Ауыл тұрғындарының ұлттық жобадан үміті зор
Президент тапсырмасына орай, елімізде «2022-2027 жылға арналған агроөнеркәсіптік кешенін дамыту» жөніндегі ұлттық жоба қабылданғаны мәлім.
Тұжырымдама жобасына сәйкес, әлеуметтік маңызы бар ауыл шаруашылық тауарлармен қамтамасыз ету көлемін 80 пайызға жеткізу, агроөнеркәсіп кешен өнімдеріне жататын экспорт айналымын 3 есеге, сол арқылы, аталған саладағы еңбек өнімділігін 3 есеге арттыру көзделеген. Ұлттық жобада ет, жеміс, қант, майлы дақылдар, көкөніс өндірудің және өңдеудің инвестициялық жобалары бойынша 7 экожүйе қалыптастыру жоспарланған. Мамандардың болжауына қарағанда, жаңа экожүйе болашақта 350 мың фермелерлік және үй шаруашылықтарын жұмысқа тартады әрі олардың жоғары бағалы отандық өнім өндіруге қатысуға мүмкіндігіндігін ашады. Егер меже орындалса, онда 5 жылдың ішінде 4,1 трлн теңгенің 582 инвестициялық жобасы игеріледі. Ал бұл дегеніміз, 500 мың адам еңбекпен қамтылады деген сөз. Қаржылық тұрғыдан пайдасы зор тұжырымдама 1 млн ауыл тұрғынының табысын көтерілмек.
Фермерлер одағының басшысы Жигули Дайрабаевтың айтуынша, жоба тұжырымдамасының талаптарына сәйкес, табиғи ерекшеліктері мен кәсіби айырмашылығына қарай, (жерінің құнарлығына, шөп, су) жергілікті мамандардың біліктілігін көтеруге болады. Мәселен, мал шаруашылығы на икемделген шаруашылықтардың жұмысы тұралап қалса, өзге кәсіпке бағыт бұруына мүмкіндік бар.
- Қызылорда мен Маңғыстауда мал қырылғаны көпшілікке мәлім. Менің ойымша, бұл өңірдегі шаруашылықтарға ұсақ төл өсіруден көрі, түйе ұстау ұтымды,-дейді фермерлер одағының жетекшісі.
Ұлттық жоба тұжырымдамасында малшы қауымды қынжылтатын мәселелер бар. Қой өсірушілер ұлттық қауымдастығының төрағасы Алмазбек Адырбековтің пікірі осыған саяды:
-Жобада су мәселесі жіті көрсетілмеген, біздің шаруашылықтарға жол картасын дайындау және жер учаскелеріне шартты пай үлестіру тетігі ескерілмеген. Қосалқы шаруашылықтарды субсидиялауға қажетті қаржының көлемі есептелмей отыр. Бюджет қаржысы шектеулі болғандықтан, қосалқы шаруашылықтарға субсидия беруге қаражат жетпей қалуы ықтимал,- дейді ол.
Ал,«Шығыс сүт» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Сейілжан Сайлаубаев қосалқы шаруашылықтарды біріктіру- ауыл шаруашылық кооперациялары үшін оңтайлы болатынын тілге тиек етті.
Ауыл тұрғындарының ұлттық жобадан үміт зор
3 жылға арналған агроөнеркәсіп кешенін дамыту жөніндегі ұлттық жобаны ауыл әкімдері тұжырымдамадан түйгені ойын тұрғындарға насихаттау үстінде.
Қарқаралы ауданы, Балқантау селолық округінің әкімдігі ауыл тұрғындарының ұлттық жобадан түйген ойын білу үшін сауалнама жүргізген. Қоғамдық сауалнамаға қатысушылардың 81 пайызы көршілерімен бірлесіп кәсіп ашуға ниеттері барын айтқан.
-Округтегі тұрғындарының 61 пайызы еңбекке жарамды адамдар. Сауалнамаға қатысқандар ет, сүт тапсыратын және заттай ауыл шаруашылық өнімдерін өңдейтін өндіріс ашуға сұраныс білдіріп отыр. Бұл істі көршілерімен бірге еңсеруге бейілдік танытуда. Оның сыртында, олар ауылда мал бордақылау пунктінің қажеттілігін алға тартуда. Пилоттық жобамызды аудандық ауыл шаруашылығы басқармасына әзірлеп жібердік. Бұл мәселе жыл аяғында шешілуі тиіс. Жобаны қаржыландыруға келесі жылы республика бойынша 3 млрд теңге, 20204, 2025 жылға осыншама қаржы бөлу жоспарланған. Айта кетерлігі, ел аумадағы шаруашылықтарға берілетін бұл субсидияның пайызы төмен, тағы бір тиімді тұсы, шаруалар бастапқы екі жылда несие өтеу міндетінен босатылады. Бірақ, бұл орайда бір нәрсені ескерген жөн: қандайда бір кәсіпорын ашу үшін ұміткерге кепілдік мүлік қою талап етілген. Бізді алаңдататын жәйт, осы кепілдік мүлік тұрғысынан қолбайлау туындауы мүмкін. Себебі, ауыл тұрғындарының көбінің баспанадан басқа кепілдік мүлкі жоқ, іске жарамды техникасы барлар ілуде біреу ғана,-дейді округ әкімі Асылан Рақымбергенов.
«Ұлттық жобаның игілігін көлденең көк атылар көруде»
Қазіргі ауыл шаруашылығы министрлігі жанынан жылқы, қой, сиыр палаталары құрылған. Санында шек жоқ, тіпті, ақ бас сиырдың 9 палатасы жасақталған. Бұларды «лоббистерге» теңесек артық емес. Олардың әрқайсы өз салаласын қаржыландыруға күш салады. Шынтуайына келгенде, миллиардтаған субсидияны осы топтар иемденіп жатыр. Солардың кесірінен еліміздегі шағын шаруашылықтардың 90 пайызы субсидиядан қағылып отыр. Ал, ауыл шаруашылық министрлігі «Елуге жуық субсидияны қысқартып, негізгі бағыттарға бөліп береміз» деп президентке берген уәделерінен тайқып отыр. Олар мұны немен түсіндіреді екен? Демек, жауапты ведомство президент тапсырмасына немқұрайлы қарауда. Тоқетерін айқанда, жоғарыдағылар өз қазанында қайнап жатыр, төменгілер өз проблемаларына шырмалып шыға алмай отыр. Ең үлкен кемшілік сол, аудан, облыс басшылары министрліктің немен айналысып жатқанынан бейхабар. Облыс, аудан басшылары, ауылшаруашылық саласы төңірегінде жүрген кәсіби мамандар ұлттық жобаның тұжырымдаманың ұңғыл-шұңғылын жіті білмейміз. Ақпараттандыру ісі қалыс қалып отыр. Осындайда, келмеске кеткен жылдардың озық тәжіребиесін аңсайтынымыз рас. Мәселен, ілгеріде «Казагромаркетинг» АҚ болды. Құрылым салаға қатысты қандайда бір жоба пайда болса, мамандары аудан, ауыл әкімдерін, ауылшаруашылық басқармалардың басшыларын, фермерлерді жиып ауыл аймақтарға барып, түсіндірме жұмыстарын жүргізетін еді. Өкінішке қарай, бүгінде бұл қоғамның жұрнағы да жоқ. Ұлттық жобаның қауқары зор болғанмен, оның игілігін өзгелер еншілеуде,-дейді «Жас Алаштың» тұрақты спикері, ауыл шаруашылығы саласының үздік қызметкері -Ниқанбай Омарханов.