Аягөздің жылуы Ахметовке қарап тұр

14.12.2018, 22:23

5

Аякөз қаласында  «басқан жері сықырлап» қыс келгенде бірқатар үйдің тұрғындары дірдек қағып отыр. Жұрты жылу күтіп «миы шіріп» жүргенде, қырсыққанда қымыран іріп қалада әкім жоқтығы белгілі болды. Қазір қала әкімінің орынбасары Нұрлан ҚАНТАЕВ әкімнің міндетін атқарушы қызметін қоса алып жүр. Ал аудан әкімі Бақытжан БАЙАХМЕТОВ қалаға тездетіп әкім тағайындаудың орынына жаңа мектеп ашып, тәуелсіздік мерекесіне арналған шараға өзі барып, «өз қызығы өзінде» жүрген жайы бар. Ең сорақысы сол қала пәтерлері мен бірқатар әлеуметтік нысандарды жылумен қамтитын орталық қазандық «Аякөз жылу» ЖШС-нің иелігінде екен. Яғни, жекенің қолында. Жылу маусымы басталатын қазан айының ортасынан бастап, тұрғындардан маза қашып, қарашадан қалтырап шыққан кейбір отбасылар 1,5 айдың жылу ақысы 12 мың теңгеге қалай есептелгенін түсіне алмай «жынды» болып отыр.-Егер жылу сапалы болса, үйің қайнап тұрса, айтқан бағасына ештеңе демес едік. Қазан айының 15-інен бір аптадай кешігіп барып жіберілді. Оның өзінде бірде бар да, бірде әлсіз. Сонысына қарамай қазан  айына 4 мың, қараша айына 8200 теңге төледім. Төлемесек, жылу орталығының басындағылар үстіне өсімақы қосатындарын айтып қорқытады. Ал жылудың сиқын айтсаң, не қалалық әкімдіктен, не «Аякөз жылу»-дан жарытымды жауап ести алмайсың. Өстіп жүргенімізде кешеден бері Момышұлы көшесіндегі қос қабатты үйлерде тұратындар мүлдем жылусыз қалды. Аудан әкімінің осы салаға қатысты орынбасары Бауыржан НҮКІБАЕВҚА үнемі қоңырау шаламыз да отырамыз. Ол біресе қазандықтың басында бәрін қадағалап жүргенін айтса, енді бірде іссапарға кеткенін  айтады. Нүкібаевтан жылу дұрысталып жөнге келетінін өткен аптада естігенбіз. Бірақ, бос сөз болып қалды. Енді, міне, жылуды тоқтатып тастады, үйдің ішінде «уги» аталатын етікпен жүреміз,-дейді Момышұлы көшесінің тұрғыны Риза БАЗАРҚЫЗЫ.Ақтамберді көшесінде тұратын Альмира БЕДЕЛБАЕВАНЫҢ да айтар шағымы осы.-Жылу берілген күнде де түнде 11 градустан аспайды. Төрт балам бар. Үйім аңырап тұрған соң қала әкімінің міндетін атқарушы Қантаевқа барып жағдайды айтқанбыз.  Үйге тартылған жүйе дұрыс емес, жөндеу керек деген соң, осы мекенжайдағы 8  пәтер он мың теңгеден жинап, толықтай ауыстырдық. Су қысымын реттейтін насос орнату керектігін айтты. Оны істедік. Бәрібір пайдасы шамалы болып тұр,-дейді А. Беделбаева.-Есептегіш құралдар орнату керектігін кезінде айтқанымызда Тәуірбаев оны өздеріне тиімсіз болатынын айтқан. Әкімдік жаңа жылу трасса ауыстырғаны рас, бірақ, одан, пайда жоққа тән. Үй суық, балаларым ауырмаса деумен күн санап жүрміз. Көршімнің баласы пневмания болып жатыр. Қалалық әкімдіктің кейбір кабинеттері обогреватель құралдарымен отыр. Әр отбасы жылу берілуінің дұрысталуын талап етуге құқылы деп ойлаймын,-дейді Еңлік ЖАЗЫҚБАЕВА.  Жалпы, Аякөз қаласындағы қос қабатты үйлердегі пәтерде тұратындар үшін жылумен қамту мәселесі өткір күйінде қала беретін сыңайлы. 10 шілдеден бері қала әкімінің міндетін атқарушы Нұрлан Қантаев жылу жүйелерін жөндеу, жаңарту бағытында аудан әкімдігі мен қала басшылығы бірігіп, электродвигательдер сатып алынып, бірқатар жұмыстар атқарылып жатқанын жіпке тізгенімен, орталық жылу қазандығының қай әкімнің кезінде, қандай негізде жекеменшікке өтіп кеткені туралы жарытып айта алмады.-Оның қашан жеке иелікке өтіп кеткенін нақты білмедім. Бірақ, анықтағаным – 2005 жылдан бері «Аякөз жылу» ЖШС иелігінде. Басшысы Асқар Тәуірбаев. Дегенмен, жекеменшік иелікте болғанымен қазандықтан жылудың жіберілуін үнемі қадағалап, қысқа дайындағын түгел тексердік. Қазір жылу температурасы 45 градусқа дейін берілуде,- дейді Н. Қантаев.Әкімнің міндетін атқарушының сөзі мен тұрғындардың алаңдаушылығы бір-бірімен үйлеспейтіні көрініп тұр. «Аякөз жылудың» басшысы Асқар Тәуірбаевтің ұялы телефонына қанша қоңырау шалсақ та, жауап бермеді. Айтпақшы, Н. Қантаев жекеге сатылып, тірлігі кері кеткен жылу қазандығының тағы да сатылатындығына қатысты тосын пікірін айтып қалды.-Осыдан бірер күн бұрын,  11 желтоқсанда ғана аудан әкімі Бақытжан Байахметов Асқармен бірге облыс әкімі Даниал ААХМЕТОВТІҢ қабылдауында болып қайтты. Қазандық иесі оны сатқалы жүрген болатын. Даниал Кенжетайұлы осыған орай тиісті департамент, бөлім басшыларын жинап, сатып алушы табу қажеттігі жөнінде тапсырма беріпті. «Аякөз жылу» жеке серіктестік болып саналатындықтан, оны мемлекеттік басқаруға ала алмайды. Сондықтан, «Ертіс» СПК сияқты әлеуетті құрылымдар сатып алуы мүмкін,-дейді Н. Қантаев.Тағы бір белгілісі қазандықтың «Аякөз жылуға» берілуіне қатысты қалалық ТҮКШ тиісті құжаттардың қайда екенін өздері де білмейді екен. «Жекеменшік иелікке қайда, қалай сатылып кеткендігін айғақтайтын құжаттар қазір жоғалып кеткендіктен, кейбір нәрселерді анықтау қиын»,-дейді Н. Қантаев. Есесіне, анасы Рысжан Түсіпханованың дүние салуына байланысты (2012 жылы қайтыс болған-авт) баласы Асқар Қайнарбекұлына қазандық қызметі мұраға қалдырылатындығын көрсеткен мына нотариалдық құжатынан да біраз нәрсе ұққандай болдық.Дегенмен, аудан әкімі Б. Байахметов құжаттары түгел емес қазандықтың басшысын ертіп, облыс әкімінің алдына қалай барып жүр? Даниал Ахметов қыс түскенде аякөздіктерді далада қалдыра жаздап отырған жылу қазандығының жайын әрі қарай қалай реттемек?.. Бұл енді«Қара сиырым қарап тұр,Қызыл сиырым жалап тұр» (шешілуі қазан  мен от) деген шешіміоңай табылатын жұмбақ сияқты емес, күрделі мәселе. Не де болса, Аякөздегі қос қабатты үйлерді қыстан қалтыратпай шығару облыс әкімі Даниал Ахметовке қарап тұр.Фото: avarijka.com 
Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 20.08.2020, 18:13
Су тазарту қондырғыларын жасап шығарады
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 19:15
"Доғарыңдар, ұрмаңдар!". Беларусьте сәрсенбі күні де наразылық акциялары жалғасты
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 16:40
Қазақстанда бір күнде 517 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 02:00
Қазақстан ресейлік коронавирус вакцинасын толық сынақтан өтпейінше сатып алмайды
12.08.2020, 17:29
Қазақстан Ресейдің вакцинасын әзірге алмайды – ҚР ДСМ
Сайт әкімшілігі 12.08.2020, 16:48
Орталық клиникалық госпиталь соңғы науқасты шығарып салды

Аңдатпа


  • Tengri Bank салымшылары кепілдік өтемін қай банктен және қалай алады
    10:26
  • Бір тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны анықталды
    23.09.2020, 09:43
  • Nur Otan еліміздің солтүстік облыстарына қатысты қандай уәде береді?
    22.09.2020, 09:50
  • Конгресс-Холл экс-директоры миллиардтаған ақша жымқырған ба?
    21.09.2020, 15:07
  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39