Ауылдағылар жұмыссыз қалмақ

12.05.2020, 12:42

5

 Қарағандыоблысына қарасты Южный елді мекеніндегі Оңтүстік-Топар кен басқармасы қаржылыққиыншылыққа тап болып, ыдырап кетудің аз-ақ алдында тұр. Бұл басқарма Теміртауэлектр металлургиялық комбинатының құрамына кіреді. Кәсіпорын жоғары сұрыптыәктас өндіреді. Өндірістің жалғыз сатып алушысы – «Арселор Миттал Теміртау»компаниясының металлургиялық комбинаты. Соңғы уақытта өнім өндіруші мен сатыпалушы арасында келісімге келу дұрыс жолға қойылмай тұр. Оңтүстік-Топар кенбасқармасы өнімнің бағасын өсірген, ал «Арселор Миттал Теміртау» компаниясы бұлбағаны қымбатсынып, сатып алу келісімшартын ұзартпай қойған.

 1 сәуірден бастапкәсіпорыннан өнім сатылымға шықпаған. Екі компанияның келісімге келе алмауыныңсалдары бүкіл бір ауылға зиянын тигізіп отыр. Өйткені Южный елді мекенітұрғындарының басым бөлігі осы кәсіпорында еңбек етіп, нәпақасын тауып жүр.Енді өнімін өткізе алмаған кәсіпорын 188 адамның қолына 15 мамырдан бастапжұмыстан қысқаратыны жөнінде ескерту қағаз ұсынған. Тағы 36 жұмыскердің жұмысжасау уақыты қысқарғандықтан, жалақысы азайған. Кәсіпорында барлығы 376 жұмысшыбар. Олардың барлығы алдағы уақытта жұмыссыздар қатарына қосылуы мүмкін. Алаңдағанжұрттың айтуынша, қаржылық қиыншылыққа тап болған кәсіпорын жабылуға дайындалыпжатыр. Қазірдің өзінде мұндағы үлкен насостар мен қондырғыларды алып тастаған. Кәсіпорын басты күнкөріс көзі болғанелді мекен тұрғындары «енді жұмысты қайдан табамыз» деп қынжылуда.

  «Бұл – қысқартудыңбірінші толқыны, екінші қысқарту маусым айында болады деп түсіндірді. Меніңжұбайым бірінші жолғы қысқартуға ілікті. Ең қиыны – осы кәсіпорынның арқасында тіршілігі жүріп жатқан ауылымызенді қаңырап қалатын болды. Басқа жұмыс жоқ. Енді тұрғындар басқа өңірден жұмыс іздейді. Өзімізде қайдан жұмыстабарымызды білмей отырмыз», – деп мұңын шақты «Жас Алашқа» сұхбат берген Южный елді мекенінің тұрғыны Елена Глимбоцкая.

 Оңтүстік-Топар кенбасқармасы жұмысшылары кәсіподақ төрағасының пайымдауынша, кәсіпорын үш жылданбері шығынмен жұмыс істеп келген. Кәсіпорынды құлдыраудан алып қалудың бір ғанажолы – сатып алушымен келісімге келу. «Біздің алдағы мақсатымыз – кәсіпорын мен«Арселор Миттал Теміртау» компаниясы арасындағы келісімді үкімет деңгейіндешешуге әрекет жасау. Өйткені бұл мәселені жергілікті жердегі әкімдер шешеалмайды. Алдағы күндері  облыстықәкімшілік,  кәсіподақ ұйымы жәнекәсіпорын өкілдері бас қосып, мәселені тағы ортаға саламыз. Дегенмен бір үмітжоғарыдағылар араласып, сатып алушымен келісімге келудің сәті түссе депойлаймыз», – деді «Қамқор» кәсіподақ ұйымының төрағасы Александр Шаров.

Бұл мәселеге қатысты кәсіпорын басшылығы сұхбат бермеді.Дегенмен өнімді арзанға сатудың негізі жоқ екенін айтты. Ал облыстағы іріөндіріс алпауыты «Арселор Миттал Теміртау» компаниясы әктас бағасы нарыққа сайемесін айтады. Яғни қымбатсынып отыр. Оңтүстік-Топар кен басқармасыныңқұрамында Южный елді мекенін жылумен қамтамасыз етіп отырған жылу қазандығыбар. Енді бұл қазандықты кәсіпорын Абай ауданының қарамағына өткізеді. Басқашағын елді мекендерге қарағанда осы Южныйда ғана орталықтанған жылу желісі бар.Демек, жұрт жылудан да қағылып,  «тоқырауғатүскен 90-жылдарға қайта ораламыз ба» деп қауіптеніп отыр.

 Айтпақшы, қиындығышаш етектен болған 90-жылдарда бұл кен басқармасы ыдырамай, жұртқа аз да болсажалақы беріп, жұмыс істеп тұрған. Енді ауыл тұрғындары үлкен кәсіпорынұстағанның қолында, тістегеннің аузында кететін шығар деп топшылайды. Осылайша жұртқолда бар жұмыстарынан айырылып, жапа шегіп отыр. Ауыл әкімінің барлыққысқарған азаматтарға жұмыс тауып беруге қауқарының жоқ екені сөзсіз. Көңіліалаң жұрт жоғарыдағылардан пәрмен болар деп үміттенеді.

АрайлымЕРКЕБАЕВА

Қарағандыоблысы

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 18:56
Тығырыққа тірелген Тұғыл
11.08.2020, 21:58
«Мәдени астана» аясында 7 шара өтеді
11.08.2020, 21:53
Әкім сұрақтарға онлайн жауап берді
11.08.2020, 21:53
Әкім сұрақтарға онлайн жауап берді
11.08.2020, 21:50
«Шәмші аллеясы» жаңарып жатыр
11.08.2020, 21:47
Коронавирустан 3 мыңнан астам адам емдлеліп шықты

Аңдатпа


  • Tengri Bank салымшылары кепілдік өтемін қай банктен және қалай алады
    25.09.2020, 10:26
  • Бір тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны анықталды
    23.09.2020, 09:43
  • Nur Otan еліміздің солтүстік облыстарына қатысты қандай уәде береді?
    22.09.2020, 09:50
  • Конгресс-Холл экс-директоры миллиардтаған ақша жымқырған ба?
    21.09.2020, 15:07
  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39