Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Кеше, 13:00

«Ауыл аманаты»: мемлекеттік бағдарлама дәстүрді жаңғыртуға және ауыл тұрғындарының өмірін жақсартуға қалай көмектеседі

1

Нұра ауданының Шұбаркөл ауылында жылқы өсіру және қымыз өндіру бойынша жеке кешен ашылды. Бизнесін жаңадан бастаған кәсіпкер «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша мемлекеттік қолдаудың арқасында мал мен жабдықтар сатып алды.

«Ауыл аманаты» – бұл ауыл шаруашылығы саласындағы бизнесті шағын несиелеу бағдарламасы. Соның арқасында ауыл тұрғындары өз ісін бастап, жұмыс орындарын аша алады.

Шұбаркөл ауылының тұрғыны Әділбек Әбуов «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша жеңілдікті несие алып, жылқы өсіру және қымыз өндіру кешенін ашты. Ол 42 жылқы мен қажетті жабдықтар сатып алды.

– Жобаның арқасында жұмыс орындарын құруға мүмкіндік туды, бұл әсіресе ауылдық жерлер үшін маңызды. Адамдар үйдің жанында жұмысқа орналасу мүмкіндігіне ие болды. Бұдан басқа, табиғи қымыз тұрақты жеткізіліп тұрды, бұл жергілікті тұрғындар үшін сапалы өнімдерге қолжетімділікті жақсартты. Бұл жұмыспен қамту деңгейін арттырып қана қоймай, ауылдағы экономикалық белсенділікті жандандырды, – деп есептейді кәсіпкер.

Оның айтуынша, ауыл тұрғындары «Ауыл аманаты» жобасына қызығушылық танытуда: мемлекеттен қандай мақсаттарға және қандай шарттармен жеңілдікті несие алуға болатынын сұрайды. Кейбіреулер Әділбектің үлгісімен өз бизнесін ашуға бел буды. Оның өзі мойындағандай, мемлекеттік бағдарламаға қатысу оның өмірін өзгертті.

– Жоба іске қосылғаннан кейін өмірім жақсы жаққа өзгерді. Тұрақты табыс, ертеңгі күнге деген сенім пайда болды. Енді мен шаруашылықпен ғана айналыспай, толыққанды отбасылық бизнесті дамытамын. Бұл отбасын жақындастырды, әркім мүмкіндігінше көмектеседі. Біз ісімізді кеңейтуді жоспарлай бастадық, өмір сүру мен еңбек жағдайын жақсарттық. Мемлекеттің қолдауының арқасында біз нақты өсу перспективаларын көрдік, – дейді фермер.

Қазір кәсіпкер жайылымдар мен мал басын көбейту жолдарын қарастыруда. Сондай-ақ, ол қымыз құю цехын ашып, жергілікті дүкендерге, базарларға, сондай-ақ көрші аудандарға жеткізуді жолға қоюды жоспарлап отыр.

– Негізгі мақсат – шаруашылықты жаңа деңгейге шығарып, экономикаеы нығайту, – деп бөлісті Әділбек.