Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 14:00

Ауғанстанда жойқын жер сілкінісінен қаза тапқандардың саны 1400-ден асты

Жер сілкінісі
Фото: ашық дереккөз

Ауғанстанда жойқын жер сілкінісінен қаза тапқандардың саны 1400-ден асты.

Ең ауыр жағдай Кунар провинциясында тіркелді. Ресми деректерге сәйкес, 3 мыңнан астам адам жарақат алған, ал қираған үйлердің саны 5 мыңнан асып отыр. Жергілікті билік қаза болғандар көрсеткіші әлі де өсуі мүмкін екенін айтады.

Халықаралық қауымдастық апат салдарын жоюға көмек беруге дайын екенін білдірді. Ұлыбритания 1 млн фунт стерлинг бөлуге уәде етті. Бұл қаражат тікелей «Талибанға» емес, серіктес ұйымдар арқылы жеткізілмек. Үндістан, Қытай және Швейцария да гуманитарлық көмек көрсетуге әзір екенін мәлімдеді.

БҰҰ да шұғыл түрде 5 млн доллар қаржы бөлді. 

Айта кетейік, 1 қыркүйекте Ауғанстанда жер сілкінді. Жер сілкінісі магнитудасы 6 балл болып, жергілікті уақытпен түн ортасына таяу Пәкістан шекарасына жақын Ауғанстанның шығысында тіркелген. Бастапқыда тек екі баланың қаза тауып, 15 адамның жараланғаны хабарланған еді. Енді қаза болғандар саны мыңнан асты.

Тегтер: