Аякөздегі зорлық көрген балалардың жағдайын тексеруге Нүсіпова емес, Байбеков аттанды

30.08.2019, 14:58

3

Аякөздегі психоневрологиялық-медициналық әлеуметтік мекемесінде емделіп әрі тәрбиеленіп  жатқан мүгедек балалардың наурыз айында зорлық көргені Шығыс Қазақстан облыстық әкімдігін енді оятқан сыңайлы. Облыс әкімі Даниал Ахметов ата-ана қамқорлығынан тыс қалған, сондай-ақ даму ақауы бар жеткіншектердің мекеме ішінде зорлық құрбаны болғанын Total. kz сайтында жариялаған Қазақстандағы балалар омбудсмені Аружан Саинға алғысын білдіре келіп, бүгін ертемен арнайы комиссия құрып, Аягөзге жібергенін өз парақшасында мәлімдепті. 
«Менің өкімім бойынша (Д. Ахметовтың –авт) орынбасарым Шалқар Байбековтің басшылығымен арнайы комиссия құрылып, жағдайдың егжей-тегжейін терең зерттеу мақсатында ауданға шықты. Жұмыс тобының құрамына сондай-ақ, облыстық әкімдік аппаратының жетекшісі Жасұлан Сәрсебаев, аудан әкімі Ділдәбек Оразбаев және білім, мемлекеттік еңбек инспекция, денсаулық сақтау басқармаларының басшылары кірді. Сонымен қатар, комиссия жұмысына ШҚО Прокуратурасы басқармасының аға прокуроры Лаура Түгелова, Ішкі істер департаменті тергеу басқармасының басшысы Талғат Еліков қатысады» делінген ШҚО әкімінің «Фейсбуктегі» парақшасында.
Бұл орталықта қазіргі күнде 105 жеткіншек емделуде. Олардың 82-і ата-ана қамқорлығынан тыс қалған. Мәселенің анық-қанығы комиссия қорытындысы шыққаннан кейін белгілі болады. Даниал Ахметов жіберген комиссия құрамындағы ШҚО әкімі аппаратының жетекшісі Жасұлан Сәрсебаев осы Аякөз ауданының тумасы. Ал, облыс әкімінің орынбасары қызметіне сәуір айында ғана тағайындалған Бақытжан Байахметов те осы Аякөз ауданының тумасы және 2014 жылдың желтоқсан айынан 2019 жылдың сәуіріне дейін Аякөз ауданының әкімі болған. 
Бір қызығы осы жағдайға байланысты құрылған комиссия басшылығы облыс әкімі Д. Ахметовтің ішкі саясат, денсаулық сақтау, білім, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармаларының жұмысын қадағалауға жауапты орынбасары Әсем НҮСІПОВАҒА емес, ауылшаруашылығы, табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу, жер қатынастары, ветеринария сияқты салаларына жауапты орынбасары Шалқар БАЙБЕКОВКЕ жүктелген.  

Фото: sn.kz


Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 20.08.2020, 18:13
Су тазарту қондырғыларын жасап шығарады
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 19:15
"Доғарыңдар, ұрмаңдар!". Беларусьте сәрсенбі күні де наразылық акциялары жалғасты
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 16:40
Қазақстанда бір күнде 517 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 02:00
Қазақстан ресейлік коронавирус вакцинасын толық сынақтан өтпейінше сатып алмайды
12.08.2020, 17:29
Қазақстан Ресейдің вакцинасын әзірге алмайды – ҚР ДСМ
Сайт әкімшілігі 12.08.2020, 16:48
Орталық клиникалық госпиталь соңғы науқасты шығарып салды

Аңдатпа


  • Кәдеге аспаған диплом
    17.09.2020, 11:16
  • Бетпердені автобуста сатып алуға болады
    20.08.2020, 16:26
  • Өткен тәулікте коронавирус пен пневмониядан тағы 6 адам қайтыс болды
    16.09.2020, 09:45
  • Жәрмеңке қайта жалғасады
    11.09.2020, 21:58
  • Сылтауы бітпейтін әкім
    15.09.2020, 11:04