Ауғанстанда тәліптер ДДСҰ-ның жұмыс істеуіне рұқсат етті

27.09.2019, 02:00

17

Ауғанстанның тәліптерге қарайтын аумағында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) жұмыс істеуіне қайтадан рұқсат берілді. Бұл шешімді «Талибан» экстремистік тобы 25 қыркүйекте хабарлады. Жақында ғана АҚШ бұл топпен бірнеше айға созылған бейбіт келіссөзді үзген.

2019 жылы сәуір айында тәліптер өздері бақылайтын аумақта ДДСҰ және халықаралық "Қызыл крест" комитетінің жұмыс істеуіне тыйым салып, бұл ұйымдардан полиомелит екпесіне байланысты «күдікті» әрекет байқалғанын хабарлаған.

«Біздің өкілдерімізбен тұрақты түрде кездесу өткізіп, кемшіліктерін жойғаннан кейін ДДСҰ жұмыс істеуге рұқсат алды» делінген топ мәлімдемесінде.

Ауғанстанның тәліптер бақылауындағы аймақта ДДСҰ жұмысының тоқтауы осы өңірде жиі кездесетін полиомелит ауруының жаппай таралу қаупін туғызған.

«Талибан» экстремистік тобы 10 күн бұрын "Қызыл крест" ұйымының жұмыс істеуіне де рұқсат берген.

/*Telegram*/ #gr-961-tel { outline:1px solid #DEE1E2; height: 73px; padding: 0px 10px; margin-bottom: 15px; float: none; } #gr-961-tel img { width:130px; } #gr-961-tel:hover { outline:2px solid #61a8de; text-decoration: none; } #gr-961-tel .text { margin-right: 20px; text-align: center; } #gr-961-tel span { color: #61a8de; } #gr-961-tel p { font-size: 21px; margin:0; color: #7C858D; line-height: 1.2; }

Telegram бізге жазылыңыз

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • Жарты мүшелі жан жұртқа жігер беріп отыр (видео)
    10:22
  • Ар сатылды, кен шашылды
    09:55
  • Ұлттық банк теңгенің әлсіреуіне қатысты түсінік берді
    28.09.2020, 15:45
  • «Shymkent bike» қызметін пайдаланушылар көбейді
    26.09.2020, 15:01
  • Үш мыңға жуық медицина қызметкеріне біржолғы төлем берілді
    28.09.2020, 11:16