Ауылшаруашылық саласында жаңа сақтандыру жүйесі күніше енді

Ауылшаруашылық саласындажаңа сақтандыру жүйесі күніше енді
Республикадаауылшаруашылық саласында жаңа сақтандыру жүйесі күшіне енді.
Сақтандыруоператоры – «ҚазАгро» холдингінің еншілес компаниясы – Ауыл шаруашылығынқаржылай қолдау қоры.
2004жылдан бастап қолданыста келе жатқан өсімдік шаруашылығындағы міндеттісақтандыру түрінен жаңа жүйенің бірнеше айырмашылықтары бар:
1) қазір агроөнеркәсіп кешенін сақтандыру ерікті болыптабылады.
2) салада ешқандай шектеулер жоқ – агроөнеркәсіп кешенінің кез-келгенсаласын сақтандыруға болады.
3) мемлекеттік қолдау сақтандыру сыйлықақыларын субсидиялаутүрінде көрсетіледі. Ол ауылшаруашылық тауар өндірушілерін ынталандыруға жәнесақтандыру келісімшартының құнын екі есеге төмендету мақсатында қолға алынған:сақтандыру сыйақысының 50 пайызын мемлекет субсидиялайды, ол үшін биылреспубликалық бюджеттен шамамен 2,5 млрд. теңге бөлінді.
Ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қорының басқарушы директоры Асқар Қалиев жаңажүйеге қатысты былай деп пікірін білдірді:
— «Жаңа жүйеніәзірлеу кезінде өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандырудың проблемалықмәселелері ескерілді. Сонымен, ауылшаруашылық тауар өндірушілерінің мүдделерінқорғауды қамтамасыз ету үшін жүйеде Қазақстан Республикасының қаржы нарығынреттеу және дамыту жөніндегі агенттігі лицензиялаған сақтандыру компанияларығана жұмыс істей алады».
Жүйегеәлемдік сақтандыру нарығында «А» рейтингі бар үш халықаралық қайта сақтандырукомпаниясының қызметі тартылды. Олар отандық компаниялар қабылдаған қауіп-қатертәуекелін қайта сақтандырады. Бұл сақтандыру тәуекелі туындаған жағдайдакепілдендірілген төлемдерді қамтамасыз етеді.
Келісімшартжасасудан бастап төлемдерге дейінгі барлық процедуралар Qoldau.kz электрондықплатформасында ауылшаруашылық тауар өндірушісінің электрондық цифрлыққолтаңбасы негізінде жүзеге асырылады. Процестерді автоматтандыру адамифакторды азайтады және жұмыстың ашық жүргізілуін қамтамасыз етеді.
- Бүгінгі таңда Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорытопырақ ылғалдылығының индексі негізіндегі – оның жетіспеуі және артық болуы байланыс– сақтандыру өнімдерін бекітті, — деп түсіндірді Асқар Қалиев. – Басқашаайтқанда, ауылшаруашылық өндірушісі егінін жазғы құрғақшылық пен күзгіжаңбырдан сақтандыра алады. Дәнді дақылдар (бидай, арпа, жүгері, сұлы) жәнемайлы дақылдар (күнбағыс, рапс, зығыр) сақтандыруға жатады. Мониторингмақсатында ақпарат жерді зондтаудың қайнар көздерінен алынады. Ылғалдылықдеңгейі тұрақты түрде бақыланады және сақтандыру жағдайының туындау фактісіавтоматты түрде тіркеледі».
Qoldau.kzжүйесінің жеке кабинетінде және сақтандыру жағдайының басталғаны туралыэлектрондық пошта арқылы хабарлама алғаннан кейін ауылшаруашылық өндірушісі ЭЦҚқолдана отырып, төлемді қамтамасыз ететін сақтандыру компаниясына төлем жасауғаөтініш жасайды.
Тәжірибекөрсеткендей, сақтандыру жағдайларының 60%-дан астамы ылғалдың болмауынан, яғниқұрғақшылықтан болады. Осыған байланысты, егіс науқанының аяқталғанын ескереотырып, құрғақшылықтан сақтандыру өнімі ерекше өзекті болып табылады.
Мысалы,биылғы жылғы есеп бойынша, ылғалдың жетіспеу қаупінен сақтандыру үшінауылшаруашылық тауар өндірушілері осы жылдың 15 маусымына дейін сақтандырукелісімшартын жасасты. Сақтандыру мерзімі 3 айды қамтиды – 2020 жылдың 15мамыры мен 15 тамызы аралығын.
Шамадантыс ылғалдан сақтандыру бойынша келісім-шарттар 15 тамызға дейін жасалуы керек,сақтандыру мерзімі 2020 жылдың 15 тамызынан 15 қазанына дейін күшінде болады.
Сақтандыруөнімдерінің тізбесі агроөнеркәсіптік кешендегі сақтандыру жүйесі нарықтағыөзектілік пен сұранысты ескере отырып дамыған сайын кеңей бермек.
Еркежан АРЫН