Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
10:34, 20 Қазан 2023

Ауыл партиясының төрағасы тағы ауысты

1
Фото: из открытых источников

 «Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясының кезектен тыс XXIII съезінде партияның жаңа төрағасы сайланды, деп хабарлайды Zhasalash.kz.

Партияның баспасөз қызметінің хабарлауынша, съезде қаралған басты сұрақ жаңа төрағаны сайлау болды.

"Парламент Мәжілісіндегі "Ауыл" саяси фракциясының партиямыздың сайлауалды бағдарламасын іске асыру, сондай-ақ Мемлекет басшысының депутаттар алдына қойған міндеттерін орындау жөніндегі жұмысын жандандыру қажет, осыны ескере отырып, Мәжілістің сайланған депутаттары арасынан партияның жаңа көшбасшысы болуға тиіс деп есептеймін", – деді Әли Бектаев.

Партияның жаңа төрағасы болып ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Серік Егізбаев сайланды.

Ауыл партиясындағы жаңа тағайындауларға қатысты агро-блогер пікір білдіріп, оқырмандарына ""Ауыл" партиясының жаңа төрағасы алға қойылған міндеттерді ойдағыдай атқарып, партия жұмысын жаңа деңгейге шығара ала ма? Ауылдарымыз енді жаңа қарқынмен дами ма?"- деп сауал тастады.

Желідегі оқырмандар болса "Ия, бұл жәй құбылыс емес. 7 айда дым бітірмеген партия, ауылды төрге емес, көрге сүйреуда. Дәлел ауыл шаруашылығы саласының құлдырауы, қатарларында орын алған келеңсіздіктер де бар", "Бұрынғы ауыл партиясы өз шаруасын бітіріп алды, сол кезде керек болған шығар, саясаткерлерге, ал енді қазір ауылдың көркі құлдырауға келіп тұр, өте қиын жағдайда тұрмыз, ауыл шаруашылық күйзеліске келіп тұр", "Ауылдың атын жамылған партия кімге керек, ауыл диқандары шығынға батуда",- деп көпшілігі партияға қарсы пікір білдірді.