Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
13:10, 30 Қыркүйек 2025

Ауғанстанда интернет толық өшірілді

Интернет Ауғанстан
Фото: WAKIL KOHSAR/AFP via Getty Images

29 қыркүйекте Ауғанстан аумағында интернет толық өшірілгені хабарланды. Халықаралық NetBlocks мониторинг қызметі мұны «Талибан» қозғалысының «мораль нормасын сақтау» саясатына байланысты қабылданған шара деп бағалады.

NetBlocks-тың Telegram-арнасында жарияланған мәлімдемеде: «Ауғанстан қазір интернеттен толық ажырап отыр. Бұл – биліктің мораль нормаларын сақтауға бағытталған қадамы» делінген. Қызметтің дерегінше, елде телефон байланысы да іркіліске ұшыраған.

Associated Press агенттігінің мәліметінше, бұл – «Талибан» 2021 жылғы тамызда билікке келгеннен бергі интернеттің тұтас ел бойынша алғаш рет ажыратылуы.

Бұған дейін, қыркүйектің ортасында, билік Балх провинциясында интернетті өшірген еді. Үкімет өкілдері бұл қадамды «арсыздықтың алдын алу» үшін қабылдағанын мәлімдеген. Олардың айтуынша, болашақта халықтың қажеттілігін өтеу үшін балама желі құрылады.

Кеңейген шектеулер

AP дерегінше, ол кезде тек Балхта интернет ажыратылды делінген. Алайда Reuters агенттігі Балхпен қоса Кундуз, Бадахшан, Баглан және Тахар провинцияларында да кабельдік интернеттің жұмыс істемегенін жазды.

Сол кезде мемлекеттік мекемелер, үйлер мен жеке кәсіпорындар интернетсіз қалған. Дегенмен мобильді байланыс уақытша жұмыс істеген еді.