Ауыз су мәселесі ширек ғасырдан бері шешілмей келе жатыр

05.06.2019, 22:12

5

20 жылдан бері сутасып шаршаған Талдықорған тұрғындары уәдені үйіп-төгетін шенділергеөкпелі.  Өркениеттің ортасында отырса да «Мерекелік»саяжайының мыңнан астам тұрғыны 20 жылдан бері жалғыз қолқұдықтан су тасыйдыекен. Құдыққа ең жақын орналасқан үй 300 метрде болса, ең алыс үй  2 шақырым жерде.  Саяжай тұрғындары жылда жоба-сметалыққұжаттама әзірлеп жатырмыз дейтін әкімдіктің жауабынан жалықтық деп отыр. Жетіөзеннің сағасында тұрып  ауыз судантарығып отырған саяжай тұрғындарды базынасын «ЖасАЛАШ»тілшісіне айтты.


300-ге жуық түтінібар «Мерекелік» саяжайы биікте орналасқан. Тұрғындар жалғыз қолқұдықтан сутасып жүргендеріне ширек ғасыр болғанын айтады. Жүкті әйелдер мен жасы егдетартқан тұрғындар үшін бұл істің машақаты көп.

Халықтың 20 жылданбері жергілікті биліктен сұрап келе жатқан жалғыз өтініші елдімекенге ауыз сутарту. Алайда, жауаптылар құрғақ уәдемен шектеліп, әкімдік есігінен шығарыпсалады дейді.

«Менің ұлым мүгедек. Соған қарамастан мына жалғызқолқұдықтан  2 төбе асып су тасиды.Қыздарым да тасыған. Әлі күнге дейін тасып келеміз. Облыс әкімі ақша бөлінді,су тартып береміз деген. Қалада 3 әкім ауысты, міне, Ғалымжан ӘБДІРАЙЫМОВ әкімболды. Бірақ, әкімдер ауысады, біздің проблема солай қала береді. Келіпхалықтың жағдайын сұраған ешкім жоқ», — дейді «Мерекелік» саяжайының тұрғыныРайхан ҚАПТАҒАЕВА


«Сәуірден бастап су құбыры тартылады, оған ақша бөліндідеп естідік. Бұл әңгіме облыс әкімінің есептік жиынында да айтылды. Бірақ,міне, маусым айы келді, әлі ештеңе жасалған жоқ», — дейді тағы бір саяжайтұрғыны Құндыз СОЛТАНБЕКҚЫЗЫ. 

Қала әкімдігі «Мерекелік»саяжайына су тарту үшін арнайы жоба әзірлеген екен. Ол мемлекеттік сараптамаданда өткен көрінеді. Жауаптылардың айтуынша, тек, су құбырын тартатын компанияанықталмай жатыр. 


«Аталған саяжайдың су құбырын жүргізу бойынша қазіргіуақытта конкурс жүргізіліп жатыр. Оған 9 компания қатысуда. Бұл конкурс5-маусымда аяқталады. Егер алдағы 5 күннің ішінде сол компаниялардан ешқандай шағымтүспейтін болса онда 10-маусымнан бастап жұмыс басталады», — дейді Талдықорғанқаласы әкімінің баспасөз хатшысы Данияр ЖАНЫС.

Мерекеліктегілердіңсөзінше, халықтың мұндай жауапты естіп келе жатқанына 10 жылдан асқан. Бірақ,сөзден іске көшкен атқамінерлерді әлі де көрмедік деп отыр.

«Маусымның 22-не дейін шыдаңдар, сол кезде бастаймыздегенді естіп қалдық. Бұлар шыда, шыда деп күзге дейін созуы мүмкін. Ал, күздекүн суытты, қар жауды деген сылтаумен ендігі жылға қалдырудан тайынбайды.Өздері суы бар көпқабатты үйлерде тұрады. Бұл қалада халықты ойлап жатқанешқандай басшы жоқ», — дейді «Мерекелік» саяжайының тұрғыны Айтбек ӘУБӘКІРОВ


Талдықорғанда әліде ауыз су мәселесі шешілмеген 9 саяжай кооперативі бар. Оның бесеуіне қалаәкімдігі биыл жоба-сметалық құжат дайындап жатыр. Жоспарға сай қала тұрғындарынауыз сумен 2020 жылға дейін толықтай қамту көзделген екен. 1 ғана саяжайкооперативіне  су тарту 1 миллиардтеңгені қажет ететінін ескерсек, аталған жұмыс біразға созылуы мүмкін.

Фотолар автордікі.

 


Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 20.08.2020, 18:13
Су тазарту қондырғыларын жасап шығарады
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 19:15
"Доғарыңдар, ұрмаңдар!". Беларусьте сәрсенбі күні де наразылық акциялары жалғасты
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 16:40
Қазақстанда бір күнде 517 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 02:00
Қазақстан ресейлік коронавирус вакцинасын толық сынақтан өтпейінше сатып алмайды
12.08.2020, 17:29
Қазақстан Ресейдің вакцинасын әзірге алмайды – ҚР ДСМ
Сайт әкімшілігі 12.08.2020, 16:48
Орталық клиникалық госпиталь соңғы науқасты шығарып салды

Аңдатпа


  • Жарты мүшелі жан жұртқа жігер беріп отыр (видео)
    29.09.2020, 10:22
  • Ар сатылды, кен шашылды
    29.09.2020, 09:55
  • Ұлттық банк теңгенің әлсіреуіне қатысты түсінік берді
    28.09.2020, 15:45
  • «Shymkent bike» қызметін пайдаланушылар көбейді
    26.09.2020, 15:01
  • Үш мыңға жуық медицина қызметкеріне біржолғы төлем берілді
    28.09.2020, 11:16