Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 13:21

Автобус жүргізушілеріне арналған демалыс бөлмесі бар аялдамалар салынады

автобус
Фото: ашық дереккөз

Алматыда автобус жүргізушілеріне арналған демалыс бөлмесі бар соңғы аялдамалар салынады. Әкімдік өкілдерінің мәліметінше, қала бойынша мұндай 20 аялдама салу жоспарланып отыр.

Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, қоғамдық көлік жүргізушілері үшін қолайлы жағдай жасауға бағытталған жүйелі жұмыс жүргізіліп жатыр. Қалада 20 тоқтау-бұрылу алаңын (ТБА) салу жоспарланып отыр.

Жол инфрақұрылымын дамыту басқармасының мәліметінше, аталған алаңдар бірқатар маңызды міндетті атқарады. Атап айтқанда автобустардың жол жиегінде мәжбүрлі түрде тоқтап тұруының алдын алады әрі жүргізушілердің толыққанды демалуына қажетті жағдай жасайды. Бұл өз кезегінде жолаушылар тасымалының қауіпсіздігін арттыруға ықпал етеді.

Көктөбе шағынауданында екі маршрутқа қызмет көрсететін, жалпы саны 47 автобус шығатын соңғы нүкте ретінде пайдаланылатын тоқтау-бұрылу алаңының құрылысы толық аяқталды. Алаң аумағына асфальтбетон жабыны төселіп, аумақ бойына сыртқы жарықтандыру орнатылған. Сонымен қатар жалпы аумағы 49 шаршы метр болатын тамақтану аймағы мен санитарлық-гигиеналық бөлмесі бар жүргізушілерге арналған модульдік демалыс ғимараты бой көтереді.

Қаланың әртүрлі аудандарында биыл пайдалануға берілетін тағы үш тоқтау-бұрылу алаңының құрылысы жүргізіліп жатыр. Ал қалған 16 алаң бойынша жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу қолға алынған

Тегтер: