Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
15:06, 07 Сәуір 2023

Ауруханалар жаңа құрылғылармен жабдықтала бастады

None
None

«Бас ауырып, балтырың сыздағанда» жанұшырып, көмек сұрайтын абзал жанның бірі – дәрігерлер.

Осы дәрігерлердің түрлі сырқатпен уақыт өткізіп алмай күресуі үшін бірінші кезекте олардың қолдарында жаңа заманға сай медициналық құрылғылардың болуы қажет.

«Дені сау ұлт» жобасы аясында еліміздің барлық аймағындағы ауруханаларды заманауи құрылғылармен жабдықтау мәселесі қолға алынып келеді. Мәселен, Балқаш қаласының орталық ауруханасы жаңа туған нәрестелерге арналған заманауи аппараттармен толықты. Бұл аурухана жақында бірнеше жаңа заманға сай медициналық құрылғылармен жасақталды. Мұндай құрылғылар дүние есігін ашқан нәрестелердің денсаулығында ақау болса, олардың өмірін сақтап қалуға көмектеседі. Әрі дәрігерлік көмек көрсетуді жеңілдете түседі.

Атап айтқанда, перзентхана бөлімшесінің қарқынды терапия палатасы үшін 3 ӨЖЖ аппараты сатып алынған болатын. Алғаш рет мұнда жаңа туған нәрестелердің өкпесін механикалық желдетуге арналған бес Т- жүйесі сатып алынды. Бұл құрылғы – айы күні жетпей, шала туған нәрестелердің өкпесін жасанды желдетуге мүмкіндік беріп отырады. Т- жүйелері балаға оттегі беріп қана қоймайды, сонымен қатар ол арнайы қысымды басып отырады. Бұл өкпені ауыртпалықсыз ашуға және баланың өздігінен тыныс алуына көмектесіп отырады.

Сонымен қатар аурухананың ФГДС кабинетінде автоматты жуу және дезинфекциялау жабдықтары мен эндоскоптарды сақтауға арналған арнайы шкаф орнатылған. ФГДС жүргізу үшін құралдарды әр ем алушының алдында жуып, дезинфекциялап отыру қажет. Мамандар құрылғыны орнатпай тұрғанда, құралды өздері қолымен жуып, тазартып отыратын еді. Ал енді жаңа құрылғы бәрін өзі қалыпты деңгейде жасап отырады.   

Еліміздің әр аймағында науқастарға дер кезінде тиімді көмек көрсету үшін медициналық мекемелерге заманауи құрылғыларды орнату шаралары кезең- кезеңмен жүзеге асырылып келеді.

Тегтер: