«Ауыл – Ел бесігі» жобасы қалай жүзеге асырылады?

06.11.2019, 21:03

9

ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Назарбаевтыңбиылғы жылғы 27 ақпандағы «Nur Otan» партиясының XVIII съезінде сөйлегенсөзінде еліміздегі 7,5 миллион ауыл тұрғынының әл-ауқатын жақсарту мақсатындаперспективалы ауылдарды іріктеп, сол ауылдарда әлеуметтік саланы дамытуды,тұрғын үйлер мен жолдар салып, коммуникациялар жүргізуді қарастыратын «Ауыл –Ел бесігі» жобасын іске асыруды тапсырған болатын. Сонымен қатар, Мемлекетбасшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев биыл 15 қазанда өткен жиналыста осы мәселебойынша нақты жұмысты ұйымдастыру керектігін атап өтті.

«Ауыл– Ел бесігі» жобасының басты мақсаты – ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы менәл-ауқатын жақсарту, ауылдарды тұрақты дамыту. 

Жобашеңберінде ауылдық елді мекендерде әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымдардыдамыту, ауыл халқының әлеуметтік игіліктер мен мемлекеттік қызметтергеқолжетімділігін қамтамасыз ету және жалпы жайлы өмір сүру ортасын қалыптастырубойынша бірқатар міндеттерді шешу көзделген. «Ауыл – Ел бесігі» жобасы бойыншақанша жұмыс орны құрылады, қанша мектеп пен аурухана, қанша шақырым жолсалынады, ауылдық елді мекендер газбен, сумен қаншалықты қамтылады, жобааясында ауыл шаруашылығы саласында орта және шағын бизнесті дамыту үшін қандайшаралар қолға алынады, бұл туралы PrimeMinister.kz материалынаноқыңыздар.  

Жобаны іске асырутетіктері 

Жалпы,еліміз бойынша 6,5 мыңға жуық ауылдық елді мекенде 7,7 млн-нан астам адамнемесе ел тұрғындарының 42%-ға жуығы тұрады.

Қазіргі таңда ауылдық жерлерде шешімін табуды талап ететін бірқатармәселелер бар. Мәселен, еліміздегі ауылдардың жартысынан астамында көшелер,білім беру және денсаулық сақтау нысандары жөндеу жұмыстарын жүргізудіқажет етеді, инженерлік желілері тым тозған. Осы мақсатта бірінші кезектеқолданыстағы мемлекеттік бағдарламалар мен «Ауыл – Ел бесігі» жобасы есебіненауыл инфрақұрылымын жаңғырту жүргізілетін болады, сонымен біргеАгроөнеркәсіптік кешенді дамыту, «Бизнестің жол картасы — 2020», «Еңбек» жәнебасқа да қолданыстағы бағдарлама шеңберінде кәсіпкерлікті қолдау жүзегеасырылады.

2025 жылға дейін елімізде 5,5 млн-нан астам адам тұратын 1,8 мыңауылдық елді мекен жаңғыртылатын болады. Бұл ретте, «Ауыл – Ел бесігі» жобасыніске асыру тетіктері келесі шараларды қамтиды. Бірінші кезекте тірек ауылдықелді мекендер іріктелді, бұл ретте олардың даму әлеуетіне және қазіргіэкономикалық жағдайына талдау жасау негізінде, осы ауылдарда іске асырылатынжобалар қоса қамтылатын болады. Екіншіден, әрбір жоба және елді мекен бойыншакөзделген мақсатқа жету жөніндегі, өңірлік стандарттарға сай келетін Жолкартасын жасау қолға алынды. Үшінші кезекте, Жобаларды іске асыру және бақылаумүдделі мемлекеттік органдарды және «Nur Otan» партиясын тарта отырып жүзегеасырылатын болады. Сондай-ақ жүргізіліп жатқан жұмыстардың нәтижесі туралытұрғындарға тұрақты түрде ақпарат беріліп отырады.

Тірек ауылдарды іріктеу кезінде 4 блок:экономикалық, инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымдары, экологиялық ахуалыесепке алынды. Бұл ретте көрсеткіштердің 50%-ы экономикалық блокқа тиесіліболды (мәселен, жұмыс орындарының ашылу әлеуеті). Бұдан басқа, ауылдардыңөткізу нарығына (темір жол тораптарына, автомагистралдарға) және ірі қалаларғажақындығы, сонымен қатар Өңірлік стандарттар жүйесіндегі көрсеткіштер саныныңкөп болуы ескерілді. Өңірлік стандарттарға ауыл тұрғындарының өмір сүрусапасының көрсеткіші, олар үшін әлеуметтік игіліктер мен мемлекеттікқызметтердің қолжетімділігі бойынша нақты критерийлер тізімі, сондай-ақ ауылдықжерлерде өмір сүру үшін қажетті инфрақұрылымдармен қамтамасыз етілу деңгейікіреді. 

Мәселен, тірекауылдарда кемінде салалық нормативтерге сәйкес келетін 19 (ауылдық округорталықтарында) және 26 (ауыл аудан орталықтарында) нысандар мен қызметтердіңболуы көзделеді. Осыған байланысты, қолданыстағы мемлекеттік бағдарламаларшеңберінде ауылдарда инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру кезінде «бюджеттіксүзгі» (басымдықпен қаржыландыру) қамтамасыз етіле отырып, тірек ауылдардыдамытуда кешенді тәсіл қолданылады.

Жобаны тиімді іске асыру үшін Жобалық кеңсе, сондай-ақ облыстардаөңірлік кеңселер құрылды. Жобаны үйлестіруді және әкімшілендіруді ҚазақстанРеспубликасының Ұлттық экономика министрлігі жүзеге асырады. Сонымен қатар,Парламент және мәслихат депутаттарының, қоғам, үкіметтік емес ұйымдар жәнебұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен Жобаға қоғамдық мониторингұйымдастырылады. 

Жобаны қаржыландырукөздері 

«Ауыл– Ел бесігі» жобасын іске асыруға 2019-2021 жылдары республикалық бюджеттен 90млрд теңге бөлу көзделген, оның ішінде 2019 жылға 30 млрд теңге бөлінді.

Республикалықбюджеттен өңірлер бойынша қаражат бөлу даму әлеуеті жоғары ауылдық елдімекендерде тұратын ауыл тұрғындарының санының негізінде жүзеге асырылды.

Ауылдықелді мекендердің әлеуметтік-экономикалық даму әлеуетін айқындау әдістемесіөзектендіріліп, оның аясында 6,6 млн адам немесе ауыл тұрғындарының 85%-ытұратын 3 477 ауылдық елді мекен іріктеп алынды. 

2019 жылы 53ауылдық елді мекенде жалпы сомасы 30 млрд теңгеге 452 жоба іске асырылып жатыр.2020 жылы 250 ауылда жалпы сомасы 80 млрд теңге болатын 1641 жобаны жүзегеасыру жоспарланған, оның ішінде 2019 жылдан келесі жылға ауысатын 22 жоба бар. 

«Ауыл– Ел бесігі» жобасы шеңберінде әрбір ауылды қаржыландыру көлемі мен көздеріанықталады. Ауылдарды дамытудың 2027 жылға дейінгі кестесі жасалады, ауылэкономикасын Дамыту картасы әзірленеді. 

Еліміздің барлықөңірлерінде ауыл инфрақұрылымын кең ауқымды жаңғырту басталады. Көзделген 30млрд теңгеге қосымша, 2020 жылы 50 млрд теңге бөлінетін болады. Жалпы бөлінетінқаражатқа 250 ауылда 1641 жобаны іске асыру жоспарлануда. 

Ірі елді мекендерге айрықша назар аударылып, тұрғындарының саныкөп аудан орталықтарындағы қордаланған өзекті инфрақұрылымдық проблемалардышешуге басымдық берілуде. 1 аудан орталығын қаржыландырудың көлемі орта есеппеналғанда 670 млн теңгеге жуық. Бөлінген қаражаттың едәуір бөлігі Алматы облысына– 6 млрд теңге, Түркістан облысына – 3,7 млрд теңге, Ақмола және Жамбылоблыстарына 2,8 млрд теңгеден бағытталды. 

Өңірлердегі әкімдіктерге жобаларды кемінде 30%-ға қосақаржыландыру ұсынылды. Қазіргі уақытта жобаларды іске асыруға жергіліктібюджеттен 4,7 млрд теңге бағытталды. Бұл орайда, қоса қаржыландырудың көп үлесіАтырау облысына – 84%, Қарағанды облысына – 32%, Ақтөбе облысына – 20%, Алматыоблысына – 16% тиесілі. 

Жобаны іске асыруданкүтілетін нәтижелер

ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында өткен баспасөзконференциясында ұлттық экономика вице-министрі Е. Алпысов «Ауыл — Ел бесігі»жобасын іске асыру қорытындысы бойынша биыл 4673 жаңа жұмыс орны құрылатынынайтты. Ауыл халқын жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету және іске асырылып жатқанжобалар бойынша жаңа дағдыларды игеру мақсатында, ауыл жастары тартылатынболады.

Сонымен қатар, ауылдық елді мекендерде 73 мектеп пен балабақша,14 емхана, 47 мәдениет үйі мен спорт нысандары жөнделеді. 13 денешынықтыру-сауықтыру кешені мен 13 абаттандыру нысанының құрылысы басталады. 7мың шақырымнан астам кентішілік көшелер салынып, жөндеуден өткізіледі. 

Бұдан басқа, 516 шақырым жол, 35 шақырым суменжабдықтау желісі, 229 шақырым электрмен жабдықтау (жарықтандыру), 136 шақырымгазбен жабдықтау, 20 шақырым жылумен қамтамасыз ету нысандары жөнделіп,салынады. Барлық ауыл халқы сапалы ауыз сумен қамтылады, әлеуметтік нысандардыжаңғырту бойынша кең ауқымды жұмыстар жүргізіледі. Жүргізіліп жатқанинфрақұрылымды жаңғырту жұмыстары ауыл экономикасын дамытуға соны серпінберетін болады. 

«Келесі жылдан бастап кластерлік тәсілдіенгізуді көздейміз, онда ауылдық елді мекендер жекелеген топтар – кластерлер(тірек ауылдан 10-15 км радиуста) аясында қарастырылатын болады», — дедіЕ. Алпысов. 

Мәселен,Ақмола облысындағы Шортанды ауылы жақын орналасқан ауылдар үшін тірек ауылболып саналады. Аталған ауылдардың халқы үшін барлық әлеуметтік игіліктер менқызметтер тірек ауылында ұсынылады. Көлік байланысы орнайды. Жалпы, «Ауыл – Елбесігі» арнайы жобасы аясында Ақмола облысында 2019 жылы 19 жоба қарастырылған,олардың 8-і бойынша келісімшартқа қол қойылған. 

Қазіргіуақытта даму әлеуеті бар 3 477 ауыл іріктеп алынды, оның ішінде – 1 150 тірекжәне 200 шекара маңындағы ауылдар енгізілген 2 327 спутниктік ауылдар. Аталғанауылдарда 6,6 млн адам немесе ауыл халқының 85% тұрады, бұл ауылдар басымдықтытүрде дамытылатын болады. 

2019жылы 52 ауылдық елді мекен іріктеп алынды, бұл ауылдарда 454 іс-шара іскеасырылуда, оның ішінде көлік инфрақұрылымын дамытуға – 247, әлеуметтікинфрақұрылымға – 135 және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығына 72 іс-шарабағытталған. Жоспарланған іс-шараларды іске асыру ағымдағы жылы 50-ден асаауылдық елді мекендердің инфрақұрылымдарын жаңғыртуға және 700 мыңға жуық ауылтұрғындарының өмір сүру сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

Облыс әкімдіктерібизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында ірі жүйеқұраушы кәсіпорындарменжәне меценаттармен бірге ауылдарды абаттандыру мәселелерін пысықтап жатыр.Сондай-ақ, Тұңғыш Президент — Елбасы Н. Назарбаевтың «Рухани жаңғыру»бағдарламасы аясында туған ауылдарды абаттандыру бойынша ірі кәсіпкерлердіңтуған жерлеріне қамқорлықпен қарау мен меценаттық мысалдары бар. Мәселен,соңғы екі жылда Қарағанды облысының Шахтерское ауылын дамытуға, «Шахтерское»ЖШС директоры Г. Прокоп 1 млрд теңгеден астам қаржы инвестициялады. Ал «Агрофирма Родина»ЖШС директоры И. Сауэр Ақмола облысындағы Родина ауылын дамытуға 500 млнтеңгеден астам қаражат салды. Белгілі кәсіпкер Бауыржан Оспановтың қаржысалуымен Алматы облысының Лепсі ауылында 1 млрд теңгеден астам сомаға әлеуметтікнысандар жөнделді. Мұндай мысалдар әр өңірде бар.

2027 жылға дейін 3,5 елді мекенді қамту жоспарланған, бұлжылдары болжам бойынша ауылдарда 7 млн-ға жуық адам тұратын болады, бұл бүкілел халқының 90%-ын құрайды. Бұл мақсаттарға қосымша 900 млрд теңге қаражатқажет. Яғни, «Ауыл — Ел бесігі» жобасын жүзеге асыру 7 жыл ішінде 7 млн ауылтұрғынының өмір сүру сапасын жақсартуға мүмкіндік береді. 

Жоба аясында АӨКдамыту 

Қазақстан Президенті Қ. Тоқаев биыл қыркүйек айында өткен Ауылдыжәне агроөнеркәсіп кешенін дамыту мәселелері жөніндегі республикалық кеңесбарысында қой етін, құс етін, қозы етін өндіруді, сүтті мал шаруашылығындамытуды және мал шаруашылығы өнімін экспортқа шығару ісін ілгерілетуқажеттігін және осы мақсатта алдағы 10 жылда қосымша 50 миллион гектаржайылымдық жер пайдалануға берілетінін айтқан болатын. Осы тапсырманы жәнеҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Назарбаевтың «Ауыл – Ел бесігі» арнайы жобасыніске асыру бойынша «Nur Otan» партиясының XVIII съезінде берген тапсырмасынорындау мақсатында Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігіАгроөнеркәсіптік кешенді дамыту бағдарламасын жүзеге асыруда. 

Айта кетейік, «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында бірінші кезектеіріктелген ауылдық елді мекендердің мамандандырылуы және олардың қолда барресурстары: егістіктерінің, жайылымдарының, инфрақұрылымдарының болуы есепкеалынады. Ол үшін Қазақстан Республикасының Агроөнеркәсіптік кешеніндамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасыныңжәне оны іске асыру үшін әзірленген ұзақ мерзімді салалық бағдарламалардыңжүзеге асырылуы жалғастырылады.

ҚР Ұлттық экономика министрлігінің «Ауыл – ел бесігі» жобасыніске асыру жұмыстарының биылғы жылғы қорытындысы бойынша ауылдық елдімекендердің іріктелген тізімі ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігіне жеткізілді.Мемлекеттік қолдау шаралары, атап айтқанда, «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ-ның еншілескомпаниялары арқылы ауыл шаруашылығы саласын несиелендіру 2019 жылға іріктелген52 ауылдық елді мекенге бағытталатын болады.

2018 жылдың қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығы саласын«ҚазАгро» ҰБХ» АҚ-ның еншілес компанияларының жалпы қаржыландыру көлемі 400млрд теңгені құрады. Бұл қаржының 96%-ы (немесе 385 млрд теңгесі) несие менлизингке (ұзақ мерзімді қарыздардың үлесі 90%) бағытталды. 20 мыңға жуық несиеберілді. Бұл ретте несиелердің 98%-ы шағын және орта бизнес субъектілерінеберілді. Ағымдағы жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша салаға 337 млрд теңгеденастам сомаға қолдау көрсетілді.

Бөлінген қаражаттың 15%-ға жуығы «Ауыл – Ел бесігі» жобасыбойынша іріктеп алынған ауылдық елді мекендерге басымдықпен бағытталатынболады. Яғни, сүт және ет өңдеу кәсіпорындары тәрізді ірі инвестициялықжобаларға бөлінеді. Ал мал бордақылау алаңдарының құрылысы, шалғайдағы малшаруашылығын дамыту жобалары мал асырау стандарттарын, ветеринарлық қауіпсіздікережелерін және басқа да нормаларды ұстану қажеттілігіне сәйкес ауылдық елдімекендерден тыс жерлерде шоғырландырылады.

«КазАгро» ҰБХ АҚ мәліметі бойынша іріктеліп алынған ауылдық елдімекендерде агробизнесті қолдауға 23,5 млрд теңгеге 2 мыңнан астам жобалармақұлданды, 1,5 млрд теңгеге 108 жоба қарастырылу үстінде.

Бұдан басқа, бағдарлама аясында агроөнеркәсіптік кешеннің басымбағыттары бойынша қабылданған ұзақ мерзімді салалық бағдарламаларды іске асыружалғастырылады. Бұл бағдарламалар етті және сүтті мал шаруашылығын, құсшаруашылығын, қарқынды бақ шаруашылығын, суармалы жерлерді ұлғайтуды және т.б.қамтиды. 

Салалық бағдарламалардың қатысушылары үшін қолдаудың жекешарттары ұсынылады: мал басын сатып алуға, техника және жабдықтар сатып алуғафермерлік шаруашылықтарға жеңілдетілген несиелер беру, жайылым инфрақұрылымынқұру. Атап айтқанда, етті мал шаруашылығы бағдарламасы шеңберінде малды жәнеқажетті азық дайындайтын техниканы сатып алу 4% сыйақы мөлшерлемесімен 15 жылғаберілетін жеңілдетілген несие есебінен қолжетімді болады.

Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың 2017-2021 жылдарға арналғанмемлекеттік бағдарламасының салалық «сүт бағдарламасы» бойынша сүтөндірісінің көлемін 10 жылда 1 млн тоннаға арттыру көзделген. 2027 жылға дейінқуаттылығы 400 мал басы болатын 527 жаңа отбасылық, қуаттылығы 400 мал басыболатын 139 өндірістік тауарлық-сүт фермасын ашу жоспарланған.

Құс шаруашылығын дамыту салалық бағдарламасының аясында алдағы10 жылда құс етін өндірудің деңгейін 3 есеге өсіру (200 мың тоннадан 700 мыңтоннаға дейін), сөйтіп импорт алмастыру қамтамасыз етілетін болады. 

Қарқынды бақ шаруашылығын дамыту салалық бағдарламасы аясындаалдағы 10 жылдың ішінде 47 мың га алқапқа қарқынды бақтар салу көзделген.Қарқынды бақтар орналастырылатын негізгі өңірлер ретінде Алматы, Жамбыл жәнеТүркістан облыстары алынды. 

«Ауыл – Ел бесігі» жобасы бойынша іріктеліп алынған ауылдық елдімекендердің ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер осы салалық бағдарламалардыіске асырылуына белсене қатыса алады.

А.ж. 6 қараша күні өткен Үкімет отырысында ҚР Премьер-МинистріАсқар Мамин бұған қоса, 2020–2026 жылдары жобаны қаржыландыру көлемін ұлғайтумәселесі пысықталатынын айтты. Бұл ретте Үкімет басшысы Қаржы министрлігінеҰлттық экономика министрлігімен бірлесіп, «Ауыл – Ел бесігі» жобасынқаржыландыруды 2020-2026 жылдары 900 млрд теңгеге дейін ұлғайту бойыншаұсыныстар енгізуді тапсырды. Бөлінетін қаржы көлемінің ұлғаюына байланысты 2026жылға дейін әрбір жылға бөлумен және қажетті қаржы көлемін көрсетумен дамуәлеуеті жоғары және спутник ауылдық елді мекендердің тізбесін қайта қаралатынболады. ҚР Премьер-Министрі әкімдіктердің жобаны 30% көлемінде бірлесіп қаржыландырукөздерін айқындауы керектігін, бұл ретте, қалған 70%-ы республикалық бюджетесебінен қаржыландырылатынын баса айтты. Сонымен қатар, даму әлеуетіжоғары және спутник ауылдық елді мекендерде іске асырылатын жобалар үшінбюджеттен тыс қаражатты тарту көздерін анықтауы қажет. 

Жалпы, «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында 2019-2020 жылдары300-ге жуық даму әлеуеті жоғары ауылдарды толық жаңғырту жоспарланған, бұлауылдық аумақтар мен жалпы елдің дамуына серпін береді. Ал биылғы жылдың соңынадейін Үкіметке 2020-2026 жылдарға арналған жаңартылған «Ауыл – Ел бесігі»жобасы енгізілуі тиіс. 

«Жобаның бастапқы қарқыны жақсы. Оныіске асыруды да белсенді жалғастыру қажет», — деді А. Мамин.

 «Ауыл – Ел бесігі» жобасы бойынша ауылдық елді мекендердікешенді дамыту ауылдағы тұрмыс сапасын жақсарту мен жұмыс орындарын құрудыкөздейтін басқа да бағдарламалық құжаттар аясында жүзеге асырылады. Жалпы,барлық бағдарламалар бойынша, соның ішінде, жерігілікті инфрақұрылымын, автожолжелісін дамыту, ауыз сумен қамтамасыз ету және тағы да басқа бағдарламаларбойынша 2 трлн теңге қарастырылған.

Фото: primeminister.kz


Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 20.08.2020, 18:13
Су тазарту қондырғыларын жасап шығарады
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 19:15
"Доғарыңдар, ұрмаңдар!". Беларусьте сәрсенбі күні де наразылық акциялары жалғасты
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 16:40
Қазақстанда бір күнде 517 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 02:00
Қазақстан ресейлік коронавирус вакцинасын толық сынақтан өтпейінше сатып алмайды
12.08.2020, 17:29
Қазақстан Ресейдің вакцинасын әзірге алмайды – ҚР ДСМ
Сайт әкімшілігі 12.08.2020, 16:48
Орталық клиникалық госпиталь соңғы науқасты шығарып салды

Аңдатпа


  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39
  • Көлік кептелісінен құтылар күн бар ма?
    18.09.2020, 14:27
  • Емханаға тіркелу науқаны басталды
    18.09.2020, 14:13
  • Мегаполистің білім саласы автоматтандырылды
    20.09.2020, 13:46
  • Интернетте балаларға қауіпті тағы бір ойын пайда болды
    20.09.2020, 13:34