Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
09:55, 17 Қазан 2024

Аягөз қаласының тұрғындары жылусыз қалды

а
Фото: globallookpress.com
Абай облысының Аягөз қаласында төтенше жағдайда жылу жүйесі істен шықты. 

Әкімдік мәліметінше, жылу желілеріндегі температура қалпына келтірілуде.

16 қазан сағат 15.00-де Ø159 ысырмасының істен шығуы себебінен жылумен жабдықтаудың авариялық ажырауы болды. Алайда қазандықтар жұмысын тоқтатқан жоқ. Ақау сағат 16.00-де толық жойылды, қазір жылу желілерінің температуралық параметрлері жинақталып жатыр. Жалпы, жылу желілерін тарту жұмыстары толығымен аяқталып, жылу магистральдық траншеясы толтырылуда. Барлық нысандар толық көлемде жылумен қамтамасыз етілген. Әлеуметтік маңызы бар нысандарды орталықтандырылған жылумен жабдықтау 5 қазанда жүзеге асырылды, тұрғын үйлер жылуға 15 қазанда қосылды, деп хабарлады әкімдік.

Алайда жергілікті БАҚ әкімдік таратқан ақпараттың жалған екенін айтып, жылу әлі берілмегенін жазған.

Тегтер: