Ауғанстанда жолаушылар ұшағы апатқа ұшырағаны хабарланды

28.01.2020, 02:47

3

Ауғанстанның орталығындағы Газни провинциясында жолаушылар ұшақ апатқа ұшырады. Бұл туралы аймақ басшылығы Азаттықтың Ауған қызметіне хабарлады.

Алдын ала дерек бойынша, ұшақта 83 адам болған.

Провинция губернаторының өкілі Ареф Наори Азаттықтың Ауған қызметіне ұшақтың 27 қаңтар жергілікті уақыт бойынша 13.10-да апатқа ұшырағанын айтқан.

Қаза тапқандар мен аман қалғандар жайлы да ақпарат түскен жоқ.

«Адамдарымыз ұшақ апатқа ұшырған аймаққа баруға тырысып жатыр. Бірақ ол жер алыс және біздің әскерилердің ол аймаққа кіруге рұқсаты жоқ» деді Наори.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • Кәдеге аспаған диплом
    17.09.2020, 11:16
  • Бетпердені автобуста сатып алуға болады
    20.08.2020, 16:26
  • Өткен тәулікте коронавирус пен пневмониядан тағы 6 адам қайтыс болды
    16.09.2020, 09:45
  • Жәрмеңке қайта жалғасады
    11.09.2020, 21:58
  • Сылтауы бітпейтін әкім
    15.09.2020, 11:04