Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
13:30, 18 Сәуір 2023

Ауылға инвестиция тарту тоқтамайды

None
None

Аймақтың ауыл шаруашылық саласына инвестиция тарту бастамасы жалғасып келеді. Айталық, 2022-2026 жыл аралығында өңірдің агроөнеркәсіп кешені саласына 141 млрд теңгеге бағаланған 72 жобаны енгізу жоспарланып отыр.

Ол жүзеге асса, 3123 адам жұмыспен қамтылмақ. Жобаның тиімділігі ішкі нарықты жергілікті өніммен толықтыруға және азық-түлік қауіпсіздік тапшылығын алдын алуға сеп дейді мамандар. Елімізде қабылданған инвестициялық жобалардың жол картасы аясында басталған мұндай тәжірибе екі жыл бұрын Солтүстік Қазақстанда сәтті тәмамдалды. Республика көлемінде іске асырылатын бұл тәжірибені енгізуге ел қазынасынан 400 млрд теңге қарастырылған. Қаржы құс, сүт өнімі, көкөніс өсіруге арналған суармалы жерлерді қалыпқа келтіруге және көкөніс сақтау инфрақұрылымын жандандыруға бағытталған. Бұл дегеніңіз – ауылдағы азық-түлік бағасын тұрақтандыруға, жұмыссыздықты жоюға және бағаны тұрақты ұстап тұруға таптырмас мүмкіндік екені аян. Осы орайда, Қарағанды облысы сала министрлігіне жалпы сомасы 59,7 млрд теңге құрайтын 41 жобаны әзірлеп ұсынды. Бұл жоба 2024-2026 жылдарға жоспарланып отыр. Мамандардың айтуынша, келесі жылы басталатын қанатқақты жобаға қазірдің өзінде аймақ шаруалары көлемі 33, 7 пайызды құрайтын 31 жоба әзірлеген.

— Бүгінгі күні Қарқаралы ауданындағы «Атамұра Табыс» ЖШС «Абердин Ангус» аналығын 500 басқа ұлғайтуды жоспарлап отыр. Салмағы жоғары аналықты шотландықтар Абердин және Ангус графтан қалған төл ретінде ерекше бағалайды. Келесі мәселе, облыста көкөніс сақтайтын қойма салу сәтті жүріп жатыр. Осындай жобаны Бұқар жырау ауданына қарасты «Лайф актив» шаруашылығы алғашқылардың бірі болып аяқтады. Құны 1 млрд теңге тұратын жаңа қоймада келешекте 7 600 тонна картоп сақтауға болады. Мұның сыртында, биыл шағын несиелендіру әрі ауыл кооперациясын дамыту мақсатында халықтың табысын арттыру жобасы игерілу үстінде. Оған биылға 3,4 млрд теңге бөлінді. Қазір ауыл тұрғындарының табысын көтеру жобасы аясында құрылған топ жұмыс істеуде. Мұндай топ барлық аудандарда бар. Олар елді мекендердегі халыққа несие берудің талаптары мен мүмкіндіктері жайлы жиындар өткізіліп толыққанды ақпарат береді. Сонымен қатар, округ тұрғындарының әлеуметтік-экономикалық ахуалын анықтайтын скрингте жүргізілуде, – деп мәлімдеді, журналистерге арналған брифингте облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Сырым Бошпанов.

Аймақта әлеуетті қарыз алушыларға арналған шағын несиеге өтінім қабылдау жұмыстары да басталды. Спикер сөз арасында, ауылда қолға алынған инвестициялық бастамалар ауыл шаруашылығын ілгерілетуге септігі зор екенін атап өтті. Орайы келгенде, Сырым Бейсембайұлы өңірдегі іргелі шаруашылықтар білікті агрономдарға зәру болып отырғанын жоққа шығармады. Бүгінде Нұра, Бұқар жырау, Осокаров, Абай аудандары кез келген өңірден келетін тәжірибелі агрономдарды жұмысқа қабылдауға әзір көрінеді.

Тегтер: