11:22, 12 Шілде 2022
Аула спорты жаңғыруда
Маңғыстау облысы әкімдігінің қолдауымен «Біздің ауламыздың чемпиондары» атты әлеуметтік жобасы 2022 жылдың 1 маусымынан бастап өз жобасын жалғастыруда.
Қазіргі таңда Маңғыстау облысының барлық аудан, ауылдарында ұлттық спорт түрлерін жаңғыртып жатыр.
Өскелең ұрпақ жастарды, балаларды ұлттық спорт түрлерімен: тоғызқұмалақ, қыз қуу, атқа отырғызу, құсбегілік, арқан тарту, асық ату ұлттық ойындарын дәріптеуіміз қажет. «Ұлттық ойын – ұмытылмас мұра».
«Біздің ауламыздың чемпиондары» әлеуметтік жобасы балаларды спортқа баулу мақсатымен қатар, спортқа қызығушылығы жоқ балалардың ұлттық спорт арқылы қызығушылығын арттырып жатыр. Міне, Маңғыстау облысында осындай игі іс-шаралар жасалуда.