Ауыр атлет Игорь Сон әлем чемпионатында күміс медаль алды

19.09.2019, 02:00

7

Ауыр атлетикадан Таиландтың Паттайя қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық Игорь Сон 55 келіде күміс медаль иеленді. Ол жұлқа көтеру және серпе көтеру жаттығуы бойынша 266 келі көтерді. Алтынды солтүстік кореялық Ом Ун Чол (294 кг), қоланы сауд арабиялық Мансур Әл-Салеем (265 кг) алды.

Осы салмақта сынға түскен тағы бір қазақстандық, Қытайдан келген легионер Арли Чонтей 5-орынмен шектелді — 263 кг.

Ауыр атлетикадан әлем чемпионаты 18-27 қыркүйек арасында өтеді. Бұл сынға Қазақстаннан допинг дауына ілініп, олимпиададағы алтындарын қайтарып берген Илья Ильин мен Зүлфия Чиншанло, Рио олимпиадасының чемпионы Нижат Рахимов қатысады.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • Tengri Bank салымшылары кепілдік өтемін қай банктен және қалай алады
    10:26
  • Бір тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны анықталды
    23.09.2020, 09:43
  • Nur Otan еліміздің солтүстік облыстарына қатысты қандай уәде береді?
    22.09.2020, 09:50
  • Конгресс-Холл экс-директоры миллиардтаған ақша жымқырған ба?
    21.09.2020, 15:07
  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39