Ауыл шаруашылығы министрлігі мал экспортына тыйым салды

20.01.2020, 21:39

3

Ауыл шаруашылығы министрлігі 2019 жылы Өзбекстанға мыңдаған сиыр мен уақ малдың әкетілуіне байланысты мал экспортына тыйым салатынын хабарлады. 2019 жылғы 21 қазанда тек аналық мал экспорттауға уақытша шектеу салынған болатын.

— Малдың жаппай экспортталуы ет бағасын өсірді. Шикізат тапшылығынан Қазақстанның ет кәсіпорындары мен бордақылау алаңдары толық жұмыс істей алмады,- деп мәлімдейді министрлік.

Министрлік мағлұматына қарағанда, 2019 жылы Қазақстаннан шетелге 156 мың сиыр шығарылған. Оның 121,6 мыңы немесе 78%-ы Өзбекстанға, 14%-ы Арменияға экспортталған.

Қазақстаннан экспортталған 264 мың қойдың жартысынан астамы — аналық. Оның 200 мыңнан астамы (76%) Өзбекстанға, 21,5 мыңы (8,1%) Ресейге, 18 мыңы (6,7%) Әзербайжанға, шамамен 12 мыңы (4,5%) Иранға жіберілген.

Ауыл шаруашылығы министрлігі мал экспортына тыйымды агро өнеркәсіп кешенін дамытудың 2017 — 2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасымен байланыстырады. Бұл бағдарлама бойынша қайта өңделген өнім экспорты 2,5 есеге ұлғаюы тиіс.

Министрлік «Таяу жылдары малды сақтап, көбейту — отандық ет комбинаттарын қолайлы бағамен сапалы шикізатпен қамтамасыз етуге және өңделген өнім өндірісі мен экспортын арттыруға мүмкіндік береді» деп санайды.

#GR-1016a { height: 50px; -webkit-box-pack: justify; -ms-flex-pack: justify; justify-content: space-between; margin-bottom:24px; } #GR-1016a div { padding-left: 10px; width: 32%; height: 100%; font-size: 16px; line-height: 50px; -webkit-filter: grayscale(1); filter: grayscale(1); } #GR-1016a div:hover { -webkit-transform: scale(1.04); transform: scale(1.04); -webkit-transform-origin: 50% 50%; transform-origin: 50% 50%; transition:all .3s; } #GR-1016a div:hover { -webkit-filter: grayscale(0); filter: grayscale(0); } #GR-1016a .c1 { background: #f7f7f7 url('https://gdb.rferl.org/8E457501-5DFF-4374-AF52-2D5AAF25FF22.png') no-repeat 95% center; background-size: 18px; } #GR-1016a .c2 { background: #f7f7f7 url('https://gdb.rferl.org/DBCDC937-09B4-48FB-8FF8-28E3AB5E741B.png') no-repeat 95% center; background-size: 40px; } #GR-1016a .c3 { background: #f7f7f7 url('https://gdb.rferl.org/08F40524-CFE8-4AAD-A22F-1C19A9DD651F.png') no-repeat 95% center; background-size: 28px; } #GR-1016a .c1:hover h5 { color: #3b5998; } #GR-1016a .c2:hover h5 { color: #45668e; } #GR-1016a .c3:hover h5 { color: #ff0000; } @media (max-width: 639px) { #GR-1016a { -webkit-box-orient: vertical; -webkit-box-direction: normal; -ms-flex-direction: column; flex-direction: column; height: auto; } #GR-1016a div { width: 100%; margin-bottom: 5px; } #GR-1016a div:hover { -webkit-transform: none; transform: none; } }
AZATTYQ Facebook-та
AZATTYQ VK-да
AZATTYQ Youtube-та

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    14:39
  • Көлік кептелісінен құтылар күн бар ма?
    18.09.2020, 14:27
  • Емханаға тіркелу науқаны басталды
    18.09.2020, 14:13
  • Мегаполистің білім саласы автоматтандырылды
    13:46
  • Интернетте балаларға қауіпті тағы бір ойын пайда болды
    13:34