09:01, 19 Желтоқсан 2024
Аягөздегі өрт: қала жарықсыз қалды

19 желтоқсанға қараған түні Аягөз қаласында трансформатор өртенді, - деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігі.
Өрт сөндірушілер ауа-механикалық көбік пайдаланғаны хабарланып, өрт одан әрі таралмай толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.
Ал, жергілікті тұрғындар әлеуметтік желіде сағат 23:00-дер шамасында Аягөзде электр жарығы толығымен өшірілгенін хабарлады. Қазіргі уақытта қалпына келтіру жұмыстары жалғасып жатыр.