Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
08:46, 26 Мамыр 2021

Ауыс-түйістен не пайда?!

None
None

      «Үкіметте үлкен ауыс-түйістер болады» деген қауесет желдей есіп тұр. Бұған қатысты сарапшы Қазбек Бейсебаев бүй депті:

       – Бізде премьер-министр – қолында билігі бар еркін фигура емес.

Біздің премьер-министрлер қашанда мемлекет басшысының тапсырмаларын орындаушы ғана. Қазір биліктегі партияның көшбасшысы ретінде Тұңғыш президент бәрібір үкіметті басқаруын жалғастырып отыр. Сонда Маминнің бұл үкіметі отставкаға кеткенімен, бәрібір оның орнына сол баяғы «Нұр Отанның» басқа үкіметі келеді. Ендеше, үкіметтегі ауыс-түйістерден елде ештеңе өзгермейді.

       Президентке сенат та бағынышты. Конституцияға сәйкес, 15 сенаторды президент тағайындайды. Сенатта жаңа адамдар пайда болуы мүмкін, бірақ олар ештеңе шешпейді. Тек жаңа сенаторлардың бірі күтпеген жерден сенат спикері болып кетсе ғана бір өзгерістер болуы мүмкін. Бірақ ондай нәрсе біздің елде әзірге бола қоймас.

       Сонымен бірге, елге өзгеріс әкеле алатын үш жағдайды атай аламын:

      Халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайы күрт нашарлап, наразы халық жаппай көшеге шықса.

       Билік ел мен азаматтардың мәселесін шеше алмайтын шарасыздығы мен біліксіздігін көрсетсе.

       Кітапхананың рөлі төмендеп, жекелеген билік өкілдері Конституцияда бекітілген Тұңғыш президент қағидаларынан ауытқи бастаса.

      Сонда ғана мерзімінен бұрын парламент сайлауы немесе президент сайлауы өтуі мүмкін.

Тегтер: