Ауыл әкімдерінің мұңы: айтса сөзі өтпейді, созса қолы жетпейді

Билік пирамидасының іргетасы – ауыләкімі аппараты әу баста ауыр жүк артылған атан түйедей аса жауапты міндеттердіжүзеге асырады деп күтілген еді.
Олайболмады, болған да емес, болатын түрі де жоқ. Барлық күш, қаржы, билік жоғарыға шоғырланып, әбіржіген ауылдардың маңдайына әрекетсіз әкімдер тап келді. Ақ дегені – алғыс, қара дегені – қарғысАқорданың оң қолымен беріп, сол қолымен тартып ала қоятын үкіметтің алыс-жақынаймақтардағы – аузы, құлағы, көзі демесеңіз, бар мен жоқтың арасындажүрген, қолында билігі жоқ бейшара, қолжаулыққа жарайтын ғана қауқары бар, бірақаты дардай мемлекеттік мекемеңіз осы. Бар дейін десең – су бетінде қалқып жүрген жаңқаға ұқсайды. Жоқ дейіндесең – бір-бір бөлменің төрінде отырған кіп-кішкентай «монстрларды» көресің.
Ауыл әкімдерінкөріп, алтын етіктің аяқ астында жатқанына куә боласыз.Қайтсін-ай, биліктің өзібейшара етіп, табанға салып таптаған соңне амалыңыз бар?! Әйтпесе республика тұрғындарының жартысына жуығы тіршілік кешіпжатқан ауылдардың әкімдері көш соңында келе жатқан жүгі ауыр түйедей, асамаңызды мемлекеттік қызметтің құлағын ұстап отыр емес пе?! Алайда олар,сорымызға қарай, елмен етенеараласып, тұрғындардың мұң-мұқтажын деркезінде шешіп, тұрмыс-тіршілігін,әл-ауқатын жақсартуға атсалысып, диқандарғадемеу болып, мәдениетті көтеріп, елтізгінін ұстап, рухани көшбасшы болуғажарамады. Ауыл әкімдері қара жерге қадай салған қураған таяққа ұқсап қалды: көгеріпкетпейді, жапырақ жайып, жеміс бермейді, көлеңке-саясы тағы жоқ. Бар гәп мынада: қаржысы жоқ, қолы қысқа, құзыреті шектеулі. Жомарттың қолын жоқ байлап тұр. Айтса сөзі өтпейді, созса қолы жетпейдінің кері. Билік те осылай болғанын құп көріп отырғансияқты. Біздің елде сайлау жүйесі ойдағыдай оңтайландырылған, халықты сарсаңға салмай, сүйкімділерді сайлапала қояды. Ауыл әкімдерінің сайлауы дасайқымазақ саясаттың құрбанына айналды. Мәслихат депутаттары жеңұшынан жалғасып, қолайлы үміткерге қол көтеріп, «бата» бересалады. Сайлаудың атын жамылған тағайындау дегеніңіз осы болар, сірә.
Ауыл әкіміне адамдардың күні қарап қалғанжоқ. Өз билігі өзінде, әркім өз қотырын өзі қасиды. Әкімнің айтқанын жүре тыңдайды. Оған дашүкір. Шатынап, шамданып, ашу шақыруғаәкімнің шамасы келмейді. Әкімнің дешаруалармен шатағы жоқ. Шаруалар да өзбілгендерін істейді: мақта өсіре ме,қауын-қарбыз, қырыққабат отырғыза ма, күріш себе ме – өз ықтиярында. Бір қарағанда тұрғындарды да түсінугеболады. Әкім ештеңеге бас ауыртпайды. Қандай рахат өмір десеңізші. Ауызсу азабын тартып отырған тұрғындардыкөрмейді, ағын су қызметіне араласпайды, мақта зиянкестері қызықтырмайды, дау-жанжалдан басын алып қашыпжүреді. Бірақ жаназада жамағаттыңалдында тұрады, тойдың төрінде отырады.
Ауыл мойындаған әкімді әлем мойындайды. Ауылмойындасын деп, жалаңаш атқа мініп, жауға шабу аздық етеді. Ол үшін ауыләкімдерінің қолында басқару жүйесін реттейтін мықты тетіктер болуы керек.Құзыретін заңмен күшейтіп, бюджетқоржынында қомақты қаржысы болса, әкімдердің еңсесі бір көтеріліп қалар еді. Содансоң жұмыс талап етуге болар. Тұрғындардыортақ іске жұмылдыруға, көше тазалап,қоқыс жинауға, дау-жанжалды шешуге, тәртіпкешақыруға және тағы басқа істерді атқаруға әкімдер қауқарсыз. Ауыл тұрғындарыныңбір бөлігі кран суын ертелі-кеш ағызып қойып бау-бақша суғарып жатқанда, екінші бөлігі ауызсу таппай, көше кезіп тентірепжүреді. Мұндай сорақылықты реттей алмайтын әкімдерден не үміт, не қайыр күтугеболады? Адамдар да қу болып алған: қорыққанын құрметтейді, ісі түсетіндісыйлайды.
Ауыл тірлігін шатқаяқтатқан әкімдердің әрекетсіздігінің себебі – бізде барлығыауданнан басқарылады. Ағын су дейсіз бе,субсидия, жәрдемақы, дәрі-дәрмек дейсіз бе т.б. – бәрін жоғарыдағы дөкейлер шешеді.Ауыл әкімдерінің еншісіне ақпарат тасып, ауыл мен аудан арасындағы жолдың шаңынбұрқыратып, шапқылап жүру ғана тиеді. Біздің айтайын дегеніміз – жалаңұран, қызыл сөзбен ауыл өмірін асқақтатаалмаймыз. Ауыл әкімдерінің құзыреті күшейсе, өркендеген ауыл мен күштімемлекеттің кепілі болар еді.
Әкімдер жайлы сөз қозғалғанда қазақтыңаса көрнекті ақыны Жұмекен Нәжімеденовтің «Кетік кірпіш» дейтін балладасы ескетүседі.
Өзі басқарған қаланы сүйіп, мұнтаздайтаза ұстап, халқының махаббатына бөленген, ақылымен әлемге әйгілі болған бір қала әкімі аяқастынан ауырып, төсектартып жатып қалыпты. Мұны естіген қалатұрғындары әкімнің халін сұрауға ағылып, қара бұлттай қаптапты. «Дертіңізге не дауа, айтыңыз, іздеп тауыпкелеміз» деп тұрып алыпты. Әкім жастығынан басын көтеріп: «Мың болыңдар,достарым! Белім меңдеп барады, кетіккірпішті қыздырып бассам тәуір болыпкетермін», – депті. Жиналған жұрт лездетарап, көше кезіп, аула аралап, көпір асты, көл маңын шарлап, үш күн, үш түнтентіреп, кетік кірпіш таба алмапты. Қайтажиналған қалың жұрт: «Уа, тақсыр, кінәліміз, кетік кірпіш таба алмадық», – депбастарын төмен салып тұрып қалыпты. Сонда әкім төсектен жеп-жеңіл көтеріліп: «Жұртым, саған мың алғыс! Кетіккірпіш таппасаңдар – қаланы жақсы ұстапсыңдар. Мен жазылдым», – деп, жұрттысынаған екен сол әкім.
Шіркін-ай, бізде де осындай қайраткерәкімдердің қатары көп болса ғой деп армандайсың.
МахамбетСАПАРМҰРАТОВ,
білімберу ісінің құрметті қызметкері