Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
15:30, 15 Желтоқсан 2021

Ауыз ашпады. Мәжілісте БЖЗҚ басшысы сынға қалды

None
None

Мәжілісте Бірыңғай ұлттық зейнетақы қорының (БЖЗҚ) басшысына жеткілікті шек деңгейі неге көтерілгенін халыққа жедел түсіндірмегені үшін сын айтылды, — деп хабарлайды «Жас Алаш».

 

Сақтандыру нарығын және бағалы қағаздар нарығын реттеу мен дамыту мәселелері бойынша түзетулерді талқылау барысында БЖЗҚ басшысына отырыс тақырыбы бойынша сұраққа жауап беру ұсынылды, бірақ Жанат Құрмановтың жауабы депутаттарды қанағаттандырмады.

Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулин зейнетақы қорының басшысына сұрақтарға жауап беруге тыңғылықты дайындалу керек екенін айтты.

"Үш апта бойы ауыз ашпай, жеткілікті шек деңгейі неге көтерілгенін халыққа түсіндіре алмағаныңыз енді түсінікті болды. Жанат Бостанұлы, мұнда келгенде, дайындалу керек. Түсіндіңіз бе?" — деді ол.

Бұған дейін БЖЗҚ 2022 жылдан бастап зейнетақы жинақтарын алу бойынша жеткілікті шек деңгейі едәуір өсетінін мәлімдеген болатын.

Кейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев зейнетақы жинағын пайдаланудың жеткілікті шек деңгейін көтеру мәселесін кейінге қалдыруды тапсырды.

Тегтер: