мәліметтері «тәліптердің бітім шартын орындамайтынын, шетел әскері ауған жерінен шығысымен үкімет әскеріне шабуыл жасауы мүмкін екенін» хабарлады. Қазір тәліптер ауған жерінің жартысына жуығын бақылап отыр.

#GR-1016a { height: 50px; -webkit-box-pack: justify; -ms-flex-pack: justify; justify-content: space-between; margin-bottom:24px; } #GR-1016a div { padding-left: 10px; width: 32%; height: 100%; font-size: 16px; line-height: 50px; -webkit-filter: grayscale(1); filter: grayscale(1); } #GR-1016a div:hover { -webkit-transform: scale(1.04); transform: scale(1.04); -webkit-transform-origin: 50% 50%; transform-origin: 50% 50%; transition:all .3s; } #GR-1016a div:hover { -webkit-filter: grayscale(0); filter: grayscale(0); } #GR-1016a .c1 { background: #f7f7f7 url('https://gdb.rferl.org/8E457501-5DFF-4374-AF52-2D5AAF25FF22.png') no-repeat 95% center; background-size: 18px; } #GR-1016a .c2 { background: #f7f7f7 url('https://gdb.rferl.org/DBCDC937-09B4-48FB-8FF8-28E3AB5E741B.png') no-repeat 95% center; background-size: 40px; } #GR-1016a .c3 { background: #f7f7f7 url('https://gdb.rferl.org/08F40524-CFE8-4AAD-A22F-1C19A9DD651F.png') no-repeat 95% center; background-size: 28px; } #GR-1016a .c1:hover h5 { color: #3b5998; } #GR-1016a .c2:hover h5 { color: #45668e; } #GR-1016a .c3:hover h5 { color: #ff0000; } @media (max-width: 639px) { #GR-1016a { -webkit-box-orient: vertical; -webkit-box-direction: normal; -ms-flex-direction: column; flex-direction: column; height: auto; } #GR-1016a div { width: 100%; margin-bottom: 5px; } #GR-1016a div:hover { -webkit-transform: none; transform: none; } }
AZATTYQ Facebook-та
AZATTYQ VK-да
AZATTYQ Youtube-та

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39
  • Көлік кептелісінен құтылар күн бар ма?
    18.09.2020, 14:27
  • Емханаға тіркелу науқаны басталды
    18.09.2020, 14:13
  • Мегаполистің білім саласы автоматтандырылды
    20.09.2020, 13:46
  • Интернетте балаларға қауіпті тағы бір ойын пайда болды
    20.09.2020, 13:34