Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
14:30, 17 Тамыз 2023

Автомобильді нөмірімен бірге сатуға болады

None
None

Қазір көлік сатқанда бұрынғы иесі мемлекеттік тіркеу нөмірін не өзіне қалдырады, не арнайы ХҚКО-ға тапсырады.

Заң бойынша «бұрын қолданыста болған мемлекеттік нөмірді көлік құралының басқа иесіне беруге болмайды». Бірақ жақында бұл тәртіп өзгереді.

«2024 жылы шілдеден бастап тұрғындар көлік нөмірін жаңа иесіне онлайн режимде бере алады. Арнайы ХҚКО-ға барудың қажеті жоқ. Сондай-ақ сұранысқа ие көлік нөмірін жақын туысына беруге болады», — деп жазды цифрлық даму министрі Бағдат Мусин Facebook парақшасында.

Оның айтуынша көлік иесінің тұрғылықты жері өзгерген кезде сұранысқа ие мемлекеттік нөмірді қайта тіркеу жөніндегі талап күшін жояды. Сондай-ақ билік автомобильді алғаш рет тіркеген кезде жинайтын құжат санын азайтуды жоспарлап отыр, тіпті кей жағдайда арнайы ХҚКО-ға барудың қажеті болмайды.

Тегтер: