"Ауыз су бұрынғы премьер-министрдің саяжайында ғана бар"

16.09.2019, 00:00

5

Астанадан 15 шақырымқашықтықтағы Жібек жолы ауылы 3-ауданның 50-ден астам тұрғыны жергіліктібилікке наразылық білдірді. 

Ақмола облысы Аршалы ауданына қарасты ауылелорда маңына жақын орналасқанына қарамастан газ, су, электр қуатымен толыққамтылмаған. Ауыл ішіне қатынайтын «Такси Жібек жолы» аттытұрғындарды ақылы тасымалдайтын көлік желісі бар екен. Ескі «Жигули»көлігін тізгіндеген Әдихан НҰРЖАНОВ есімді азамат та 3-ші аудан тұрғыны.Ауылдың тыныс-тіршілігімен таныстырған ағамыз қыс келсе болды халыққа қалағақатынау бейнетпен тең дейді:

— Осында тұрып жатқанымызға 10 жылға жуықтап қалды. Ауыз суды әркім өзесігінің алдынан 5-6 метр тереңдіктен қаздырып алып ішеді. Тоқ көзі атымен жоқ.Бір жекеменшік серіктестік тоқты үзіп-үзіп береді әйтеуір. ХХІ ғасырда бұлкүлкілі жайт қой. Ең басты мәселе — жол. Қыста қалың қардан ауылға көліктер декіре алмайды. Беті ашық жатқан шұңқырлар көп. Ойнап жүрген балаларымыз түсіпкетеді-ау деп зәре құтымыз қалмайды. Көбі ауыл әкімін кінәлайды. Шындығындаауылдың әкімі отырып алмай, өз мүмкіндігінше көмек беріп жүр. Барлығы жоғарыжақтан ғой… — дейді ол.


Әкімдердің берген уәдесінен шаршадықдеген тұрғындар қыс мезгілі жақындаған тұста ауыл көшелеріне жолтөселмегендіктен тұрғындарға мектеп, аялдамаға қатынау жылдағы бас ауруымыздейді. Наразылық шарасын өткізген Жібекжолы ауылының 3-ші ауданында 800-ге жуық адам қоныстанған. Жұмыстар тезірекатқарылуы үшін тұрғындар президент әкімшілігі мен мәжіліс және сенатдепутаттарына арыз жолдағалы отыр. Әзірге 40-тан астам отбасы қол қойған.Ауылда өркениеттен қалмаған бір үй болса, ол — бұрынғы премьер-министр Серік АХМЕТОВТЫҢсаяжайы дейді жұртшылық:

— Саяжай үлкен жолдың бойында орналасқан. Тоқ, су, газ, барлық жағдайыжасалған. Кірпіштен өріп, биік етіп қоршап тастаған. Қанша жылдан бері осындатұрамыз, қоршаудың іші қандай екенін көргеніміз жоқ. Есігінен сығалап көріңізәуелі, — дейді ауыл тұрғыны Динара ТЕМІРҒАЛИЕВА.


Тұрғындар наразылығын тыңдап,мәселенің мән-жайын түсіндіру үшін Аршалы ауданының әкімі Талғат МҰХАМЕТЖАНОВ наразы жұрттың алдына келді.Әкіммен қоса 1 полицей келіп, өзінің тыныштықты қадағалау үшін тұрғанын айтты.Аудан басшысы 2019-2020 жылдарға жоба құрылып, жалпы Жібек жолы ауылына жолтөсеу, электр қуатын жүргізу, су тарту мен мектеп құрылысына 5 млрд 700 млн теңге бөлінгенін айтып, осы уақытқа дейін жұмыстың 20 пайыздан астамы аяқталғанынбаяндады. Дегенмен, наразы тұрғындар бұл мәліметтерге күмәнмен қарайтынынжеткізді. Олардың айтуынша қазіргі аудан әкімінен бұрын сол қызметті атқарғаназамат 2017 жылы ауылдың инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымы негізіндежоба жасақтаған. Бірақ әлі күнге дейін ауылға қарасты 3-ші аудан жағдайыөзгеріссіз дейді. Мектеп Нұр-Сұлтан-Қарағанды жолының арғы бетінде орналасқан.Аялдама аталған ауданнан шамамен 3 шақырым жерде. Ауыл әкімі Ғабдулғайып РЫСПАЕВережеге сай жол төселмейінше арнайы автобус аудан тұсынан қалаға қатынайалмайтынын айтып отыр.

Наразы жұртпен тілдескен аудан әкіміТалғат Мұхаметжанов пен ауыл әкімі Ғабдулғайып Рыспаев жуырда ауылдың аталғанауданының жолдарына құм төсеп, электр қуатын тарту үшін бағандар орнатабастайтынын, келесі жылы жоба түгелімен бітіп, тұрғындарға жағдай жасайтынынайтқан соң барып жиылған адамдар тарқады.

Фотолар автордікі. 

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 20.08.2020, 18:13
Су тазарту қондырғыларын жасап шығарады
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 19:15
"Доғарыңдар, ұрмаңдар!". Беларусьте сәрсенбі күні де наразылық акциялары жалғасты
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 16:40
Қазақстанда бір күнде 517 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 02:00
Қазақстан ресейлік коронавирус вакцинасын толық сынақтан өтпейінше сатып алмайды
12.08.2020, 17:29
Қазақстан Ресейдің вакцинасын әзірге алмайды – ҚР ДСМ
Сайт әкімшілігі 12.08.2020, 16:48
Орталық клиникалық госпиталь соңғы науқасты шығарып салды

Аңдатпа


  • Tengri Bank салымшылары кепілдік өтемін қай банктен және қалай алады
    10:26
  • Бір тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны анықталды
    23.09.2020, 09:43
  • Nur Otan еліміздің солтүстік облыстарына қатысты қандай уәде береді?
    22.09.2020, 09:50
  • Конгресс-Холл экс-директоры миллиардтаған ақша жымқырған ба?
    21.09.2020, 15:07
  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39