Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 12:34

Ауғанстандағы жер сілкінісінен кемінде 500 адам қаза тапты

Жер сілкінісі
Фото: ашық дереккөз

Ауғанстандағы жер сілкінісінен кемінде 500 адам қаза тапты.

Al Jazeera Ауғанстанның мемлекеттік БАҚ-тарына сілтеме жасап хабарлауынша, тағы шамамен мыңға жуық адам жарақат алған. Денсаулық сақтау министрлігінің өкілі бірнеше ауылдың толығымен қирағанын мәлімдеді.

Зардап шеккен аймақтарға 800 келі дәрі-дәрмек пен ондаған дәрігер жіберілді.

Жер сілкінісі магнитудасы 6 балл болып, жергілікті уақытпен түн ортасына таяу Пәкістан шекарасына жақын Ауғанстанның шығысында тіркелген. Бастапқыда тек екі баланың қаза тауып, 15 адамның жараланғаны хабарланған еді.