Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
15:10, 26 Тамыз 2019

Әулиеата аспанында ән әуелеп, күй күмбірлеп тұр

Әулиеата өңірінің бай тарихы мен мәдениетін дәріптеумақсатында Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер жәнеқұжаттама басқармасы тарапынан соңғы уақыттағы атқарылып жатқан жұмыстарғабәрекелді деуге болады.

  Мәселен,«Жамбыл – менің жай атым, халық –менің шын атым»республикалықақындар айтысы, халық шығармашылығының«Әулиеата бояулары» І фестивалі, облыстық«Taraz симфониясы»классикалық өнер фестивалі,«Талас толқындары» атты І облыстықмузыкалық өнер фестивалі аясында Ы.Дүкенұлы атындағыоблыстық «Жез киік»қобызшылар конкурсы, К.Әзірбаев атындағы республикалық«Шырқадаусым»ән конкурсы, «Жаңарған Жамбылым»облыстық эстрадаорындаушылардың конкурсы,«Би керуені»облыстық хореографиялықансамбльдердің конкурсы,«Көне Тараз күмбірі»атты Іэтно-фольклорлық фестивалі,жастар арасында«Үздік сценарийлер»байқауы, т.б осылай кете береді.

Конкурстар мен байқаулар жайлы әңгімемізді осыжерден үзе тұрып, Жамбылдағы мәдениет мекемелерінің жыл басынан бергі кәсібидамуы мен қызметіне қысқаша тоқтала кетсек. Бұл ретте облыстық театрлар 30485көрерменге 273 қойылым ұсынып, репертуарларын толықтыру мақсатында әр түрліжанрда 8 жаңа қойылым сахналаған. Театр ұжымдары көшпелі қойылымдарменоблысымыздың аудандарында және Алматы, Талдықорған, Ақтөбе қалаларынагастрольдік іссапарлар ұйымдастырған. Татарстан астанасы Қазан қаласында өткенХалықаралық театр фестиваліне қатысып қайтты. 

Жыл басынан бері облыс музейлерінде 103 мыңнанасатын экспонаттарды 25664 келушілер тамашалап, 854 экскурсия, түрлітақырыптарда 244 көрме ұйымдастырылған.

Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер жәнеқұжаттама басқармасының басшысы Дүйсенәлі Бықыбаев облыстағы тарих жәнемәдениет ескерткіштерінің сандық көрсеткіші 3 368-ті құрайтынын, оныңішінде 741-і мемлекеттік тізімге алынған тарихи – мәдени ескерткіш, мұның 711ескерткіші жергілікті дәрежеде. 30 ескерткішреспубликалық дәрежедегі ескерткіштер болса, оның  5-і ЮНЕСКО-ның «Бүкіл әлемдік Мәдени Мұра»тізіміне алынып, Халықаралық дәрежедегі ескерткіштер мәртебесіне ие екенінжеткізді.

Ал облыстағы бірден-бір үлкен өнер ұжымы облыстықфилармония жыл басынан бері өткен барлық даталы мерекелерге атсалысып,құрамындағы шығармашылық ұжымдар 132 концерт ұйымдастырып, оларды 50 мыңға жуықкөрермен тамашалаған. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Жаһандық әлемдегізаманауи мәдениет» арнайы жобасына сәйкес «Ақкербез» би ансамблі БАӘ-деХалықаралық Шейх Заид атындағы мәдени фестивальға қатысса, ӨзбекстанРеспубликасындағы Қазақстан жылы аясында Өзбекстанның Жиззах облысындаК.Әзірбаев атындағы облыстық филармонияның, Сарысу ауданының «Айжанқыз» би және Жуалы аудандық театр ұжымдары өнер көрсетіп, көрермендерризашылығына бөленіп қайтты,- дейді басқарма басшысы.

Сонымен қатар,өңіріміздегі мемлекеттік кітапханаларда цифрландырылған ақпараттық орталықтары ашылып, қазіргі уақытта 76  кітапхана мобильді стандартқа көшірілген. Сол76 кітапханада 92 орталықтар  ашылған.

Ал басқарма тарапынанТараз қаласының тұрғындары мен қонақтарының демалыс күндерін көтеріңкі көңілде,әсерлі өткізу мақсатында маусым айының 14-нен бері аптаның сенбі, жексенбікүндері «Жеңіс» саябағында тегін концерттер ұйымдастырылуда. Әулиеата аспанындаән әуелеп, күй күмбірлеп тұр деп жатқанымыз содан.

Тегтер: