«Ауруханадағы жағдай мүшкіл»

14.07.2020, 13:39

4

                   Жезқазған тұрғындарыдабыл қағуда

    Арқатөсіндегі кеншілер қаласындағы көпсалалы орталық аурухана төңірегінде шу шықты.Ауруханада коронавирусқа шалдығып, ем алып жатқан науқастардың туыстары басдәрігердің кабинетіне барып, «медициналық мекемеде дәрігерлік көмекті жақсартуқажет» деп талап қойған.

Тұрғындар орталықаурухананың провизорлық бөлімшесіндегі жағдайды ұялы телефондарынатүсіріп,  ғаламтор желісіне таратқан. Науқастардың айтуынша, провизорлықбөлімшедегі тар палатада  жеті адамнан жатып ем алуда әрі ауруханада жиһаздаржетіспейді. Сонымен қатар сырқатқа шалдыққан жандар өздеріне көрсетіліп жатқанмедициналық қызмет сапасының төмен екеніне шағым білдірген. Шыдамдары таусылғаннауқастардың туыстары бас дәрігердің кабинетінде «ескі протоколмен емдепжатырсыңдар,  қайдағы ем, бір күнде он шақты адам өледі, сендердіңдәрігерлік көмектерің осы ма» деп наразылық танытқан.

   Жезқазған ауруханасындағы провизорлықбөлімше қысқа мерзімде жасақталған. Дәрігерлердің айтуынша, сырқаттанушыларсаны күрт көбейген кезде тұрғындар бейнежазбаны түсіріпті. Дегенмен денсаулықсақтау басқармасының мамандары ауруханада жиһаздың жетіспеуі маңызды емес, еңбастысы, науқастардың дер кезінде ем алуы деп есептейді. Сондай-ақ бұл бөлімшедекоронавирусты анықтайтын тестілеудің  нәтижесін күткен науқастар да жатырекен. Тестілеу нәтижелерінен кейін оларды басқа провизорлық мекемеге немесежұқпалы аурулар ауруханасына  жібереді.
«Бұл ауруханада, ең бастысы, ауыр жағдайда қалған науқастарға дер кезіндемедициналық көмек көрсету. Ауруханада 500-ден астам орын дайындауға болады, қазіролардың саны – 350, орын жеткілікті. Жезқазған өңірінде медициналық көмеккөрсетуге дәрігерлердің күші толық жетеді», – деп мәлімдеді денсаулық сақтаубасқармасы бастығының орынбасары Гамаль Тоқсамбаев.
     Шенеуніктер  санитарлық басдәрігердің хаттамасына сәйкес,  стационарда тұрғындарға түсірілім жасауғатыйым салынғанын мәлімдеді.  Аурухананыңбас дәрігері коронавирусқа шалдыққандықтан, «еңбекке жарамсыздық» парағынашқызып, үйде болған. Алайда мамандар жетіспегендіктен, оны жұмысқа шақырыпты.Енді тұрғындардың арыз-шағымынан кейін денсаулық сақтау басқармасының бастығыаурухананың бас дәрігеріне сөгіс жариялаған. Дәрігерлер жалпы жұртқа қиын тиіптұрған шақта ақ халатты жандардың жұмысына түсіністікпен қарауға шақырады.   

     «Малым – жанымның садағасы» деп, төрттүліктің арқасында күнелтіп отырған ауылдағы ағайын да қарап қалмай, кеселгешалдыққандарға көмек көрсетуге ұмтылуда. Жаңаарқа ауданындағы Ералиев ауылыныңтұрғындары 1000 литр қымыз жинап,  Жезқазған, Қарағанды  қалалары мен Жаңаарқа ауданы ауруханасындағы науқастарға апарып берді.

АрайлымЕРКЕБАЕВА

Жезқазғаноблысы

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 18:56
Тығырыққа тірелген Тұғыл
11.08.2020, 21:58
«Мәдени астана» аясында 7 шара өтеді
11.08.2020, 21:53
Әкім сұрақтарға онлайн жауап берді
11.08.2020, 21:53
Әкім сұрақтарға онлайн жауап берді
11.08.2020, 21:50
«Шәмші аллеясы» жаңарып жатыр
11.08.2020, 21:47
Коронавирустан 3 мыңнан астам адам емдлеліп шықты

Аңдатпа


  • Бір тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны анықталды
    23.09.2020, 09:43
  • Nur Otan еліміздің солтүстік облыстарына қатысты қандай уәде береді?
    22.09.2020, 09:50
  • Конгресс-Холл экс-директоры миллиардтаған ақша жымқырған ба?
    21.09.2020, 15:07
  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39
  • Көлік кептелісінен құтылар күн бар ма?
    18.09.2020, 14:27