Ауыз су: 3892 ауыл – аз ба, көп пе?

29.04.2019, 22:30

7

Үш облыстағы ауылдардың жартысына жуық халқына ауыз су жетпей отыр. Мәселе шешіле ме?

Шөл далада тұрмасақ та, Қазақстанда толық шешілмейкеле жатқан мәселе – ауыз су. Жуырда ғана Сенат төрағасы Дариға НазарбаеваҚазақстан халқын ауыз сумен қамтуға бағытталған мемлекеттік бағдарламаны сынғаалған болатын.

Дариға Назарбаеваның айтуынша, тәуелсіздікжылдарында Қазақстанның өңірлерін таза ауыз сумен қамтуға бас-аяғы 540 млрдтеңге бөлінген екен. Бірақ, сенат спикері бұл ақша бөлінбегендей, көптегенаймақтар әлі де таза ауыз суға қол жеткізе алмай отыр деген болатын.

«540 млрд теңге бөлінген. Она неге көптегенелді мекендер әлі күнге дейін таза ауыз су іше алмай отыр. Бағдарлама»Бермурд үшбұрышы" (Атлант мұхитындағы кемелер мен ұшақтар құпия құбылыстардыңкесірінен із-түзссіз жоғалып кететін аумақ-мыс) сияқты, бөлінген қаржыіз-түссіз жоғалып жатқан сияқты", — деген еді Назарбаева.

Ал, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық дамуминистрлігіне қарасты Құрылыс және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық істерікомитетінің төрағасы Мархабат Жайымбетовтің айтуынша, ауыз су мәселесі өзекті,дегенмен, рет-ретімен шешімін тауып жатыр.

— Қазақстанда16,5 млн адам немесе халықтың 90,2% орталықтандырылған суға қосылды. Халықтыауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында Nur Otan партиясының съезінде Елбасыміндеттеген тапсырма бойынша биылдан бастап халыққа ауыз су жеткізу үшінқосымша жыл сайын 20 млрд теңгеден, жалпы 140 млрд теңге бөлінеді. Бұлқаражаттың 15 млрд теңгесі республикалық бюджеттен, 5 млрд теңгесі жергіліктібюджеттен бөлінеді, — деді Мархабат Жайымбетов ауыз су мәселесіне арналғанбаспасөз мәслихатында.

Комитет төрағасының айтуынша,  2019 жылы республикалық бюджеттен 411 жобаныіске асыру үшін 126,5 млрд.теңге бөлу қарастырылған. Бұл ақшаның басым бөлігі,дәлірек айтсақ, 71,5 млрд теңге ауылдарға, 55 млрд теңге қалаларға бағытталады.

Ауызсу арман болған ауылдар

Дегенмен, Мархабат Жайымбетов халықты сапалы ауызсумен қамтуға бағытталған мемлекеттік бағдарлама үзіліссіз жүзеге асып жатсада, ауыз су арман болған аймақтар әлі де бар дайды. Ол ауылдарға таза су жетпейотырған негізгі облыстарды атады.

— Жобалардыңтиімді әсеріне, жалпы, республика бойынша таза ауыз су деңгейінің көрсеткішіартып келе жатқанына қарамастан, кейбір жекелеген аймақтарда халықты ауыз суменқамтуда теңсіздік орнап отыр. Ауылдық жерлерге таза ауыз су тарту көрсеткіші еңтөмен облыстар, ол — ауылдардың 29,7 %-ында таза ауыз су жоқ Павлодар,31,4%-бен Қостанай және ең ауыл халқының жартысына жуығы (46%)) таза ауыз суғақол жеткізбеген Батыс Қазақстан облыстары, — дейді Мархабат Жайымбетов.

Ал, қалалардағы халықтың орталықтандырылған тазаауыз сумен қамтылу деңгейі ең төмен облыстар, ол — Жамбыл облысы мен Ақмолаоблысы. Екі облыста да қала халқының орталық каналға қосылмау деңгейі — 86%.

Естеріңізге сала кетейік, «Төртінші өнеркәсіптікреволюция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Тұңғыш ПрезидентНұрсұлтан Назарбаевтың жолдауын орындау үшін ауылды жерлерді суменжабдықтауға 100 млрд теңгеден астам қаражат бөлініп, оның ішіндереспубликалық бюджеттен министрлік арқылы ауыл ішіндегі жүйелерге –69,6 млрдтеңге қарастырылған болатын.

Бұл қаражат 122 ауылды орталықтандырылған суменжабдықтау желілерін салуға, қосымша 300 мыңнан астам адамды ауыз суменқамтамасыз етуге, 5,5 мың шақырымнан астам желілерді салуға және қайтажаңартуға мүмкіндік берген.

2018 жылы ауылды жерлерді сумен жабдықтау бойынша 6499 ауылдың ішінде 3892 ауыл немесе еліміздегі ауылдардың 59,9%- ауыз суменқамтылған. Қазіргі мәлімет бойынша, Қазақстанда ауыл халқының 84,4% немесе 6,5млн. адам орталықтандырылған суға қолжеткізді.

Фото: zhaikpress.kz

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

11.08.2020, 13:22
Берешекке белшесінен батқан беткеұстарлар
07.08.2020, 12:39
Коронавирус індеті кезінде тұрмыстық зорлық-зомбылық 21 пайызға өсті - ІІМ
06.08.2020, 13:36
«Біздің әкім белсенді»
04.08.2020, 13:05
Диқандар неге ашулы?
30.07.2020, 13:14
«Қазақмыстағы» қанды оқиға: іс сотқа түсті
29.07.2020, 13:57
Алматыда құрбандыққа шалынған мал етін мұқтаж жандарға жеткізу ұйымдастырылады

Аңдатпа


  • Ахметовтің кадр саясаты ақсай бастады
    21:08
  • Конгресс-Холл экс-директоры миллиардтаған ақша жымқырған ба?
    15:07
  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39
  • Көлік кептелісінен құтылар күн бар ма?
    18.09.2020, 14:27
  • Емханаға тіркелу науқаны басталды
    18.09.2020, 14:13