15:45, 23 Сәуір 2018
Ауырмасын жүрек!

Елімізде жүрек аурулары жастарды үйіріп барады. Мамандардың айтуынша, қазір 35-тен асқан жастардың арасында жүрегі сыр беретіндер жиі кездеседі.
Еуразия аумағындағы елдер ішінде жүрек-қан тамыры аурулары бойынша Қазақстан алдыңғы орында тұр. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, әлемде жыл сайын жүрек-қан тамыры ауруларынан 17 млн адам көз жұмады. Ал отандық мамандар дерттің соңғы 20 жылда елімізде де дендеп бара жатқанын айтады.Жүрек және қан тамыры аурулары өлімге тура жол салатын дерттердің тізімін бастап тұр. "Жүрек ауруларына жастар неге шалдығып жатыр? Себебі жастар дұрыс тамақтанбайды, жұрт жүрек және қан тамыры ауруларынан сақтану жолдарын біле бермейді» дейді белгілі кардиохирург Алмат Қодасбаев.[caption id=«attachment_10130» align=«alignnone» width=«300»]
кардиохирург Алмат Қодасбаев[/caption]Алматы қалалық кардиология орталығының дирекоры Алмат Тұрысбекұлы: «Дүниежүзі бойынша өлім-жітімнің бірден-бір себебі де осы жүрек қан тамырлары аурулары. Жүрек адам организмінің моторы, түрлі факторлар салдарынан жүрекке күш түседі. Артық салмақ, тамақты көп жеу, майлы тағамдарды көп тұтыну — жүрекке ауыр тиеді. Шылым шегу де жүрек пен қан тамырларының бітелуіне әкеледі. Әрқандай ауруды алдын-ала анықтап, емдеу керек. Ең дұрысы спортпен шұғылдану».Кардиохирургтың бұл пікірін денсаулық сақтау саласындағы белді сарапшы Серік Тәңірбергенов те қуаттайды. Айтуынша, жүрек-қан тамыры аурулары елдегі өлім-жітімнің басты себепкері екені рас. "Қазақстанда ауруханаға жату көрсеткіші жыл сайын артып отыр. 2016 жылы бұл көрсеткіш 500 млн артып, 2,8 млн дейін жеткен. Оның 70 пайызы ауруы асқынып, ішкі ағза жұмысы бұзылуына байланысты жеткізілгендер. Оған жыл сайын тіркелетін 7 млн жедел жәрдем шақыртуын қосыңыз. Ал, өлім-жітім құрылымына үңілетін болсақ, бізде қайғылы жағдайларға душар ететін сырқаттардың «үздік» бестігі бар. Олар: жүрек-қан тамыры аурулары, тыныс жолдарының аурулары, онкология, жарақаттар мен ас қорыту жүйесінің сырқаттары" дейді Медициналық сақтандыру қорының басқарушы директоры С.Тәңірбергенов. [caption id=«attachment_10131» align=«alignnone» width=«300»]
Серік Тәңірбергенов[/caption]«Отандастарымыздың өліміне себепші болатын осы сырқаттардың төртеуі созылмалы аурулар. Дер кезінде анықтаса емдеуге болатын дерттер. Негізі, адам өмірін қиятындай сырқаттар емес. Өкінішке орай, дәрігерге уақтылы қаралмай, ауруын асқындыру салдарынан азаматтарымыз жарық дүниемен қош айтысып жатады», дейді сарапшы.Енді не істемек керек? Бұл сұрақтың жауабы жоғарыда айтылған профилактика мәселесіне келіп тіреледі. «Әрбір адам өз денсаулығына деген қарым-қатынасын өзгертуі тиіс. Тіпті, дені сау азаматтың өзі жылына кем дегенде бір рет дәрігерге қаралып, аурудың алдын алу шараларына көңіл бөлгені жөн. Мемлекет тарапынан кепілдік берілген тегін медициналық көмек шеңберінде тексеруден тегін өтуге болады. Мысалы, флюорография, қан және несеп талдауларын тапсырып, қандағы холестерин мен қант мөлшерін, көз іші қысымын тексерту қажет. Егер қандай да бір ақау табылып жатса осы кепілдендірілген көмек шеңберінде тегін ем-дом қабылдауға болады. Өйткені көптеген созылмалы сырқаттар аталған пакет шеңберінде тегін емделеді. Мұны бір адам істесе білінбес. Ал, елдің бәрін жұмылдырсақ ұлт денсаулығының жақсарары сөзсіз», дейді С.Тәңірбергенов. Жүрек қан тамырлары ауруларының қандай түрлері бар? * Жүрек-қан тамырларының жарылуы – жүректегі бұлшық еттерге қан тасымалдайтын тамырлардың зақымдалуы;* Бастағы қан тамырларының ауруы — миға қан тасымалдайтын тамырдың зақымдалуы;* Перифериялық артерия ауруы – аяқ-қолға қан тасымалдайтын қан тасымалдаушы тамырларда болатын ауру;* Ревмокардит – стрептокок бактерияларының шабуылынан болатын ауру (жүректегі бұлшық ет пен жүрек клапанының зақымдалуы);* Туа біткен жүрек ақауы – жүректің туабітті деформацияға ұшырауы;* Тамыр тромбозы және өкпе эмболиясы – жүрек пен өкпеге қан тасымалдайтын аяқтағы қан тамырларда қанның ұйып қалуы;* Инфаркт пен инсульт, әдетте, жүрек пен миға баратын тамырлар бітеліп қалған кезде мазалайды.

