Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
09:00, 08 Қыркүйек 2025

Ауғанстанда жер сілкінісі болған кезде әйелдерге көмек көрсетілмеді

Жер сілкінісі
Фото: ашық дереккөз

The New York Times жазуынша, құтқарушылар алдымен ерлер мен балаларды үйінді астынан алып шыққанымен, әйелдерді алып шықпаған.

 Бұған «Талибан» енгізген тыйымдар себеп болған – оларға бөтен әйелге қол тигізуге рұқсат жоқ.

Нәтижесінде жүздеген әйел көз жұмды, ал тірі қалғандары қырық сағаттан кейін ғана медициналық көмекке қол жеткізген.

Кунар провинциясындағы куәгерлердің айтуынша, жедел жәрдем қызметі ер адамдар мен балаларды тасып әкетсе, қыздар мен әйелдер еш жәрдемсіз  қалған. Құтқарушылар оларды мүлде байқамағандай әрекет еткен.

Ресми деректерге сәйкес, апаттан 2 200-ден астам адам қаза тауып, шамамен 4 мың адам жарақат алған. Жергілікті билік шатыр жетіспеуіне байланысты зардап шеккендерді орналастыруда қиындыққа тап болып отыр.

Тегтер: