13.07.2020, 15:27
183
Стационардан шығарылған пациенттерге тынысалу органдарын оңалту мәселелеріне ерекше назар аудару ұсынылды. Ол үшін тынысалу гимнастикасымен айналысу керек. Бұл туралы медицина ғылымдарының докторы,профессор, Алматы қаласының штаттан тыс Бас пульмонологы Сәуле Қасенова айтты.
«Бұл терең тыныс алуға бағытталғанқарапайым жаттығулар болуы мүмкін. Бұл жеңіл «дем алу» үшін қажет. Бұлжаттығулармен үйде тұрақты түрде, күніне 3-4 рет 15-20 минуттан айналысукерек», — деді маман.
Пациенттерді амбулаториялық қалпынакелтірудің маңызы туралы айта отырып, пульмонолог-дәрігер аурудан кейін ағзанықалпына келтірудің халықтық әдістеріне назар аударды. Профессордың айтуынша,пациенттер қымыз бен шұбат қабылдай алады, оларда ілеспе панкреатит немесеасқазан-ішек жолдарының басқа да аурулары болмаған жағдайда.
Витаминдер мен микроэлементтер ағзанықалпына келтіруге көмектеседі. Коронавирустық инфекция орган үшін үлкениммундық стресс. Сондықтан мен бұл сусындарды пайдалануды ұсынар едім», — дедіС. Қасенова.
Сонымен қатар, маман COVID – 19-беналғашқылардың бірі болып күрескен қытайлық дәрігерлердің ұсынысы бойынша«пармелия», «мия тамыры» және т.б. өкпені тазартуғакөмектесетін түрлі фитопрепараттарды қолдануға кеңес берді.
«Олардың тәжірибесі бойынша емдеунегізінен дәстүрлі қытай медицинасы препараттарында жүргізілді», — дедіалматылық пульмонолог-дәрігер.
ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР