«Ауыл – ел бесігі» жобасы ақтөбеліктерді қуантпақ

19.04.2019, 03:06

5

Ақтөбе​ облысында «Ауыл – елбесігі»​ атты  жобасына 1,2 млрд.теңгебөлінбекші. Қаражат баспана және елді мекендерді газдандыру үшін игі істергежұмсалатын болады. Бұл туралы Жас АЛАШсайтының өңірдегі тілшісі хабарлайды.

«Жоба аясында көп балалы және тұрмысы төмен отбасынақосымша көмек көрсету тапсырмасына сай биылғы жылы халықтың әлеуметтік осалтоптарына 720 пәтер беріледі. Жалпы тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесі облысбасшылығының ерекше назарында тұр. Оны шешу үшін бюджеттен тыс қаржы көздерінтарту жоспарланып отыр, соның есебінен жыл сайын кемінде 110 қосымша пәтерсалынатын болады», — дейді облыс әкімінің орынбасары Олжас СМАҒҰЛОВ. ​

Сонымен қатар, ауылдардаденешынықтыру-сауықтыру кешені салынып, көшелерді жөндеу және көгалдандырубасталады. «Құтты мекен» жобасы бойынша осы жылы 18 ауылдық елдімекендігаздандыру жұмыстары да  басталатынболады.

«Ауыл – ел бесігі»​ тұңғышпрезидент Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВТЫҢ бастамасымен үкімет әзірлеген жоба. НұрсұлтанӘБІШҰЛЫ «Нұр Отан»партиясының кезекті XVIII съезінде үкіметке осы жобаны тапсырған болатын.

«Бізде 7,5 миллионауыл тұрғынының әл-ауқатын жақсарту үшін мүмкіндік бар. Ең алдымен Үкіметәкімдермен және мәслихаттармен бірлесіп келешегі зор ауылдарды таңдап,әлеуметтік саланы дамытсын. Біз ауылдың әл-ауқатын өсіріп және дамыған ортағаайналдыруымыз керек. Халықтың ауылда еңбек етіп және өмір сүруге әлеуетіжетеді. Осыған орай Үкіметке 2019-2021 жылдары «Ауыл -Ел Бесігі» арнайы жобасыніске асыру үшін ұсыныс әзірлеуді және қаржыландыруды тапсырамын. Жоба 90 млрд.теңгемен қамтамасыз етілуі керек, -деген еді экс-президент.

Бұл жоба қазіргі күні өңірлердің дамуына жаңа серпін беріп отыр. Алдағы үш жылда 90 миллиард теңге бөлінеді. Бұл сомма Қазақстандағы 1 500 ауылдың әл-ауқат жақсартуға жұмсалатын болады.

Фото автордікі.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 20.08.2020, 18:13
Су тазарту қондырғыларын жасап шығарады
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 19:15
"Доғарыңдар, ұрмаңдар!". Беларусьте сәрсенбі күні де наразылық акциялары жалғасты
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 16:40
Қазақстанда бір күнде 517 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 02:00
Қазақстан ресейлік коронавирус вакцинасын толық сынақтан өтпейінше сатып алмайды
12.08.2020, 17:29
Қазақстан Ресейдің вакцинасын әзірге алмайды – ҚР ДСМ
Сайт әкімшілігі 12.08.2020, 16:48
Орталық клиникалық госпиталь соңғы науқасты шығарып салды

Аңдатпа


  • Ахметовтің кадр саясаты ақсай бастады
    21:08
  • Конгресс-Холл экс-директоры миллиардтаған ақша жымқырған ба?
    15:07
  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39
  • Көлік кептелісінен құтылар күн бар ма?
    18.09.2020, 14:27
  • Емханаға тіркелу науқаны басталды
    18.09.2020, 14:13